Евней Арыстанұлы Бөкетов. Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев

4 Сәуір 2013, 03:44

Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925-1983), белгілі ғалым химия мен халькогендер және халькогенидтер технологиясы жаңа бағыттарының негізін қалаушы. Техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1967) ҚазКСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1970), академигі (1975). 1960-1972 жылдары ҚазКСР ҒА химия-металлургия институтының директоры, 1972-1980 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды. Ғылым мен техника салаларындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1969) иегері. Мысты-электролитті ұсақ тау жынысынан селен мен теллурды алудың жаңа әдісін жасады, Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесінің химиялық үйлесімін біліктілеуді нақтылады. Көсемсөзші, Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов туралы эсселердің, бірқатар повестердің авторы. В.Шекспирдің, В.Маяковскийдің пьесаларын, С.Есениннің өлеңдерін, Э.Золяның әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Оның есімі өзі негізін қалаған Қарағанды мемлекеттік университетіне берілген, онда 2006 жылы ғылым ұйымдастырушысына ескерткіш ашылды. Оның есімімен Петропавл қаласының бір көшесі аталады. Облыс орталығында ғылыми-техникалық кітапхана негізінде академик Е.Бөкетовтің мұражайы жұмыс істейді. Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (1926 жылы туған), әнші, КСРО халық артисі, Қазақ КСР халық артисі, профессор, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері. 1941-1943 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінде оқыған. 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірді. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қабылданды. "Абай" операсында басты рөлде ойнады. 1973 жылдан консерваторияның жеке ән салу кафедрасының педагогы. Е.Серкебаев М.Төлебаевтың "Біржан мен Сара", М.Төлебаев пен Е.Брусиловскийдің "Амангелді" операларында Қожағұл мен Амангелдінің, С.Мұхамеджановтың "Айсұлу" операсындағы Серкенің, Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын" және "Дударай" операларындағы Тарғын мен Артемнің, П.Чайковскийдің "Евгений Онегин" және "Қарғаның мәткесі" операларындағы Онегин мен Елецкийдің, В.Шебалиннің "Асауға тұсауындағы" Петруччионың, Дж. Россинидің "Севиль шаштаразындағы" Фигароның, Ш.Гуноның "Фаустында" Валентинаның партияларын орындады. Әншінің репертуарында қазақ халық әндері, орыс және шет ел сазгерлерінің шығармалары бар. Е.Серкебаев Румынияда, Пәкістаңда, Францияда, Үндістанда, Қытайда, Бельгияда, Швейцарияда, Швецияда, Финляндияда және басқа да шет елдерде өнер көрсеткен. "Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште" және басқа да фильмдерге түскен. Бухарестегі халықаралық әншілер конкурсының, КСРО мен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының, 2000 жылғы "Музыка" номинациясында "Тарлан" сыйлығының иегері. Петропавл қаласының құрметті азаматы, екі Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту және "Отан" ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925-1983), белгілі ғалым химия мен халькогендер және халькогенидтер технологиясы жаңа бағыттарының негізін қалаушы. Техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1967) ҚазКСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1970), академигі (1975). 1960-1972 жылдары ҚазКСР ҒА химия-металлургия институтының директоры, 1972-1980 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды. Ғылым мен техника салаларындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1969) иегері. Мысты-электролитті ұсақ тау жынысынан селен мен теллурды алудың жаңа әдісін жасады, Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесінің химиялық үйлесімін біліктілеуді нақтылады. Көсемсөзші, Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов туралы эсселердің, бірқатар повестердің авторы. В.Шекспирдің, В.Маяковскийдің пьесаларын, С.Есениннің өлеңдерін, Э.Золяның әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Оның есімі өзі негізін қалаған Қарағанды мемлекеттік университетіне берілген, онда 2006 жылы ғылым ұйымдастырушысына ескерткіш ашылды. Оның есімімен Петропавл қаласының бір көшесі аталады. Облыс орталығында ғылыми-техникалық кітапхана негізінде академик Е.Бөкетовтің мұражайы жұмыс істейді.

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (1926 жылы туған), әнші, КСРО халық артисі, Қазақ КСР халық артисі, профессор, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері. 1941-1943 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінде оқыған. 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірді. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қабылданды. "Абай" операсында басты рөлде ойнады. 1973 жылдан консерваторияның жеке ән салу кафедрасының педагогы. Е.Серкебаев М.Төлебаевтың "Біржан мен Сара", М.Төлебаев пен Е.Брусиловскийдің "Амангелді" операларында Қожағұл мен Амангелдінің, С.Мұхамеджановтың "Айсұлу" операсындағы Серкенің, Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын" және "Дударай" операларындағы Тарғын мен Артемнің, П.Чайковскийдің "Евгений Онегин" және "Қарғаның мәткесі" операларындағы Онегин мен Елецкийдің, В.Шебалиннің "Асауға тұсауындағы" Петруччионың, Дж. Россинидің "Севиль шаштаразындағы" Фигароның, Ш.Гуноның "Фаустында" Валентинаның партияларын орындады. Әншінің репертуарында қазақ халық әндері, орыс және шет ел сазгерлерінің шығармалары бар. Е.Серкебаев Румынияда, Пәкістаңда, Францияда, Үндістанда, Қытайда, Бельгияда, Швейцарияда, Швецияда, Финляндияда және басқа да шет елдерде өнер көрсеткен. "Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште" және басқа да фильмдерге түскен. Бухарестегі халықаралық әншілер конкурсының, КСРО мен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының, 2000 жылғы "Музыка" номинациясында "Тарлан" сыйлығының иегері. Петропавл қаласының құрметті азаматы, екі Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту және "Отан" ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Бөлісу: