Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов

4 Сәуір 2013, 03:36

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (1902-1985) жазушы, осы заманғы қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР ҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, белгілі мемлекет және кағам кайраткері. 1921-1927 жылдары болыстың әскери комиссары және аудандық милиция бастығының орынбасары, Бурабай (Щушинск) орман шаруашылығы техикумының оқытушысы, баспаның бас редакторы. Білім халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, "Қазақстан әдебиеті", кейіннен "Еңбекші қазақ" газетінің бас редакторы. Қазөлкеком баспасөз меңгерушісінің орынбасары. Қазақстан Компартиясы ОК саяси, ағарту бөлімінің меңгерушісі болып істеген. Мыңдаған ауыл тұрғындарының ашаршылығына және ажалына әкеліп соқтырған зорлап ұжымдастыру әдістері туралы әйгілі Бесеудің хаты" және партия жиналысында қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы Б.Майлинді қорғап сөз дегені үшін 1938 жылы партия қатарынан шығарылды. Сөйтіп оның еңбек өмірбаянында "таза шығармашылық жұмыс" деп аталатын 18 жылдық кезең туды. 1956 жылы Ғ.Мүсіреповке партия билеті қайтарылып берілді. Ол "Ара" – "Шмель" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының мүшесі және басқарма хатшыларының бірі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ол әдебиет, өнер және сәулеткерлік салаларындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі одақтық комитеттің мүшесі, "Еуропа мәдениеті" қоғамы аткару комитетінің мүшесі Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі кеңестік комитет төрағасының орынбасары болды. Ірі прозашы, әйгілі драматург, көсемсөзші, әдебиеттанушы және сыншы Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиетін айтарлықтай түрлендірді және жанр жағынан байытты. Оның шығармашылығымен "тұңғыш" ұғымы тығыз байланысты. Ол – тұңғыш қазақ операсы "Қыз Жібек либреттосының авторы, алғашқы қазақстандық көркем фильм "Амангелдінің" сценарийі авторларының бірі, алғашқы әдеби газет "Қазақ әдебиетінің" бірінші бас редакторы, республикадағы Ұлы Отан соғысы туралы "Қазақ солдаты" романының және "Кездеспей кеткен бір бейне" прозадағы тұңғыш поэманың авторы, ал оның "Шұғыла" повесі Қазақстан жазушыларының конкурсында бірінші орынды жеңіп алды. Ғ.Мүсірепов төрт роман, 20-ға жуық пьеса, либретто мен сценарийлер, соншама повестер, 350 көсемсөздік еңбектер, очерктер, бұрынғы әйгілі адамдар мен өзінің замандастары туралы әңгімелер жазды, орыс және әлем әдебиеті классиктерінің 50-ге жуық шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ғ.Мүсірепов сондай-ақ отызыншы жылдары сауатсыздар үшін әліппе, қырқыншы жылдары орта мектептер үшін оқулықтар мен оку құралдарын жазумен айналысты, бірқатар ғылыми басылымдарды редакциялауға қатысты. Оның "Кісен", "Алғашқы қадамдар", "Тұтқын қыз" және басқа да көптеген бұрын жазған әңгімелері мен повестері Солтүстік Қазақстанның өмірі туралы сыр шертеді. Ол кейіндері жазған "Жылдар және дала", "Оянған өлке", "Ойтолғаулар", "Қымбатты менің жерлесім және досым", "Үлкен өзгерістер уақыты" сияқты очерктерінде облыстың өзекті мәселеріне бірнеше рет қайта оралған. Ғ.Мүсірепов Петропавл қаласының құрметті азаматы, облыс орталығында оның мүсіні орнатылды. №43 орта мектеп пен Петропавл қаласындағы көшелердің бірі, сондай-ақ ірі аудан мен жазушының туған ауылы Жаңажолдағы орта мектеп оның есімімен аталады. Ғ.Мүсірепов Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының және Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Ғылыми академиясы сыйлығының иегері. Ол үш мәрте Ленин және Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, Халықтар достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Бөлісу: