Кәрім Мұхаммед-Рақымұлы Сүгішев. Жұмағали Тілеулин. Беймағамбет Ізтөлин

4 Сәуір 2013, 03:31

Кәрім Мұхаммед-Рақымұлы Сүгішев (1885-1918), 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы, 1917 жылғы ақпан және қазан революциялары кезінде өлкеде – әлеуметтік өзгерістердің белсенді қатысушысы. 1917 жылдың сәуірінен Петропавл жұмысшылар мен солдаттар депутаттары кеңесінің, ал карашадан Петропавл ревкомының мүшесі. Өлкеде кеңес өкіметі орнағаннан кейін (1917 жылғы қараша) қазақ және татар еңбекшілері арасында жұмыс жөніндегі секцияны басқарады. Жерді мемлекет меншігіне алу жұмысына қатысты, Совдеп сауда-өнеркәсіп бөлімінің комиссары, банктер комиссарының көмекшісі болды. Былғары зауыты жұмысшыларынан қызыл гвардияшылардың әскери дружинасын құруға қатысты. К.Сүтішев 1918 жылғы мамырда ақ чехтардың Петропавлдағы көтерілісі кезінде айуандықпен өлтірілді. Оның есімі облыс орталығының көшесіне берілген, онда К.Сүтішевтің қола мүсіні орнатылған. Жұмағали Тілеулин (1890-1938), әскери дәрігер, ағартушы. Омбы әскери-медициналық училищесін 1913 жылы бітірген. Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін көп күш-жігер жұмсаған, жергілікті баспасөз арқылы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізген. "Алаш" қозғалысының белгілі қайраткерлерінің бірі, Петропавл қаласына құрылтай жиналысының (1917) делегаты. Петропавл қаласындағы педагогикалық техникумның (1923-1926) директоры. Петропавл қаласындағы білім және ағарту мекемелерінде, облыстың денсаулық сақтау бөлімінде істеген. 1913 жылдан қазақстандық алғашқы басылымдар — "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінде мақалалары жарық көре бастады. Мағжан Жұмабаевтың қоғамдық және саяси көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті. "Алаш" автономиялық үкіметінің мүшесі, Бүкілресейлік мұғалімдер кұрылтайының делегаты. 1930 жылы "Алаш" қозғалысы басшылығының бұрынғы мүшесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды. 1932 жылы Ж.Тілеулин Воронеж облысына жер аударылды. 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қайтыс болғаннан кейін ақталды. Қазмембаспаның бас редакторы А.Байтұрсыновтың тапсырмасы бойынша ол қазақ тілінде (1924) гигиена жөніндегі алғашқы оқулықты жазды. Ол жұқпалы аурулар туралы кітаптар мен мақалалардың авторы. Баймағамбет Ізтөлин (1899-1921), ақын, 1918 жылы Уәзипа медресесін бітірген. 1919 жылы мектептерді және мұғалімдерді даярлайтын қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырумен айналысып, қалалық уездік ревкомда жұмыс істеді. 1916 жылдан бастап өлең жазған. Оның "Ала бұзау", "Менің өмірім", "Жәке мен ала ат", "Ай мен Күнге", "Түннің бастауы", "От арба", "Туғандарға", "Менің сүйіктіме" және басқа өлеңдері поэзия сүйер қауымға өте ұнаған. 1917 жылдан кейін Петропавл қаласындағы мұсылман бюросында және қазақ-татар клубында жұмыс істеген. Ол қазақ поэзиясындағы азаматтық бағыттың негізін қалаушылардың бірі. Б.Ізтөлиннің шығармалары бірнеше рет жарық көрді, оның бейнесі С.Мұқановтың "Өмір мектебі" романында айқын көрініс тапты. Өлкедегі азаматтық шиеленіс жылдары қаза тапты.

Кәрім Мұхаммед-Рақымұлы Сүгішев (1885-1918), 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы, 1917 жылғы ақпан және қазан революциялары кезінде өлкеде – әлеуметтік өзгерістердің белсенді қатысушысы. 1917 жылдың сәуірінен Петропавл жұмысшылар мен солдаттар депутаттары кеңесінің, ал карашадан Петропавл ревкомының мүшесі. Өлкеде кеңес өкіметі орнағаннан кейін (1917 жылғы қараша) қазақ және татар еңбекшілері арасында жұмыс жөніндегі секцияны басқарады. Жерді мемлекет меншігіне алу жұмысына қатысты, Совдеп сауда-өнеркәсіп бөлімінің комиссары, банктер комиссарының көмекшісі болды. Былғары зауыты жұмысшыларынан қызыл гвардияшылардың әскери дружинасын құруға қатысты. К.Сүтішев 1918 жылғы мамырда ақ чехтардың Петропавлдағы көтерілісі кезінде айуандықпен өлтірілді. Оның есімі облыс орталығының көшесіне берілген, онда К.Сүтішевтің қола мүсіні орнатылған.

Жұмағали Тілеулин (1890-1938), әскери дәрігер, ағартушы. Омбы әскери-медициналық училищесін 1913 жылы бітірген. Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін көп күш-жігер жұмсаған, жергілікті баспасөз арқылы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізген. "Алаш" қозғалысының белгілі қайраткерлерінің бірі, Петропавл қаласына құрылтай жиналысының (1917) делегаты. Петропавл қаласындағы педагогикалық техникумның (1923-1926) директоры. Петропавл қаласындағы білім және ағарту мекемелерінде, облыстың денсаулық сақтау бөлімінде істеген. 1913 жылдан қазақстандық алғашқы басылымдар — "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінде мақалалары жарық көре бастады. Мағжан Жұмабаевтың қоғамдық және саяси көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті. "Алаш" автономиялық үкіметінің мүшесі, Бүкілресейлік мұғалімдер кұрылтайының делегаты. 1930 жылы "Алаш" қозғалысы басшылығының бұрынғы мүшесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды. 1932 жылы Ж.Тілеулин Воронеж облысына жер аударылды. 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қайтыс болғаннан кейін ақталды. Қазмембаспаның бас редакторы А.Байтұрсыновтың тапсырмасы бойынша ол қазақ тілінде (1924) гигиена жөніндегі алғашқы оқулықты жазды. Ол жұқпалы аурулар туралы кітаптар мен мақалалардың авторы.

Баймағамбет Ізтөлин (1899-1921), ақын, 1918 жылы Уәзипа медресесін бітірген. 1919 жылы мектептерді және мұғалімдерді даярлайтын қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырумен айналысып, қалалық уездік ревкомда жұмыс істеді. 1916 жылдан бастап өлең жазған. Оның "Ала бұзау", "Менің өмірім", "Жәке мен ала ат", "Ай мен Күнге", "Түннің бастауы", "От арба", "Туғандарға", "Менің сүйіктіме" және басқа өлеңдері поэзия сүйер қауымға өте ұнаған. 1917 жылдан кейін Петропавл қаласындағы мұсылман бюросында және қазақ-татар клубында жұмыс істеген. Ол қазақ поэзиясындағы азаматтық бағыттың негізін қалаушылардың бірі. Б.Ізтөлиннің шығармалары бірнеше рет жарық көрді, оның бейнесі С.Мұқановтың "Өмір мектебі" романында айқын көрініс тапты. Өлкедегі азаматтық шиеленіс жылдары қаза тапты.

Бөлісу: