1921-1930 ж.ж.

3 Сәуір 2013, 23:35

Азық-түлік жинау науқанын өткізуде кеңес органдары асыра сілтеулерге жол беріп, бұл шаруалардың наразылығын тудырды. Осы жағдай   1921   жылғы   Ишим көтерілісінің басты себебі болды. Елде жаңа экономикалық саясатты    енгізу қуаңшылық пен астықты шықпауына ұрындырды. 1922 жылдың көктемінде Ақмола губерниясында 112 мың жергілікті аштар тіркелді, ал Поволжьеден келген босқындармен қосқанда 250 мың адамға дейін болды. 1921 жылдың тамызында аштарға көмек беру жөніндегі губерниялық комиссия құрылды. Ол жұмыс істеген 10 айдың ішінде 43 мың пұт астық, 11 мың пұт ет пен балық, 166 пұт май, 3,5 мың пұт көкөніс жиналды. Алайда бұл аздық етті. 1921 жылғы жұт малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырды.  Аштық қазақ ауылдарын жайлап алды. Осы  қиыншылықтардың бәрі өлкенің экономикасына   зор   көлемде   шығын келтірді. 1922 жылы егісті алқаптар 1913 жылғы деңгейдің 31 пайызына дейін кеміді. Отырықшы тұрғындардың мал басы 40, көшпенділердің мал басы 80 пайызға азайды. Өнеркәсіп кәсіпорындары 1923-1924 жылдардың тапсырмаларын орындай алмай, шығынмен жұмыс істеді немесе тоқтап қалды. 1925-1926 жылдарда ғана губернияның өнеркәсіп өндірісі көлемі өндірістің және техникалық базаның ескі құрылымы жағдайында 1913 жылғы деңгейдің 96,5 пайызына жетті. Ауыл шаруашылығы да қалпына келтіріле бастады: 1926 жылы губернияның егістік алқабы 848 мың десятина болды немесе 1913 жылғы деңгейдің 92,8 пайызына жетті. Ал мал саны 4,3 миллион бас болып, одан асып түсті. Ауыл шаруашылығы кооперациясы дамыды: 1925 жылы 838 өндірістік кооперативтер болды. 1924 жылдан бастап тұтыну кооперациясы жылдам дамыды: 1926 жылы губернияда 82 мың пайшысы бар 292 тұтыну қоғамы болды, ал олардың тауар айналымындағы үлес салмағы 48,25 пайызды құрап, жеке сауда капиталын айтарлықтай ығыстырды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары, ең алдымен мектептер жүйесін дамытуда және ересектердің сауатсыздығын жоюда мәдени алға басушылықтар да көрініс тапты. 1926 жылы губернияда 51 мың оқушысы бар 787 мектеп болды, соның ішінде 228 қазақ мектебінде 9 мың бала оқыды. Үш педагогика училищесі, ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы техникумдары құрылды. Клубтардың, кітапханалардың, оқырман отауларының, қызыл киіз үйлердің және қызыл мүйістердің торабы кеңейтілді. 1927 жылы астықтың шықпай қалуы елімізде жаңа азық-түлік дағдарысын тудырды. 1928 жылы ақпанның басында Петропавлға Сталин қол қойған жеделхат келді. Онда "Бір апта мерзімнің ішінде астық дайындауда шешуші өзгеріске қол жеткізуге, ең алдымен кулактарға шүғыл қатаң шаралар қолдануға..." талап қойылған. Көптеген коммунистер "астық майданына" аттанды. Петропавл уезі губерниядағы астықтың 75 пайызын дайындады. Жергілікті "Смычка" газеті астықты тартып алу, тәркілеу айыптар салу, "тапсырмағандарды" қуғын-сүргінге ұшырату туралы хабарлар жариялап жатты.

Азық-түлік жинау науқанын өткізуде кеңес органдары асыра сілтеулерге жол беріп, бұл шаруалардың наразылығын тудырды. Осы жағдай   1921   жылғы   Ишим көтерілісінің басты себебі болды. Елде жаңа экономикалық саясатты    енгізу қуаңшылық пен астықты шықпауына ұрындырды. 1922 жылдың көктемінде Ақмола губерниясында 112 мың жергілікті аштар тіркелді, ал Поволжьеден келген босқындармен қосқанда 250 мың адамға дейін болды. 1921 жылдың тамызында аштарға көмек беру жөніндегі губерниялық комиссия құрылды. Ол жұмыс істеген 10 айдың ішінде 43 мың пұт астық, 11 мың пұт ет пен балық, 166 пұт май, 3,5 мың пұт көкөніс жиналды. Алайда бұл аздық етті. 1921 жылғы жұт малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырды.  Аштық қазақ ауылдарын жайлап алды. Осы  қиыншылықтардың бәрі өлкенің экономикасына   зор   көлемде   шығын келтірді. 1922 жылы егісті алқаптар 1913 жылғы деңгейдің 31 пайызына дейін кеміді. Отырықшы тұрғындардың мал басы 40, көшпенділердің мал басы 80 пайызға азайды. Өнеркәсіп кәсіпорындары 1923-1924 жылдардың тапсырмаларын орындай алмай, шығынмен жұмыс істеді немесе тоқтап қалды.

1925-1926 жылдарда ғана губернияның өнеркәсіп өндірісі көлемі өндірістің және техникалық базаның ескі құрылымы жағдайында 1913 жылғы деңгейдің 96,5 пайызына жетті. Ауыл шаруашылығы да қалпына келтіріле бастады: 1926 жылы губернияның егістік алқабы 848 мың десятина болды немесе 1913 жылғы деңгейдің 92,8 пайызына жетті. Ал мал саны 4,3 миллион бас болып, одан асып түсті.

Ауыл шаруашылығы кооперациясы дамыды: 1925 жылы 838 өндірістік кооперативтер болды. 1924 жылдан бастап тұтыну кооперациясы жылдам дамыды: 1926 жылы губернияда 82 мың пайшысы бар 292 тұтыну қоғамы болды, ал олардың тауар айналымындағы үлес салмағы 48,25 пайызды құрап, жеке сауда капиталын айтарлықтай ығыстырды.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары, ең алдымен мектептер жүйесін дамытуда және ересектердің сауатсыздығын жоюда мәдени алға басушылықтар да көрініс тапты. 1926 жылы губернияда 51 мың оқушысы бар 787 мектеп болды, соның ішінде 228 қазақ мектебінде 9 мың бала оқыды. Үш педагогика училищесі, ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы техникумдары құрылды. Клубтардың, кітапханалардың, оқырман отауларының, қызыл киіз үйлердің және қызыл мүйістердің торабы кеңейтілді.

1927 жылы астықтың шықпай қалуы елімізде жаңа азық-түлік дағдарысын тудырды. 1928 жылы ақпанның басында Петропавлға Сталин қол қойған жеделхат келді. Онда "Бір апта мерзімнің ішінде астық дайындауда шешуші өзгеріске қол жеткізуге, ең алдымен кулактарға шүғыл қатаң шаралар қолдануға..." талап қойылған. Көптеген коммунистер "астық майданына" аттанды. Петропавл уезі губерниядағы астықтың 75 пайызын дайындады. Жергілікті "Смычка" газеті астықты тартып алу, тәркілеу айыптар салу, "тапсырмағандарды" қуғын-сүргінге ұшырату туралы хабарлар жариялап жатты.

Бөлісу: