ХХ ғасырдың соңы

3 Сәуір 2013, 23:21

ХІХ ғасырдың соңында қалада өнеркәсіп қалыптасып, дами бастады. Мал өнімдерін өңдейтін шағын өндірістер – май қайнататын, былғары, сабын қайнататын, қой етін өңдейтін және желім зауыттары ашылды. Кірпіш шығаратын кәсіпорындар, мақта мен түйе жүнін өндейтін зауыттар пайда болды. Мақта Орта Азиядан әкелініп тұрды. ХХ ғасырдың басында Петропавлда өнеркәсіп кәсіпорындарының саны айтарлықтай артты: 1908 жылы мұнда 974 адам жұмыс істеген 137 зауыт болды. Жергілікті өндірістердің көбіндегі жабдықтар өте қарапайым еді. Оларға қарағанда өнімдерін сыртқа шығаратын май зауыттары біршама жақсы жарақтандырылды – бұларда сол кездегі техникалық жаңалық болып саналған жетілдірілген сүтайырғыштар болды. 1915 жылы қалада ірі қазыналық консерв зауыты ашылды, ол әскердің мұқтаждарын қамтамасыз етті – бастапқыда мұнда бірнеше жүздеген адам жұмыс істеді. Ірі бітімдердің жасалуы және қалааралық сауданың болуы Сенаттың 1871 жылы Петропавлда негізгі қаржысы 40 мың сом болатын қалалық қоғамдық банк ашуына мұрындық болды. Оған салымдар алуға, вексельдерді есепке алуға, пайыз өсімімен, тауарларды, қымбат заттарды және қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке салумен несиелер беруге рұқсат етілді. Банк ашыла салысымен ірі сауда бітімдерін қаржыландыра бастап, өзінің ұйымдастырылуының дұрыстығын тез-ақ айғақтады. 1887 жылға оның негізгі қаржысы 70523 сом, ал резервтегі қаржысы 20210 сом болды. Банк-несие жүйесінің дамуы Қазақстанның жалпы-ресейлік рыногқа, сауда-ақша байланысына қосылуына жағдай жасап, мұнда Мәскеу, Санкт-Петербург банктерінің және Ресейдің басқа да қаржы орталықтарының филиалдары ашылды. Даланың және Сібірдің басқа қалаларымен салыстырғанда төңкеріске дейінгі Петропавлда халыққа білім беру айтарлықтай деңгейде болды. 1913 жылы мектеп жасындағы жеті мың баланың 3500-і мектепке барды. Мұндай жоғары деңгей тіпті Ресейдің еуропалық бөлігінің ірі өнеркәсіпті қалаларының өзінде болмады. Мұның мәнісі Петропавл ірі қаржы орталығы ретінде мол қалалық қаржыға ие болды. Сөйтіп, осы мақсатқа өз бюджетінің 17 пайызына дейін жұмсай алатын еді. Ал халыққа білім беруге ағарту министрлігі де, епархия және әскери ведомстволар да қаржы бөлді. Мұсылман тұрғындарына деп XVIII ғасырдың өзініе соңында-ақ қалалық мешіттің жанынан медіреселер ашылды. Әрі ауылдарда мектептер жұмыс істеді. 1840 жылдан бастап ерлердің, ал 1864 жылдан — әйелдердің діни училищелері болды. Әйелдер училищесі кейінде әйелдердің гимназиясына айналды. 1876 жылы қазақтың ер балаларына арналған интернат, ал екі жылдан соң дала байларының қыздарына арналған интернат ашылды. 1896 жылы жеке адамдардың қаражатына бастауыш мектеп ашылды. 1903 жылы реалды училище алғашқы оқушыларды қабылдады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан бір жыл бұрын Петропавлда әйелдер гимназиясы, реалды училище, үш жоғары бастауыш училище, сауда училищесі, екі сыныпты екі училище, 21 бастауыш мектеп және мешіттер жанындағы 12 мұсылман мектептері болды. 1913 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдығының құрметіне қалалық дума 500 оқушыға арналған діни училищенің тас ғимаратын салуға қаулы қабылдады.

ХІХ ғасырдың соңында қалада өнеркәсіп қалыптасып, дами бастады. Мал өнімдерін өңдейтін шағын өндірістер – май қайнататын, былғары, сабын қайнататын, қой етін өңдейтін және желім зауыттары ашылды. Кірпіш шығаратын кәсіпорындар, мақта мен түйе жүнін өндейтін зауыттар пайда болды. Мақта Орта Азиядан әкелініп тұрды.

ХХ ғасырдың басында Петропавлда өнеркәсіп кәсіпорындарының саны айтарлықтай артты: 1908 жылы мұнда 974 адам жұмыс істеген 137 зауыт болды. Жергілікті өндірістердің көбіндегі жабдықтар өте қарапайым еді. Оларға қарағанда өнімдерін сыртқа шығаратын май зауыттары біршама жақсы жарақтандырылды – бұларда сол кездегі техникалық жаңалық болып саналған жетілдірілген сүтайырғыштар болды. 1915 жылы қалада ірі қазыналық консерв зауыты ашылды, ол әскердің мұқтаждарын қамтамасыз етті – бастапқыда мұнда бірнеше жүздеген адам жұмыс істеді.

Ірі бітімдердің жасалуы және қалааралық сауданың болуы Сенаттың 1871 жылы Петропавлда негізгі қаржысы 40 мың сом болатын қалалық қоғамдық банк ашуына мұрындық болды. Оған салымдар алуға, вексельдерді есепке алуға, пайыз өсімімен, тауарларды, қымбат заттарды және қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке салумен несиелер беруге рұқсат етілді. Банк ашыла салысымен ірі сауда бітімдерін қаржыландыра бастап, өзінің ұйымдастырылуының дұрыстығын тез-ақ айғақтады. 1887 жылға оның негізгі қаржысы 70523 сом, ал резервтегі қаржысы 20210 сом болды.

Банк-несие жүйесінің дамуы Қазақстанның жалпы-ресейлік рыногқа, сауда-ақша байланысына қосылуына жағдай жасап, мұнда Мәскеу, Санкт-Петербург банктерінің және Ресейдің басқа да қаржы орталықтарының филиалдары ашылды.

Даланың және Сібірдің басқа қалаларымен салыстырғанда төңкеріске дейінгі Петропавлда халыққа білім беру айтарлықтай деңгейде болды. 1913 жылы мектеп жасындағы жеті мың баланың 3500-і мектепке барды. Мұндай жоғары деңгей тіпті Ресейдің еуропалық бөлігінің ірі өнеркәсіпті қалаларының өзінде болмады. Мұның мәнісі Петропавл ірі қаржы орталығы ретінде мол қалалық қаржыға ие болды. Сөйтіп, осы мақсатқа өз бюджетінің 17 пайызына дейін жұмсай алатын еді. Ал халыққа білім беруге ағарту министрлігі де, епархия және әскери ведомстволар да қаржы бөлді.

Мұсылман тұрғындарына деп XVIII ғасырдың өзініе соңында-ақ қалалық мешіттің жанынан медіреселер ашылды. Әрі ауылдарда мектептер жұмыс істеді. 1840 жылдан бастап ерлердің, ал 1864 жылдан — әйелдердің діни училищелері болды. Әйелдер училищесі кейінде әйелдердің гимназиясына айналды. 1876 жылы қазақтың ер балаларына арналған интернат, ал екі жылдан соң дала байларының қыздарына арналған интернат ашылды. 1896 жылы жеке адамдардың қаражатына бастауыш мектеп ашылды. 1903 жылы реалды училище алғашқы оқушыларды қабылдады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан бір жыл бұрын Петропавлда әйелдер гимназиясы, реалды училище, үш жоғары бастауыш училище, сауда училищесі, екі сыныпты екі училище, 21 бастауыш мектеп және мешіттер жанындағы 12 мұсылман мектептері болды. 1913 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдығының құрметіне қалалық дума 500 оқушыға арналған діни училищенің тас ғимаратын салуға қаулы қабылдады.

Бөлісу: