Ұлтаралық танулық пен келісім ахуалы

4 Сәуір 2013, 04:06

Елдегі ұлтаралық танулық пен келісім ахуалын сақтаудың аса маңызды шарттарының бірі оны мекендеген халықтардың тілдерін дамыту, төзімділікті қамтамасыз ету және мәдени мұраны сақтау болып табылады. Жүзден астам ұлттың өкілдері тұратын Солтүстік Қазақстан облысына да мұның тікелей қатысы бар. Облыс басшылығы 2004 жылдан бері бұл жұмысты белсенді жүргізіп келеді. Мұны оғаштық демейік: алдымен қазақ тілі мен қазақ мәдениетін сақтауға қамқорлық жасауға тура келіп тұр, өйткені кеңестік кезеңде тоталитарлың тәртіп тарапынан нақ соларға қысым жасалды ғой. Қателікті түзейтін мезгіл туып отыр. Мұның басқаларға ешқандай зияны жоқ – керісінше олар өздерін қабылдаған халықтың тілін үйрене отырып, атаба-баларының тіліне, діні мен мәдениетіне ден қойған сәтте. Елде мемлекеттік тілді дамыту мәселесін шешуде атқарылған істер көп-ақ. 1997 жылы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң, 2001 жылы "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" қабылданды. Мемлекеттік басқару органдарында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және білім беру жүйесінде оны оқыту, сапасын арттыру талап етілді. Бір қарағанда нормативтік база жасалған соң оның пісетін жемісін жеу ғана қалғандай болып көрінді. Алайда уақыт өте келе бұл құжаттардағы талаптарды мүлткісіз орындау үшін облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде қажымай-талмай және қажырлылықпен еңбек ету керек болып шықты. Амал нешік, жұмыс нақ соларда сылбыр жүргізілді. Жуырда берген бір сұхбатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров: "Облыста қазақ тілінің жай күйін зерттеу бұл мәселеге тиісінше мән берілмегенін көрсетті", - деп атап айтты. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің сапалық құрамын мұқият талдау бұл мәселені шешудегі алғашқы қадам болды. Ол облыс мектептерінде білікті мамандардың тым тапшылығын көрсетті. Өздеріңіз ойлаңыздаршы: 1397 ұстаздың 891-інің ғана жоғары арнаулы білімі бар, ал 506 мұғалімде жоғары оқу орындарының дипломдары болмай шықты немесе тілден сабақ беруді қосымша жұмыс ретінде атқарған. Облыс әкімінің шешімімен қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне олардың лауазымдық жалақыларының 50 пайызы мөлшерінде гранттар тағайындалғаны да сондықтан. Мұндай құрмет барлық ұстаздарға ғана емес, барынша жақсы жетістіктерге қол жеткізген, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттырғандарға ғана көрсететілетіні түсінікті. Бұл гранттар мұғалімдердің беделі мен әлеуметтік мәртебесін айтарлықтай көтерді, яғни қазақ тілі мен әдебиетін оқыту деңгейіне оң ықпал жасады. Қуаныштысы сол – гранттар тапсыру төрешілдіктен алда.

Елдегі ұлтаралық танулық пен келісім ахуалын сақтаудың аса маңызды шарттарының бірі оны мекендеген халықтардың тілдерін дамыту, төзімділікті қамтамасыз ету және мәдени мұраны сақтау болып табылады. Жүзден астам ұлттың өкілдері тұратын Солтүстік Қазақстан облысына да мұның тікелей қатысы бар. Облыс басшылығы 2004 жылдан бері бұл жұмысты белсенді жүргізіп келеді. Мұны оғаштық демейік: алдымен қазақ тілі мен қазақ мәдениетін сақтауға қамқорлық жасауға тура келіп тұр, өйткені кеңестік кезеңде тоталитарлың тәртіп тарапынан нақ соларға қысым жасалды ғой. Қателікті түзейтін мезгіл туып отыр. Мұның басқаларға ешқандай зияны жоқ – керісінше олар өздерін қабылдаған халықтың тілін үйрене отырып, атаба-баларының тіліне, діні мен мәдениетіне ден қойған сәтте.

Елде мемлекеттік тілді дамыту мәселесін шешуде атқарылған істер көп-ақ. 1997 жылы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң, 2001 жылы "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" қабылданды. Мемлекеттік басқару органдарында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және білім беру жүйесінде оны оқыту, сапасын арттыру талап етілді. Бір қарағанда нормативтік база жасалған соң оның пісетін жемісін жеу ғана қалғандай болып көрінді. Алайда уақыт өте келе бұл құжаттардағы талаптарды мүлткісіз орындау үшін облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде қажымай-талмай және қажырлылықпен еңбек ету керек болып шықты. Амал нешік, жұмыс нақ соларда сылбыр жүргізілді. Жуырда берген бір сұхбатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров: "Облыста қазақ тілінің жай күйін зерттеу бұл мәселеге тиісінше мән берілмегенін көрсетті", - деп атап айтты.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің сапалық құрамын мұқият талдау бұл мәселені шешудегі алғашқы қадам болды. Ол облыс мектептерінде білікті мамандардың тым тапшылығын көрсетті. Өздеріңіз ойлаңыздаршы: 1397 ұстаздың 891-інің ғана жоғары арнаулы білімі бар, ал 506 мұғалімде жоғары оқу орындарының дипломдары болмай шықты немесе тілден сабақ беруді қосымша жұмыс ретінде атқарған. Облыс әкімінің шешімімен қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне олардың лауазымдық жалақыларының 50 пайызы мөлшерінде гранттар тағайындалғаны да сондықтан. Мұндай құрмет барлық ұстаздарға ғана емес, барынша жақсы жетістіктерге қол жеткізген, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттырғандарға ғана көрсететілетіні түсінікті. Бұл гранттар мұғалімдердің беделі мен әлеуметтік мәртебесін айтарлықтай көтерді, яғни қазақ тілі мен әдебиетін оқыту деңгейіне оң ықпал жасады. Қуаныштысы сол – гранттар тапсыру төрешілдіктен алда.

Бөлісу: