1782-1902 ж.ж.

3 Сәуір 2013, 23:16

1782 жылғы патша жарлығымен Уфа және Тобыл губернияларының шекарасында төрт мешіт құрылысына қазынадан 20 мың сом бөлінді. Соның бірі он екі жыл өтекннен кейін Петропавл бекінісінің ойдағы бөлігіне салынды. Сауда жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасты қалыптастыруға жағдай жасады. Мұны әскери басшылық қазақ жерлерінде Ресей ықпалын таратуды қамтамасыз етудің әсерлі көзі деп білді. Бұл ретте, сауданың екі жаққа пайдалы болғанын атап көрсету керек. Абылайханның табанды талап етуінің арқасында бекініс іргесінде Сібірдегі ірі жәрмеңке мен кеден орналастырылды. Бұдан кейін де жәрмеңке саудасы Есіл бойының басқа да редуттары мен шаруалар қоныстарында кең тарады. Уақыт өтіп, бекініс ұлғайды да қалаға айналды. 1834 жылы Петропавлда 18 көше, 9 қысқа көше, 8 тас үй және 970-тен аса ағаш үй, аурухана, төрт шарапхана, бір былғары және 2 май қайнату зауыты, 12 ұста, 2 жел диірмен және 4 мыңдай тұрғындар болды. 1849 жылы жоғарғы қалада екпінді құрылыс басталды. Бұған 435 үйді және тауарларымен бірге 106 дүкеншелерді құртып кеткен өрт негіз болды. 1858 жылы ІІ Александр қаланың жоспарын бекітті. Ал төрт жыл өткен соң ол жаңа, біршама өзгертілген жобаны бекіткен. Қаланы жоғарғы жақта салуойластырылып, ол бекіністің түстігі мен шығысына қарай өсті. 1868 жылы Петропавлда енді 39 көше, 30 қысқа көше, 75 тас үй және 1394 ағаш үй, 319 сауда дүкеншесі және 8762 тұрғын болды. 1870 жылдардың аяғына таман қазақтармен сауда жасау үшін тастан Алмасу ауласын салды. 1876 жылы Петропавл бекініс бүкіл Сібір, бұрынғы Новоишим белдеуімен бірге жойылды. Қала өзінің әскери маңызынан айырылды. XVIII-XIX ғасырларда Петропавлдың халқы баяу өсті. Тек Петропавл арқылы Транссібір теміржолын ашқаннан кейін ғана, 1894 жылы тұрғындар саны Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударушылардың есебінен өсе бастады. Тұрғындардың құрамы қаланың дамуының 3 кезеңіне сәйкес болды. XVIII ғасырда мұнда тек әскери адамдар тұрды. ХІХ ғасырда, жергілікті тұрғындармен сауданы орнықтырған кезде Петропавл үлкен қалаға айналды, онда көпестер мен мещандардан, отставкадағы солдаттардан, шаруалардан шыққан ұсақ саудагерлерден және отырықшы қазақтар мен татарлар басым болды. ХІХ ғасырдың ортасында Түмен, Ишим және Омбы арқылы Сібірге телеграф тартылғанда оған Петропавлды да қосу ұйғарылды. 1873 жылғы сәуірде Ишимнен Петропавлға дейін 167 шақырым телеграф байланысын тарту басталып, қазан айының соңында аяқталды. 1878 жылы Петропавлдан Көкшетауға, Атбасарға және Ақмолаға телеграф желісі тартылды. ХХ ғасырдың басында қалада ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, атап айтқанда, темір жол шеберханалары, былғары және консерв зауыттары, май қайнату және басқа да кәсіпорындар пайда болған кезде жалдамалы жұмысшылар қатары айтарлықтай көбейді.

1782 жылғы патша жарлығымен Уфа және Тобыл губернияларының шекарасында төрт мешіт құрылысына қазынадан 20 мың сом бөлінді. Соның бірі он екі жыл өтекннен кейін Петропавл бекінісінің ойдағы бөлігіне салынды.

Сауда жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасты қалыптастыруға жағдай жасады. Мұны әскери басшылық қазақ жерлерінде Ресей ықпалын таратуды қамтамасыз етудің әсерлі көзі деп білді. Бұл ретте, сауданың екі жаққа пайдалы болғанын атап көрсету керек. Абылайханның табанды талап етуінің арқасында бекініс іргесінде Сібірдегі ірі жәрмеңке мен кеден орналастырылды. Бұдан кейін де жәрмеңке саудасы Есіл бойының басқа да редуттары мен шаруалар қоныстарында кең тарады.

Уақыт өтіп, бекініс ұлғайды да қалаға айналды. 1834 жылы Петропавлда 18 көше, 9 қысқа көше, 8 тас үй және 970-тен аса ағаш үй, аурухана, төрт шарапхана, бір былғары және 2 май қайнату зауыты, 12 ұста, 2 жел диірмен және 4 мыңдай тұрғындар болды.

1849 жылы жоғарғы қалада екпінді құрылыс басталды. Бұған 435 үйді және тауарларымен бірге 106 дүкеншелерді құртып кеткен өрт негіз болды. 1858 жылы ІІ Александр қаланың жоспарын бекітті. Ал төрт жыл өткен соң ол жаңа, біршама өзгертілген жобаны бекіткен. Қаланы жоғарғы жақта салуойластырылып, ол бекіністің түстігі мен шығысына қарай өсті. 1868 жылы Петропавлда енді 39 көше, 30 қысқа көше, 75 тас үй және 1394 ағаш үй, 319 сауда дүкеншесі және 8762 тұрғын болды. 1870 жылдардың аяғына таман қазақтармен сауда жасау үшін тастан Алмасу ауласын салды.

1876 жылы Петропавл бекініс бүкіл Сібір, бұрынғы Новоишим белдеуімен бірге жойылды. Қала өзінің әскери маңызынан айырылды.

XVIII-XIX ғасырларда Петропавлдың халқы баяу өсті. Тек Петропавл арқылы Транссібір теміржолын ашқаннан кейін ғана, 1894 жылы тұрғындар саны Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударушылардың есебінен өсе бастады. Тұрғындардың құрамы қаланың дамуының 3 кезеңіне сәйкес болды. XVIII ғасырда мұнда тек әскери адамдар тұрды. ХІХ ғасырда, жергілікті тұрғындармен сауданы орнықтырған кезде Петропавл үлкен қалаға айналды, онда көпестер мен мещандардан, отставкадағы солдаттардан, шаруалардан шыққан ұсақ саудагерлерден және отырықшы қазақтар мен татарлар басым болды.

ХІХ ғасырдың ортасында Түмен, Ишим және Омбы арқылы Сібірге телеграф тартылғанда оған Петропавлды да қосу ұйғарылды. 1873 жылғы сәуірде Ишимнен Петропавлға дейін 167 шақырым телеграф байланысын тарту басталып, қазан айының соңында аяқталды. 1878 жылы Петропавлдан Көкшетауға, Атбасарға және Ақмолаға телеграф желісі тартылды.

ХХ ғасырдың басында қалада ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, атап айтқанда, темір жол шеберханалары, былғары және консерв зауыттары, май қайнату және басқа да кәсіпорындар пайда болған кезде жалдамалы жұмысшылар қатары айтарлықтай көбейді.

Бөлісу: