4 Сәуір 2013, 03:47
Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған), ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Казақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. 1955 жылы Мәскеу түрлі-түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1955-1965 жылдары Жезқазғандағы ең ірі "Покро-15" шахтасында учаске бастығы, бас инженер, бастық болды. 1965-1975 жылдары Қ.Сәтпаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатының партком хатшысы, Жезқазған калалық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1975-1982 жылдары СОКП ОК-нің инспекторы, 1982-1989 жылдары Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1989 жылдан КСРО Жоғарғы Кенесі экология жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 1992 жылы ҚР Мемкомсуресурстарының Арал проблемасы жөніндегі бөлімді басқарды. 1970 жылы "Сыр" атты алғашқы өлеңдер жинағы шықты. Содан кейін "Жезкиік", "Нұрлыкүндер", "Жұлдызды жылдар тынысы", "Парасат тынысы", "Мәңгі шырақ" және "Аққу жеткен" жыр жинақтары жарық көрді. Кітаптары орыс, өзбек, қырғыз тілдерінде жарияланды. Ол А.Пушкиннің В.Маяковскийдің, А.Семеновтің, Т.Кузовлеваның және басқа да авторлардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Шығармалары қазақ поэмасының антологиясына енді, оның 20-дан астам өлеңдеріне музыка жазылған. Ленин, екі Еңбек Қызыл, 7 Халықтар достығы, "Парасат" ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Мұрат Әбенұлы Айтхожин (1939-1987), белгілі ғалым, молекуларлық биология, биохимия және биотехнология салаларының маманы. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті аспирантурасының түлегі. Қазақстандағы молекуларлық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы. Биология ғылымдарының докторы (1977), профессор (1980), академик (1983). 1978-1983 жылдары ботаника институтының директоры. 1983-1987 жылдары өзі ашқан молекуларлық биология мен биохимия институтының директоры болды. 1986-1987 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті қызметін атқарды. Әлемдік ғылымда тұңғыш рет жоғары организмдерде ақуыз синтездеу аппаратының салыстырмалы зерттеуін, өсімдік жасушаларында информосомдардың физикалық-химиялық қасиеттерін тексеруді жүргізді. Университег студенттері үшін молекуларлық биология курсын жасаған және жүргізген. Ғалымның жетекшілігімен кейіннен 16 халықаралық патенттермен бекітілген молекуларлық-биологиялық тәжірибелерді автоматтандыруға арналған аспаптар кешені жасалды. Ол Лениндік сыйлықтың (1976 жыл) иегері. ҚазКСР-інің Алтын кітабына (1974) есімі жазылған, Халықтар достығы орденімен (1987), кеңестік бейбітшілік қорының алтын медалімен (1987) және басқа да наградалармен марапатталған. Оның есімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы молекуларлық биология және биохимия институтына берілген. Оқыған Петропавл қаласындағы №1 орта мектептің ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.