Ақан сері. Алексей Иванович Мухин

4 Сәуір 2013, 03:22

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843-1913), халық ақыны, әнші және сазгер. Жастайынан халық музыкасына дейін қойған ол тамаша дауыс иесі еді. Айналасына талантты жастарды жинаған Ақан сері ауыл-ауылды аралап өнер көрсеткен. Көп қырлы талантының арқасында Ақан сері көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Ол Петропавлдағы жәрмеңкелерге жиі қонақ болған, қалалық саябақта ұйымдастырылатын айтыстарға қатысқан. Петропавлдағы циркте өнер көрсеткен атақты балуандар Қажымұқан мен Балуан Шолақтың кілемдегі жеңістеріне жырмен шашу шашқан. Ақансерінің музыкалық шығармашылығы Сарыарқаның орындау мектебінің дамуына, Балуан Шолақтың, Елтайдың, Иманжүсіптің шығармашылық мәнеріне әсері ықпал етті. Ол – соңына ол музыкалық-поэтикалық мұра қалдырған өнерпаз. Оның "Еркем", "Ай, көк", т.б. махаббат тақырыбындағы әндері халық арасына кеңінен тараған. "Сырымбет", "Мақпал", "Қанар", "Іңкәр-ай "Перизат", "Ақ көйлек* "Аужар", "Алтыбасар" "Ғашық жарға" және басқа да жырлары сақталған. Саятшылдыққа және жиһан кезуге арналған Ақан серінің шығармалар топтамасын "Құлагер" әні тұжырымдайды. Онда ақын өзінің сүйікті жүйрік аты Құлагерден айырылу өткен мен жарқын болашаққа деген үмітпен қою айтысудың символы болғанын жырға қосады. Ақан серінің шәкірттері ұстазының шығармашылық мұрасын ұрпақтан ұрпақка жеткізуде. "Құлагер" мен "Балқадиша" әндері Е.Брусиловскийдің "Жалбыр" операсында, "Мақпал" мен "Сырымбет" әндері Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтокты" пьесасында пайдаланылды. "Балқадиша" әнінің тақырыбына Д.Мацуцин мен С.Мұхамеджанов вариациялар жазды. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына С.Мұхамеджановтың "Ақан сері-Ақтоқты" операсы арналған. 1967 жылы Ақан серінің туған жері Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Кеңащы ауылында ақынға ескерткіш орнатылды. Алексей Иванович Мухин (1871-1926), дәрігер, өлкедегі денсаулық сақтауды ұйымдастырушы. Туберкулезге қарсы диспансерді және Қазақстанның солтүстігіндегі тұңғыш безгек станциясын басқарды. Мәскеу университетінің түлегі. 1989 жылдан Петропавл уезінің Явленка селосында қызмет істеп, оның ыждаһатымен 1901 жылы Қазақстанның солтүстігінде бірінші селолық аурухана ашылды. 1903 жылы Петропавл қаласына көшіп келгеннен кейін жаңа аурухана салуға қаржы бөлу туралы қалалық кеңестің алдына мәселе қойған, ол 1908 жылы ашылды. Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудағы еңбегі үшін 1913 жылы оған дворянин атағы берілді. Ол емдеу ісімен қатар үлкен ғылыми жұмыстар жүргізген, Омбы медициналық қоғамының мүшесі болған, Париждегі оташылардың конгресіне қатысқан. Азамат соғысы жылдары губаткомның әскери-санитарлық қосымша бөліміне қызмет атқаруға шақырылған. Госпитальға түскен көптеген жауынгерлерді емдеген. Сүзек және тырысқақ, шешек, безгек, басыр індеттерімен белсене күрескен. Кеңестік денсаулық сақтау ісінің табыстары республикамызда тұңғыш рет атап өтілген 1925 жылы үздік дәрігерлер қатарында ол Еңбек Ері атағына ие болды. Дәрігер А.И.Мухиннің жеке заттары мен медициналық аспаптары облыстық тарихи өлкетану мұражайының қорында сақтаулы тұр. Есіл ауданының Явленка селосындағы кітапхана ғимаратында оның негізін қалаушыларға ескерткіш ретінде мемориалдық тақта орнатылды, онда дәрігер-тақуа А.И. Мухиннің мұражай бөлмесі бар.

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843-1913), халық ақыны, әнші және сазгер. Жастайынан халық музыкасына дейін қойған ол тамаша дауыс иесі еді. Айналасына талантты жастарды жинаған Ақан сері ауыл-ауылды аралап өнер көрсеткен. Көп қырлы талантының арқасында Ақан сері көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Ол Петропавлдағы жәрмеңкелерге жиі қонақ болған, қалалық саябақта ұйымдастырылатын айтыстарға қатысқан. Петропавлдағы циркте өнер көрсеткен атақты балуандар Қажымұқан мен Балуан Шолақтың кілемдегі жеңістеріне жырмен шашу шашқан. Ақансерінің музыкалық шығармашылығы Сарыарқаның орындау мектебінің дамуына, Балуан Шолақтың, Елтайдың, Иманжүсіптің шығармашылық мәнеріне әсері ықпал етті. Ол – соңына ол музыкалық-поэтикалық мұра қалдырған өнерпаз. Оның "Еркем", "Ай, көк", т.б. махаббат тақырыбындағы әндері халық арасына кеңінен тараған. "Сырымбет", "Мақпал", "Қанар", "Іңкәр-ай "Перизат", "Ақ көйлек* "Аужар", "Алтыбасар" "Ғашық жарға" және басқа да жырлары сақталған. Саятшылдыққа және жиһан кезуге арналған Ақан серінің шығармалар топтамасын "Құлагер" әні тұжырымдайды. Онда ақын өзінің сүйікті жүйрік аты Құлагерден айырылу өткен мен жарқын болашаққа деген үмітпен қою айтысудың символы болғанын жырға қосады. Ақан серінің шәкірттері ұстазының шығармашылық мұрасын ұрпақтан ұрпақка жеткізуде. "Құлагер" мен "Балқадиша" әндері Е.Брусиловскийдің "Жалбыр" операсында, "Мақпал" мен "Сырымбет" әндері Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтокты" пьесасында пайдаланылды. "Балқадиша" әнінің тақырыбына Д.Мацуцин мен С.Мұхамеджанов вариациялар жазды. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына С.Мұхамеджановтың "Ақан сері-Ақтоқты" операсы арналған. 1967 жылы Ақан серінің туған жері Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Кеңащы ауылында ақынға ескерткіш орнатылды.

Алексей Иванович Мухин (1871-1926), дәрігер, өлкедегі денсаулық сақтауды ұйымдастырушы. Туберкулезге қарсы диспансерді және Қазақстанның солтүстігіндегі тұңғыш безгек станциясын басқарды. Мәскеу университетінің түлегі. 1989 жылдан Петропавл уезінің Явленка селосында қызмет істеп, оның ыждаһатымен 1901 жылы Қазақстанның солтүстігінде бірінші селолық аурухана ашылды. 1903 жылы Петропавл қаласына көшіп келгеннен кейін жаңа аурухана салуға қаржы бөлу туралы қалалық кеңестің алдына мәселе қойған, ол 1908 жылы ашылды. Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудағы еңбегі үшін 1913 жылы оған дворянин атағы берілді. Ол емдеу ісімен қатар үлкен ғылыми жұмыстар жүргізген, Омбы медициналық қоғамының мүшесі болған, Париждегі оташылардың конгресіне қатысқан. Азамат соғысы жылдары губаткомның әскери-санитарлық қосымша бөліміне қызмет атқаруға шақырылған. Госпитальға түскен көптеген жауынгерлерді емдеген. Сүзек және тырысқақ, шешек, безгек, басыр індеттерімен белсене күрескен. Кеңестік денсаулық сақтау ісінің табыстары республикамызда тұңғыш рет атап өтілген 1925 жылы үздік дәрігерлер қатарында ол Еңбек Ері атағына ие болды. Дәрігер А.И.Мухиннің жеке заттары мен медициналық аспаптары облыстық тарихи өлкетану мұражайының қорында сақтаулы тұр. Есіл ауданының Явленка селосындағы кітапхана ғимаратында оның негізін қалаушыларға ескерткіш ретінде мемориалдық тақта орнатылды, онда дәрігер-тақуа А.И. Мухиннің мұражай бөлмесі бар.

Бөлісу: