Облыстағы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру

4 Сәуір 2013, 05:53

Өндірістің өнеркәсіп секторындағы оң өзгерістерге облыстағы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру шешуші түрде ықпал жасауда. Өнеркәсіптің негізгі міндеті — экспортқа шығаруға бейімделген жаңа тауарлар шығаруды игеру, өндірісті техникалық қайта құру, халықаралық сапа стандартына көшу. Өнеркәсіп өнімдерін шығарумен облыста 971 кәсіпорын айналысады, олардың 273-інде бұл негізгі қызмет түрі. 2003 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында 27,7 миллиард, 2004 жылы — 34,2, 2005         жылы - 37,3, ал 2006 жылы — 42,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. 2006 жылға жасалған келісім-шарттар шеңберінде облыс кәсіпорындары ҚР өнеркәсіп кешендері мен шетелдік серіктестіктер үшін 8,5 миллиард теңгенің өнімдерін жасады және жеткізді, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 2,8 пайыз артық, оның ішінде ҚР жетекші өнеркәсіп кешендеріне 6,8 миллиард теңгенің өнімі берілді. Өңірде өнеркәсіп секторын одан әрі дамыту және шығарылатын өнім көлемін ұлғайту үшін шикізат қоры, өндірістік қуаттар мен еңбек ресурстары жеткілікті. Шаруашылық кешенінің өнеркәсіптік негізін көп жылдар бұрынғы қорғаныс саласының зауыттары құрап келді. Кезінде олардың өнімдерін Кеңестер Одағының барлық аумағында және одан да тыс жерлерден кездестіруге болатын еді. Конверсияның нәтижесінде машина жасау өндірісі құрылымдық өзгеріске ұшырады және шығаратын өнімдер түрлерін өзгертті. Бүгінде облыстың машина жасау кешенін "Петропавл ауыр машина жасау зауыты". "ЗИКСТО", "Мұнаймаш", "Киров атындағы зауыт", "Казнефтегазмаш" АҚ Петропавлдағы филиалы, "Ауыл шаруашылығы техникасы зауыты", "Солтүстік машзауыт", "ППЭИМ" сияқты зауыттар, сондай-ақ "Венчурная фирма "Поиск", "Прометей" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және бірқатар жөндеу кәсіпорындары құрайды. Облыс энергетикасымен электр және жылу қуатын өндіретін, тасымалдайтын және бөліп тарататын біртұ-тас жүйесі қалыптасқан "Ак-сесс-Энерго" компаниясы айналысады. Компанияның құрамына — Петропавлдың № 2 жылу-электр орталығы, Солтүстік Қазақстан ӨЭК, Жылу жүйелері және энергияны өткізу департаменті енеді. "Аксесс-Энергода" үш мың адам жұмыс істейді. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ мұнай-газ және мұнай өңдеу кешендеріне: ұңғымалар қазу үшін жүк көтергіштігі 125 тонналық — МБУ-125 қондырғыларын, сондай-ақ темір жол кешені үшін қосалқы бөлшектер мен қондырғылар — барлығы 70-тен астам түрлі өнім шығарады. Зауыттың ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуеті Қазақстан-Ресей "Бәйтерек" ғарыштық ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға жұмылдырылған.

Өндірістің өнеркәсіп секторындағы оң өзгерістерге облыстағы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру шешуші түрде ықпал жасауда. Өнеркәсіптің негізгі міндеті — экспортқа шығаруға бейімделген жаңа тауарлар шығаруды игеру, өндірісті техникалық қайта құру, халықаралық сапа стандартына көшу.

Өнеркәсіп өнімдерін шығарумен облыста 971 кәсіпорын айналысады, олардың 273-інде бұл негізгі қызмет түрі.

2003 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында 27,7 миллиард, 2004 жылы — 34,2, 2005         жылы - 37,3, ал 2006 жылы — 42,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

2006 жылға жасалған келісім-шарттар шеңберінде облыс кәсіпорындары ҚР өнеркәсіп кешендері мен шетелдік серіктестіктер үшін 8,5 миллиард теңгенің өнімдерін жасады және жеткізді, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 2,8 пайыз артық, оның ішінде ҚР жетекші өнеркәсіп кешендеріне 6,8 миллиард теңгенің өнімі берілді.

Өңірде өнеркәсіп секторын одан әрі дамыту және шығарылатын өнім көлемін ұлғайту үшін шикізат қоры, өндірістік қуаттар мен еңбек ресурстары жеткілікті.

Шаруашылық кешенінің өнеркәсіптік негізін көп жылдар бұрынғы қорғаныс саласының зауыттары құрап келді. Кезінде олардың өнімдерін Кеңестер Одағының барлық аумағында және одан да тыс жерлерден кездестіруге болатын еді. Конверсияның нәтижесінде машина жасау өндірісі құрылымдық өзгеріске ұшырады және шығаратын өнімдер түрлерін өзгертті. Бүгінде облыстың машина жасау кешенін "Петропавл ауыр машина жасау зауыты". "ЗИКСТО", "Мұнаймаш", "Киров атындағы зауыт", "Казнефтегазмаш" АҚ Петропавлдағы филиалы, "Ауыл шаруашылығы техникасы зауыты", "Солтүстік машзауыт", "ППЭИМ" сияқты зауыттар, сондай-ақ "Венчурная фирма "Поиск", "Прометей" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және бірқатар жөндеу кәсіпорындары құрайды.

Облыс энергетикасымен электр және жылу қуатын өндіретін, тасымалдайтын және бөліп тарататын біртұ-тас жүйесі қалыптасқан "Ак-сесс-Энерго" компаниясы айналысады. Компанияның құрамына — Петропавлдың № 2 жылу-электр орталығы, Солтүстік Қазақстан ӨЭК, Жылу жүйелері және энергияны өткізу департаменті енеді. "Аксесс-Энергода" үш мың адам жұмыс істейді.

"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ мұнай-газ және мұнай өңдеу кешендеріне: ұңғымалар қазу үшін жүк көтергіштігі 125 тонналық — МБУ-125 қондырғыларын, сондай-ақ темір жол кешені үшін қосалқы бөлшектер мен қондырғылар — барлығы 70-тен астам түрлі өнім шығарады. Зауыттың ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуеті Қазақстан-Ресей "Бәйтерек" ғарыштық ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға жұмылдырылған.

Бөлісу: