Қазақстан халқы кіші ассамблеясы ұлтаралық татулықтың әмбебап аспабы

4 Сәуір 2013, 04:22

Облыстағы Қазақстан халқы кіші ассамблеясы ұлтаралық татулықтың әмбебап аспабы болып табылады Мемлекеттің ұлттық саясатын жүргізуге белсене қатысу, халықтар достығын, бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, облыста тұратын халықтардың мәдениетін, тілін, ғұрыптары мен дәстүрлерін жаңғыртуды және сақтауды көздейтін ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін қолдау, ұлтаралық қатынастар саласында келеңсіз көріністердің алдын алу – оның негізгі міндеттері. Кіші ассамблеяның құрамында әртүрлі ұлттардың 72 өкілі бар. Облыс әкімі Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың осы қоғамдық ұйымның төрағасы болуы, әрине, барлық бастамалардың сәттілігін қамтамасыз етеді. Кіші ассамблеяның жоғары органы – жылына бір реттен жиі шақырылмайтын сессия. Сессиялар аралығында жұмысты жүргізу үшін облыс әкімінің шешімімен 17 адамнан тұратын кеңес құрылған. Кіші ассамблея мен кеңестің мәжілістерінде ұлтаралық келісімді нығайтуға, этникалық топтардың өз құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға арналған қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінің өзекті мәселелері талқыланады. 2006 жылғы 24 қазанда облыс делегациясы Астана қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясына қатысты. Онда облыстағы ұлттық-мәдени орталықтар атынан "Лад" славян мәдениеті қоғамының жетекшісі А.Курленя сөз сөйледі. Кіші ассамблея 16 облыстық ұлттық-мәдени орталық пен қоғамдарды тоғыстырады. Олардың қатарында "Қазақ тілі" халықаралық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің филиалы және "Лад" славян мәдениетінің қоғамы, "Кентрон" армян мәдениетінің орталығы мен "Вайнах" шешен-ингуш қауымы, "Дуслык" татар-башқұрт қоғамдық орталығы мен «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің филиалы, "Видергебурт" немістің коғамдық орталығы мен «Коперник» поляк мәдениеті орталығы, "Парвина" тәжік қауымы мен "Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы" республикалық коғамдық бірлестігінің фидиалы, еврей мәдени орталығы мен "Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы, белорусс мәдени орталығы мен "Ұрпақ" қазақ мәдени-ағарту орталығы" қоғамдық бірлестігі, әзербайжан мен украин мәдени орталықтары бар. Аудандарда 59 ұлттық мәдени бірлестік жұмыс істейді. Кіші ассамблея ұлттық-мәдени орталықтар Солтүстік Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күн өткізуге белсене қатысады.  Олар қолданбалы өнер көрмелерін безендіреді, облыс тұрғындарын ұлттық тағамдарымен таныстырады. Орталықтардың жанынан құрылған балалар мен ересектердің фольклорлық ұжымдары концерт бағдарламаларын ұсынады. Бірлестіктер мен қоғамдар ұлттық мерекелерін, этностар күнін, мәдениет фестивальдерін аса көрнекті, тарихи қайраткерлерге, ақындар мен жазушыларға арналған кештер өткізеді. 2005-2006 жылдары облыс әкімі бұл мақсатқа 6,5 миллион теңге бөлді.

Облыстағы Қазақстан халқы кіші ассамблеясы ұлтаралық татулықтың әмбебап аспабы болып табылады Мемлекеттің ұлттық саясатын жүргізуге белсене қатысу, халықтар достығын, бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, облыста тұратын халықтардың мәдениетін, тілін, ғұрыптары мен дәстүрлерін жаңғыртуды және сақтауды көздейтін ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін қолдау, ұлтаралық қатынастар саласында келеңсіз көріністердің алдын алу – оның негізгі міндеттері.

Кіші ассамблеяның құрамында әртүрлі ұлттардың 72 өкілі бар. Облыс әкімі Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың осы қоғамдық ұйымның төрағасы болуы, әрине, барлық бастамалардың сәттілігін қамтамасыз етеді.

Кіші ассамблеяның жоғары органы – жылына бір реттен жиі шақырылмайтын сессия. Сессиялар аралығында жұмысты жүргізу үшін облыс әкімінің шешімімен 17 адамнан тұратын кеңес құрылған. Кіші ассамблея мен кеңестің мәжілістерінде ұлтаралық келісімді нығайтуға, этникалық топтардың өз құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға арналған қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінің өзекті мәселелері талқыланады.

2006 жылғы 24 қазанда облыс делегациясы Астана қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясына қатысты. Онда облыстағы ұлттық-мәдени орталықтар атынан "Лад" славян мәдениеті қоғамының жетекшісі А.Курленя сөз сөйледі.

Кіші ассамблея 16 облыстық ұлттық-мәдени орталық пен қоғамдарды тоғыстырады. Олардың қатарында "Қазақ тілі" халықаралық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің филиалы және "Лад" славян мәдениетінің қоғамы, "Кентрон" армян мәдениетінің орталығы мен "Вайнах" шешен-ингуш қауымы, "Дуслык" татар-башқұрт қоғамдық орталығы мен «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің филиалы, "Видергебурт" немістің коғамдық орталығы мен «Коперник» поляк мәдениеті орталығы, "Парвина" тәжік қауымы мен "Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы" республикалық коғамдық бірлестігінің фидиалы, еврей мәдени орталығы мен "Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы, белорусс мәдени орталығы мен "Ұрпақ" қазақ мәдени-ағарту орталығы" қоғамдық бірлестігі, әзербайжан мен украин мәдени орталықтары бар.

Аудандарда 59 ұлттық мәдени бірлестік жұмыс істейді.

Кіші ассамблея ұлттық-мәдени орталықтар Солтүстік Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күн өткізуге белсене қатысады.  Олар қолданбалы өнер көрмелерін безендіреді, облыс тұрғындарын ұлттық тағамдарымен таныстырады. Орталықтардың жанынан құрылған балалар мен ересектердің фольклорлық ұжымдары концерт бағдарламаларын ұсынады. Бірлестіктер мен қоғамдар ұлттық мерекелерін, этностар күнін, мәдениет фестивальдерін аса көрнекті, тарихи қайраткерлерге, ақындар мен жазушыларға арналған кештер өткізеді. 2005-2006 жылдары облыс әкімі бұл мақсатқа 6,5 миллион теңге бөлді.

Бөлісу: