Құрманғазы Сағырбайұлы

8 Қараша 2012, 17:51

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   ҚҰРМАНҒАЗЫ Сағырбайұлы (1823, Бат. Қазақстан обл. Жаңақала ауд. Жиделі а. — 1889, Ресей, Астрахан обл. “Шайтани батаға” қонысы) — күйші-композитор, дүлділ домбырашы. Басына қойылған құлпытаcта күйшінің өмір сүрген уақыты 1806 — 79 ж. деп көрсетілген. Жас кезінен домбыраға құмар, өнерге ықыласты Қ. алғашқы ұстазы өзақ күйшіден, кейін Байжұма, Баламайсан, Есжан, Шеркеш, т.б. күйшілерден тәлім алып, өнерін өрістете түседі. Күйшілік өнерін классик. дәрежеге көтерген Қ. мұрасының қазақ музыкасында алатын орны ерекше. Оның шығармалары арқылы қазақтың күй өнері жаңа деңгейде дамып, шыңдала түсті. Бұрын ешкімде байқалмаған орындаушылық шеберлік Қ. күйлерінің күш-қуатын айқындап, жаңа леп, симф. тәсіл әкелді. Оның күйлеріне тарихи мазмұнмен қатар терең ойларға жетелейтін саздылық тән. Кең тынысты буырқанған шығармалар мен баяу, терең мәнді туындылар Қ. шығарм-ның жанды буыны. Оның шығармаларында кездесетін қос тақырыпты күйлер қазақ күй өнерінде жаңалық саналды. Қ. күйлерінің біршамасы қазақ халқының поэзиялық өлең өрнектерімен сабақтас. Мыс., “Аман бол, шешем, аман бол” деген шығармасы 8 буынды поэзиялық өлшемнің көрінісі. Туындыда оқиғаны баяндау стиліне баса мән берілгендігі муз. интонациясынан анық байқалады. Қ. 70-тен аса күй қалдырды. Қазақ мәдениеті және музыкатану ғылымы үшін Қ. күйлерінің фольклорлық келбеті — көп нұсқалылығын; муз. тілінің даму ерекшеліктері — стадиялылығын; жалпы күй өнеріне тән белгілері — типологиясын, т.б. анықтаудың маңызы зор. Оның шығармаларының атауында ономастик. мәліметтер де мол сақталған. Мыс., “Адай” күйінің үш нұсқасы мәлім. Олар Қ.Жантілеуов (І), Д.Нұрпейісова (2) және Н.Бөкейханов (3) нұсқалары. Жиі орындалып, кең насихатталып жүргені Қ.Жантілеуов нұсқасы болса, күйдің 3-нұсқасының әуені мен құрылымы одан өзгешелеу, ал Дина нұсқасының стильдік ерекшелігі басым, муз. мақамы еркін. Өзгермелі өлшемге құрылған ырғағы, қазақ күйлерінде сирек кездесетін интервалдық жүйесі күйді көне үлгілердің бірі ретінде қабылдауға негіз бола алады. Қ. күйлерінің қазақ күй өнерінің генезисін анықтауға тигізер ықпалы да зор. Оны муз. интонацияның этник. сипаты, ладтық арқауының этник. негізі және күй атауының этник. келбеті деп бөлуге болады. Қ-ның “Ақбай”, “Төремұрат”, “Байжұма”, “Назым”, т.б. антропол. атауларға құрылған күйлері де баршылық. Олар бірде қиянатшыл Ақбайдың Әбубәкіріне, бірде Төремұрат батырға, бірде Назым қызға, бірде Байжұма есімді күйшіге арналған. Тақырып жүйесі антропол. желіде көрінсе де, шығармаларының көркемдік-композиц. образдық әлемі аса бай. Сазгердің Исатай-Махамбет көтерілісіне арнаған туындыларының  көрнектісі — “Кішкентай”. Күй жеке дауыста баяу басталып, келе-келе күрделеніп, шарықтау шегіне жетеді. Қ. күйлеріне тән толқу, драматургия көріністері анық көрінеді. Композитордың “Кісен ашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Қайран, шешем”, “Перовский марш”, “Қызыл қайың”, т.б. ғұмырбаяндық күйлері оның патша өкіметі, билік иелері тарапынан қуғын-сүргін көргенінің куәсі іспетті. Қ. күйлерінен көркемдігі, образдық әлемі жағынан дара тұрған — “Көбік шашқан” күйін А.Жұбанов Исатай көтерілісімен байланыстыра қарастырды. Бұл күй — тұңғиық терең ой, филос. толғау рухындағы қаралы күй — реквием. “Сарыарқа” күйі ұшқыр муз. ой мен асқан шеберліктің шыңы болса, “Көбік шашқан” — ұстамдылық пен іштей налу, күйіну мен қайғырудың аса бір қаралы әрі сазды үлгісі. Мұны шығарманың ладтық арқауы да растайды. Қ-ның “Бас Ақжелең”, “өзақ Ақжелең”, “Серпер”, “Терісқақпай”, “Жігер”, “Ақсақ киік” секілді бағдарламалық-сипаттамалық, көбіне орындаушылық шеберлікті меңгеруге бағышталған күйлері — күй өнеріндегі нәзиралық дәстүрдің бір көрінісі. Орта ғасыр поэзиясындағы бестік дәстүрі (“Хамса”) секілді қазақ күйшілері де  белгілі бір тақырыпта бірнеше күй шығарған. Көркемдік ерекшеліктерінен бөлек Қ. күйлерін тарихи негізде былай жіктеуге болады: 1) этноним атауы негізінде туған шығармалары (“Адай”); 2) тарихи оқиғаларға орай туған туындылары (“Кішкентай”); 3) Қазақ даласының ұлылығын сазға қосқан күйлері (“Сарыарқа”, “Алатау”); 4) Тарихи-ғұмырбаяндық шығармалары (“Кісен ашқан”, “Түрмеден қашқан”). Қ-ның күйшілік мұрасы — қазақ ұлттық мәдениетінің тарихи белестерін айқындайтын, көркемдік келбетін сипаттайтын, образдық әлемін саралайтын шығармалар. Олар муз. интонациясының тарихилығымен де бағалы. Қ. күйлері көптеген қазақ композиторларының шығармаларына арқау болып келеді. Күйшіге арнап Е.Г. Брусиловский “Құрманғазы” атты симфония, А.Жұбанов пен ұ.Жұбанова “Құрманғазы” атты опера жазды. Қ. муз. мұрасын зерттеуге А.Жұбанов, А.Затаевич, Б.Ерзакович, П.Аравин, Ж.Рсалдин, т.б. елеулі үлес қосты. Бүгінде Қазақтың халық аспаптар оркестрі, Алматы мемл. консерваториясы Қ. есімімен аталады. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

ҚҰРМАНҒАЗЫ Сағырбайұлы (1823, Бат. Қазақстан обл. Жаңақала ауд. Жиделі а. — 1889, Ресей, Астрахан обл. “Шайтани батаға” қонысы) — күйші-композитор, дүлділ домбырашы. Басына қойылған құлпытаcта күйшінің өмір сүрген уақыты 1806 — 79 ж. деп көрсетілген. Жас кезінен домбыраға құмар, өнерге ықыласты Қ. алғашқы ұстазы өзақ күйшіден, кейін Байжұма, Баламайсан, Есжан, Шеркеш, т.б. күйшілерден тәлім алып, өнерін өрістете түседі. Күйшілік өнерін классик. дәрежеге көтерген Қ. мұрасының қазақ музыкасында алатын орны ерекше. Оның шығармалары арқылы қазақтың күй өнері жаңа деңгейде дамып, шыңдала түсті. Бұрын ешкімде байқалмаған орындаушылық шеберлік Қ. күйлерінің күш-қуатын айқындап, жаңа леп, симф. тәсіл әкелді. Оның күйлеріне тарихи мазмұнмен қатар терең ойларға жетелейтін саздылық тән. Кең тынысты буырқанған шығармалар мен баяу, терең мәнді туындылар Қ. шығарм-ның жанды буыны. Оның шығармаларында кездесетін қос тақырыпты күйлер қазақ күй өнерінде жаңалық саналды. Қ. күйлерінің біршамасы қазақ халқының поэзиялық өлең өрнектерімен сабақтас. Мыс., “Аман бол, шешем, аман бол” деген шығармасы 8 буынды поэзиялық өлшемнің көрінісі. Туындыда оқиғаны баяндау стиліне баса мән берілгендігі муз. интонациясынан анық байқалады. Қ. 70-тен аса күй қалдырды. Қазақ мәдениеті және музыкатану ғылымы үшін Қ. күйлерінің фольклорлық келбеті — көп нұсқалылығын; муз. тілінің даму ерекшеліктері — стадиялылығын; жалпы күй өнеріне тән белгілері — типологиясын, т.б. анықтаудың маңызы зор. Оның шығармаларының атауында ономастик. мәліметтер де мол сақталған. Мыс., “Адай” күйінің үш нұсқасы мәлім. Олар Қ.Жантілеуов (І), Д.Нұрпейісова (2) және Н.Бөкейханов (3) нұсқалары. Жиі орындалып, кең насихатталып жүргені Қ.Жантілеуов нұсқасы болса, күйдің 3-нұсқасының әуені мен құрылымы одан өзгешелеу, ал Дина нұсқасының стильдік ерекшелігі басым, муз. мақамы еркін. Өзгермелі өлшемге құрылған ырғағы, қазақ күйлерінде сирек кездесетін интервалдық жүйесі күйді көне үлгілердің бірі ретінде қабылдауға негіз бола алады. Қ. күйлерінің қазақ күй өнерінің генезисін анықтауға тигізер ықпалы да зор. Оны муз. интонацияның этник. сипаты, ладтық арқауының этник. негізі және күй атауының этник. келбеті деп бөлуге болады. Қ-ның “Ақбай”, “Төремұрат”, “Байжұма”, “Назым”, т.б. антропол. атауларға құрылған күйлері де баршылық. Олар бірде қиянатшыл Ақбайдың Әбубәкіріне, бірде Төремұрат батырға, бірде Назым қызға, бірде Байжұма есімді күйшіге арналған. Тақырып жүйесі антропол. желіде көрінсе де, шығармаларының көркемдік-композиц. образдық әлемі аса бай. Сазгердің Исатай-Махамбет көтерілісіне арнаған туындыларының  көрнектісі — “Кішкентай”. Күй жеке дауыста баяу басталып, келе-келе күрделеніп, шарықтау шегіне жетеді. Қ. күйлеріне тән толқу, драматургия көріністері анық көрінеді. Композитордың “Кісен ашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Қайран, шешем”, “Перовский марш”, “Қызыл қайың”, т.б. ғұмырбаяндық күйлері оның патша өкіметі, билік иелері тарапынан қуғын-сүргін көргенінің куәсі іспетті. Қ. күйлерінен көркемдігі, образдық әлемі жағынан дара тұрған — “Көбік шашқан” күйін А.Жұбанов Исатай көтерілісімен байланыстыра қарастырды. Бұл күй — тұңғиық терең ой, филос. толғау рухындағы қаралы күй — реквием. “Сарыарқа” күйі ұшқыр муз. ой мен асқан шеберліктің шыңы болса, “Көбік шашқан” — ұстамдылық пен іштей налу, күйіну мен қайғырудың аса бір қаралы әрі сазды үлгісі. Мұны шығарманың ладтық арқауы да растайды. Қ-ның “Бас Ақжелең”, “өзақ Ақжелең”, “Серпер”, “Терісқақпай”, “Жігер”, “Ақсақ киік” секілді бағдарламалық-сипаттамалық, көбіне орындаушылық шеберлікті меңгеруге бағышталған күйлері — күй өнеріндегі нәзиралық дәстүрдің бір көрінісі. Орта ғасыр поэзиясындағы бестік дәстүрі (“Хамса”) секілді қазақ күйшілері де  белгілі бір тақырыпта бірнеше күй шығарған. Көркемдік ерекшеліктерінен бөлек Қ. күйлерін тарихи негізде былай жіктеуге болады: 1) этноним атауы негізінде туған шығармалары (“Адай”); 2) тарихи оқиғаларға орай туған туындылары (“Кішкентай”); 3) Қазақ даласының ұлылығын сазға қосқан күйлері (“Сарыарқа”, “Алатау”); 4) Тарихи-ғұмырбаяндық шығармалары (“Кісен ашқан”, “Түрмеден қашқан”). Қ-ның күйшілік мұрасы — қазақ ұлттық мәдениетінің тарихи белестерін айқындайтын, көркемдік келбетін сипаттайтын, образдық әлемін саралайтын шығармалар. Олар муз. интонациясының тарихилығымен де бағалы. Қ. күйлері көптеген қазақ композиторларының шығармаларына арқау болып келеді. Күйшіге арнап Е.Г. Брусиловский “Құрманғазы” атты симфония, А.Жұбанов пен ұ.Жұбанова “Құрманғазы” атты опера жазды. Қ. муз. мұрасын зерттеуге А.Жұбанов, А.Затаевич, Б.Ерзакович, П.Аравин, Ж.Рсалдин, т.б. елеулі үлес қосты. Бүгінде Қазақтың халық аспаптар оркестрі, Алматы мемл. консерваториясы Қ. есімімен аталады.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу: