Сәбит Мұқанұлы Мұқанов

4 Сәуір 2013, 03:33

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900-1973), жазушы, осы заманғы қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР ҒА-ның академигі. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. 1919 жылы Омбыда курсты аяқтаған соң ауылда мұғалім болған. 1925-1928 жылдары республикалық баспасөз органдарында жұмыс істеп, ҚазАПП-тың жауапты хатшысы болған. 1935 жылы Мәскеу қызыл профессура институтының әдебиет бөлімін тәмамдаған. 1935-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы. 1937-1941 жылдары ҚазПИ профессоры, 1941-1945 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы. Қаламгер шығармашылығы өлең жазудан басталған. "Ойлар", "Кедейдің зары" және "Бостандық" өлеңдерінде қарапайым адамдардың өмірін, бостандық пен теңдікті жырлаған. "Жұмаштың өлімі", "Альбом", "Ленин", "Балбөпе", "Октябрь өткелдері", "Сұлушаш", "Ақ аю", "Жұпархан" және т.б. поэмаларын қазақ халқының жолы, оны тарихи тағдыры, жаңа заманның белгілері ой-толғауға негіз болған. С.Мұқанов қазақ прозасының дамуына елеулі үлес қосты. Ол 21 жыл әңгіме жанрында белсене еңбек етті. Оның "Ақбөпенің құпиясы", "Достар". "Балуан Шолақ", "Шопанның ұлы" сияқты повестерінің тақырыптары әрқилы. Қазақ әдебиетіндегі роман жанрына да С.Мұқанов сүбелі үлес қоса білді. Оның жарқын үлгісі "Адасқандар" романы болып табылады, ол автор қайта өңдеген соң "Мөлдір махаббат" деп аталды. Бұл таптық күреске арналған қазақ прозасындағы тұңғыш ірі көлемдегі әлеуметтік-психологиялық шығарма. "Жұмбақ жалау" (екінші рет "Ботагөз" деп аталған) және "Сырдария" романдары да қазақ әдебиетінің алтын қорына енді. М.Горькийдің кеңесі бойынша жазылған "Өмір мектебі" трилогиясы С.Мұқановтың бағдарламалық кітабы, онда қазақ халқы тарихының шиеленісті кезеңіндегі тағдыры бейнеленген. Ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әйгілі ағартушы-демократтың өмірі туралы "Шоқан Уәлиханов" драмалық шығармасы мен "Қашқария қызы" драмасы туды. Шоқан Уәлихановқа сондай-ақ "Аққан жұлдыз" дилогиясы арналған. Драматург С.Мұқанов "Ақан мен Зайра" (М.Әуезовпен бірлесіп), "Партбилет", "Алтын астық", "Сәкен Сейфуллин" және басқа да пьесалар жазды.  Әдеби  сыншы және ғалым ретінде оның қаламынан көптеген сын мақалалар, әдеби және тарихи-этнографиялық зерттеулер шыққан. "Өмір мектебі" трилогиясының, сондай-ақ тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты повестері мен очерктерінің барлық дерлік кейіпкерлері Солтүстік Қазақстанның адамдары. Сәбең облыстық "Ленин туы" және "Ленинское знамя" газеттерінде жиі жарияланды, жергілікті радио мен телевидениеде сөз сөйледі. Оның пьесалары облыстық Н.Погодин атындағы драма театрында сахналанды. С.Мұқанов жергілікті зиялы қауымның көптеген өкілдерімен, қала және ауыл еңбеккерлерімен достық қарым-қатынас орнатты, Петропавл қаласының құрметті азаматы болды. Оның есімімен Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, облыстық қазақ сазды-драма театры, облыс орталығындағы көшелердің бірі аталады. Сәбит ауылында жазушының мемориалдық мұражайы мен мүсіні, ал облыстық кітапханада мұражай бөлмесі ашылған. Сәбит Мұқанов Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ленин, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Бөлісу: