Балабақшадағы қазақ тіліндегі тәрбие

4 Сәуір 2013, 04:11

Басқа бағыттар бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, 2005 жылғы 25 ақпанда облысқа жұмыс бабындағы сапармен келген Мемлекет басшысы Петропавлда ашылған "Айгөлек" балабақшасында болды. Бұл балабақшада тәлім-тәрбие қазақ тілінде жүргізіледі, алайда онда тәрбиеленушілердің жартысына жуығы өзге ұлттардың өкілдері. Осыны байқап қалған Нұрсұлтан Әбішұлы қанағаттанған сезімін жасырмады: «Бұл қазақ тілінде тәрбие беретін мектеп жасына дейінгі мекеме. Алайда ұлттары өзге 120 баланың ата-аналары өз бөбектерін осында әкелді. Мемлекеттік тіл – мұнда бастысы, одан кейін басқа да тілдер оқытылады. Сондықтан балалары қазақ тілін үйренуі үшін ата-аналардың өздері тілек білдіріп отыр. Мемлекеттік тілге жасалған шынайы қамқорлық, міне, осындай болады. Тіл үйреткіміз келсе, осы жолмен жүру керек». Араға жыл салып, Петропавлда "Росинка" балабақшасы ашылды. Оны жөндеуге, жиһазбен, жабдықтармен және оқу құралдарымен жарақтандыруға жүз миллион теңге бөлінді. "Росинка" – оқытудың жаңа жүйесін колданатын инновациялық үлгідегі балабақша. Бұл – алуан ұлттың балалары екі жастан бастап қазақ және орыс тілдерінде оқытылады деген сөз. Балаларға жоғары педагогикалық білімді тәрбиешілер тәрбие береді. Оқу сыныптары осы саладағы стандартқа сай. Ойындарды дамытатын тамаша видеотека, әдістемелік құралдар жиынтығы, қазақ және орыс халықтарының ертегілері, балалар жазушыларының туындылары бар кітапхана да осында Бүгінгі таңда барлық мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері қостілділік тәртібімен жұмыс істейді. 2005 жылғы 1 қыркүйекте Қызылжар ауданының орталығы Бескөл селосында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Мәртебесі жөнінен қазақ тіліндегі мектеп бұл, алайда онда 35 баласын бірінші сыныпқа әкелген ата-аналар – өзге ұлттың өкілдері. Бір сөзбен айтқанда, Солтүстік Қазақстанның сан алуан ұлттарының өкілдері мемлекеттік тілді үйренуге құлықты. Сөйтіп, облыста ана тіліне сүйіспеншілік туралы босқа даурығу жоқ, қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейтілуде. Сонымен бірге Солтүстік Қазақстанда балалардың орыс тілін толыққанды білуіне ұдайы қамқорлық жасалып отыр. Кеңестік кезеңнен кейінгі елдерде интеграциялық байланыс үдей түскен жағдайда Пушкин мен Толстойдың тілі мемлекетаралық астардың әмбебап құралы мәртебесіне ие бола бастады. Сондықтан орыс тілі мен әдебиетінің 40 мұғалімі әрқайсысы 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды. Тілдерді дамытуды қолдау мақсатында 2004 жыддан бері мектеп кітапханаларының көркем әдебиет қоры қазақ және орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен 35 пайызға жаңартылды. Классиктердің барлық жаңа туындыларын алдымен Солтүстік Қазақстан облысына жіберу туралы Қазақстан баспаларымен келісім жасалды. Озық ақпараттық технология серпінді дамыған қазірдің өзінде жақсы дос әрі ақылшы – кітапсыз адамның рухани дамуы мүмкін емес.

Басқа бағыттар бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, 2005 жылғы 25 ақпанда облысқа жұмыс бабындағы сапармен келген Мемлекет басшысы Петропавлда ашылған "Айгөлек" балабақшасында болды. Бұл балабақшада тәлім-тәрбие қазақ тілінде жүргізіледі, алайда онда тәрбиеленушілердің жартысына жуығы өзге ұлттардың өкілдері. Осыны байқап қалған Нұрсұлтан Әбішұлы қанағаттанған сезімін жасырмады: «Бұл қазақ тілінде тәрбие беретін мектеп жасына дейінгі мекеме. Алайда ұлттары өзге 120 баланың ата-аналары өз бөбектерін осында әкелді. Мемлекеттік тіл – мұнда бастысы, одан кейін басқа да тілдер оқытылады. Сондықтан балалары қазақ тілін үйренуі үшін ата-аналардың өздері тілек білдіріп отыр. Мемлекеттік тілге жасалған шынайы қамқорлық, міне, осындай болады. Тіл үйреткіміз келсе, осы жолмен жүру керек».

Араға жыл салып, Петропавлда "Росинка" балабақшасы ашылды. Оны жөндеуге, жиһазбен, жабдықтармен және оқу құралдарымен жарақтандыруға жүз миллион теңге бөлінді. "Росинка" – оқытудың жаңа жүйесін колданатын инновациялық үлгідегі балабақша. Бұл – алуан ұлттың балалары екі жастан бастап қазақ және орыс тілдерінде оқытылады деген сөз. Балаларға жоғары педагогикалық білімді тәрбиешілер тәрбие береді. Оқу сыныптары осы саладағы стандартқа сай. Ойындарды дамытатын тамаша видеотека, әдістемелік құралдар жиынтығы, қазақ және орыс халықтарының ертегілері, балалар жазушыларының туындылары бар кітапхана да осында

Бүгінгі таңда барлық мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері қостілділік тәртібімен жұмыс істейді. 2005 жылғы 1 қыркүйекте Қызылжар ауданының орталығы Бескөл селосында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Мәртебесі жөнінен қазақ тіліндегі мектеп бұл, алайда онда 35 баласын бірінші сыныпқа әкелген ата-аналар – өзге ұлттың өкілдері. Бір сөзбен айтқанда, Солтүстік Қазақстанның сан алуан ұлттарының өкілдері мемлекеттік тілді үйренуге құлықты.

Сөйтіп, облыста ана тіліне сүйіспеншілік туралы босқа даурығу жоқ, қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейтілуде.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстанда балалардың орыс тілін толыққанды білуіне ұдайы қамқорлық жасалып отыр. Кеңестік кезеңнен кейінгі елдерде интеграциялық байланыс үдей түскен жағдайда Пушкин мен Толстойдың тілі мемлекетаралық астардың әмбебап құралы мәртебесіне ие бола бастады. Сондықтан орыс тілі мен әдебиетінің 40 мұғалімі әрқайсысы 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Тілдерді дамытуды қолдау мақсатында 2004 жыддан бері мектеп кітапханаларының көркем әдебиет қоры қазақ және орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен 35 пайызға жаңартылды. Классиктердің барлық жаңа туындыларын алдымен Солтүстік Қазақстан облысына жіберу туралы Қазақстан баспаларымен келісім жасалды. Озық ақпараттық технология серпінді дамыған қазірдің өзінде жақсы дос әрі ақылшы – кітапсыз адамның рухани дамуы мүмкін емес.

Бөлісу: