Аграрлық реформалар

4 Сәуір 2013, 05:59

Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен республикадағы негізгі өңірлердің бірі болып саналады.  Сол үшін жергілікті өндіріс есебінен өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге және ауылдың әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бере алатын қажетті барлық қорлар мен табиғи-климаттық жағдай баршылық. Аграрлық реформалар экономиканың осы секторының ұйымдық-құқықтық құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді. Меншіктің мемлекеттік түрінен мемлекеттік емес коперативтік, акционерлік жеке меншік және тағы басқа түрлеріне көшу жүзеге асырылды. Көп салалы аграрлық экономика негізгі үш бағытта қалыптасты: ұжымдық кәсіпорындарды және ұжымдық-үлестік меншік бірлестіктері мен ұйымдары негізінде ірі және орта өндіріс сақталды және одан әрі дамиды; ауыл шаруашылығы өнімдерін өз беттерімен өндіретін шаруа (фермерлік) шаруашылықтар құрылды; үй және қосалқы шаруашылык жүргізудің жеке түрлері нығая түсті. Осы заманғы аграрлык технологияны тиімді қолдана алмайтын, аграрлық өндірісті жаңартуға қауқары жетпейтін шағын шаруа қожалықтарын ірілендірудің тиімді шаралары қолданылды. Облыста оларды ірі агроқұрылымдар жанына топтастыру жұмысы жандана түсті. Егер 2005 жылдың басында шаруа қожалықтарында егістік жердің 40 пайызы болса, қазір ол 25 пайызға түсті. 2005-2006 жылдары 3365 шаруа қожалығы қайта құрылды. Ірі және экономикалық жағынан тұрақгы тауарлы өндіріс ұйымдастыру мақсатында агроқұрылымдар 1,3 миллион гектар алқапта дәнді дақылдар, бұл қолда бар егістік жердің 41 пайызы, 90 мың гектарға (28 пайыз) майлы дақылдар өсіру жөнінде 28 инвестор фирмамен бірлесе жұмыс жүргізуде. 2005 жылдан бастап жер телімдерін қосымша жалға беру, сондай-ақ ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жерлердегі жер үлесін жалға беру тоқтатылды. Бұл қадам, бәрінен де бұрын жалгерді жалға алған жерінде өздігінен жұмыс істеуге итермелеуте ықпал етті және жеке адамдардың жерден алынатын түсімді пайдаланып кетуін тоқтатты. Облыстық теледидар арқылы жерді пайдалану құқығы жөнінде орасан зор түсінік жұмыстары жүргізілді. Эфир арқылы хабарлар топтамасы беріліп, оған қатысушылар Жер кодексі туралы көрермендерге мысалдар келтіре отырып, түсіндірді. Облыс басшыларының аграрлық сала мамандарымен, шаруа қожалықтары мен басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен көптеген кездесулері қосымша жалға және шартты жер үлестерін жалға беру жөніндегі келісім-шарттарды бұзудың дұрыс та, дер кезінде жасалған шешім екендігін көрсетті. Мұнда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің делдалдарға емес, тек білгірлікпен және тиімді жұмыс істей алатындардың қолына тиюі жағы қарастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен республикадағы негізгі өңірлердің бірі болып саналады.  Сол үшін жергілікті өндіріс есебінен өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге және ауылдың әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бере алатын қажетті барлық қорлар мен табиғи-климаттық жағдай баршылық.

Аграрлық реформалар экономиканың осы секторының ұйымдық-құқықтық құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді. Меншіктің мемлекеттік түрінен мемлекеттік емес коперативтік, акционерлік жеке меншік және тағы басқа түрлеріне көшу жүзеге асырылды. Көп салалы аграрлық экономика негізгі үш бағытта қалыптасты: ұжымдық кәсіпорындарды және ұжымдық-үлестік меншік бірлестіктері мен ұйымдары негізінде ірі және орта өндіріс сақталды және одан әрі дамиды; ауыл шаруашылығы өнімдерін өз беттерімен өндіретін шаруа (фермерлік) шаруашылықтар құрылды; үй және қосалқы шаруашылык жүргізудің жеке түрлері нығая түсті.

Осы заманғы аграрлык технологияны тиімді қолдана алмайтын, аграрлық өндірісті жаңартуға қауқары жетпейтін шағын шаруа қожалықтарын ірілендірудің тиімді шаралары қолданылды. Облыста оларды ірі агроқұрылымдар жанына топтастыру жұмысы жандана түсті. Егер 2005 жылдың басында шаруа қожалықтарында егістік жердің 40 пайызы болса, қазір ол 25 пайызға түсті. 2005-2006 жылдары 3365 шаруа қожалығы қайта құрылды.

Ірі және экономикалық жағынан тұрақгы тауарлы өндіріс ұйымдастыру мақсатында агроқұрылымдар 1,3 миллион гектар алқапта дәнді дақылдар, бұл қолда бар егістік жердің 41 пайызы, 90 мың гектарға (28 пайыз) майлы дақылдар өсіру жөнінде 28 инвестор фирмамен бірлесе жұмыс жүргізуде.

2005 жылдан бастап жер телімдерін қосымша жалға беру, сондай-ақ ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жерлердегі жер үлесін жалға беру тоқтатылды. Бұл қадам, бәрінен де бұрын жалгерді жалға алған жерінде өздігінен жұмыс істеуге итермелеуте ықпал етті және жеке адамдардың жерден алынатын түсімді пайдаланып кетуін тоқтатты. Облыстық теледидар арқылы жерді пайдалану құқығы жөнінде орасан зор түсінік жұмыстары жүргізілді. Эфир арқылы хабарлар топтамасы беріліп, оған қатысушылар Жер кодексі туралы көрермендерге мысалдар келтіре отырып, түсіндірді. Облыс басшыларының аграрлық сала мамандарымен, шаруа қожалықтары мен басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен көптеген кездесулері қосымша жалға және шартты жер үлестерін жалға беру жөніндегі келісім-шарттарды бұзудың дұрыс та, дер кезінде жасалған шешім екендігін көрсетті. Мұнда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің делдалдарға емес, тек білгірлікпен және тиімді жұмыс істей алатындардың қолына тиюі жағы қарастырылды.

Бөлісу: