1876 ж. -ХІХ ғасырдың соңы

3 Сәуір 2013, 23:05

1876 жылы Петропавл бекініс бүкіл Сібір, бұрынғы Новоишим белдеуімен бірге жойылды. Қала өзінің әскери маңызынан айырылды. XVIII-XIX ғасырларда Петропавлдың халқы баяу өсті. Тек Петропавл арқылы Транссібір теміржолын ашқаннан кейін ғана, 1894 жылы тұрғындар саны Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударушылардың есебінен өсе бастады. Тұрғындардың құрамы қаланың дамуының 3 кезеңіне сәйкес болды. XVIII ғасырда мұнда тек әскери адамдар тұрды. ХІХ ғасырда, жергілікті тұрғындармен сауданы орнықтырған кезде Петропавл үлкен қалаға айналды, онда көпестер мен мещандардан, отставкадағы солдаттардан, шаруалардан шыққан ұсақ саудагерлерден және отырықшы қазақтар мен татарлар басым болды. ХІХ ғасырдың ортасында Түмен, Ишим және Омбы арқылы Сібірге телеграф тартылғанда оған Петропавлды да қосу ұйғарылды. 1873 жылғы сәуірде Ишимнен Петропавлға дейін 167 шақырым телеграф байланысын тарту басталып, қазан айының соңында аяқталды. 1878 жылы Петропавлдан Көкшетауға, Атбасарға және Ақмолаға телеграф желісі тартылды. ХХ ғасырдың басында қалада ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, атап айтқанда, темір жол шеберханалары, былғары және консерв зауыттары, май қайнату және басқа да кәсіпорындар пайда болған кезде жалдамалы жұмысшылар қатары айтарлықтай көбейді. 1903 жылы ұзындығы бес шақырымға тарта алғашқы су құбырларының желісі салынды. Ол кейін кеңейтіліп, 1911 жылға дейін ұзындығы 13 шақырымға жетті. Қалада сегіз су құбырының бөткесі және 28 өрт сөндіретін құбыр болды. тәулігіне 40 мың шелек су жұмсалды. 1900 жылы телефон байланысы орнатылды. Екі жыл өткеннен кейін телефон желісінің ұзындығы 32 шақырымға, абоненттер саны 192 адамға жетті. Алғашқы электр жарығы 1908 немесе 1909 жылы (анық уақыты белгісіз) кинотеатрда пайда болды. Шамамен осы уақыттан бастап баспахана жанындағы электр стансасы жұмыс істеді. Қалалық электр стансасы 1912 жылы салынды, алайда электр жарығы қаланың орталығына ғана берілді. Өзінің геосаяси жағдайына орай Петропавл қаласы, шындығында да, екпінді сауда алмасу және кәсіпкерлік орталығы болды. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Петропавл арқылы жыл сайын 1 миллион сомнан астам тауарлар енгізіліп, одан 900 мың сомнан астам тауарлар шығарылып отырды. Қалаға Тәшкеннен, Бұқарадан, Қоқаннан және Батыс Қытайдан керуен жолдары келіп, түйісіп жатты. Ақмолада тауарларды түйелерден арбаларға артып, ал Петропавлға атпен тасып жеткізілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орта Азиядан мақта, жібек, кілемдер, қағаз маталары, түбіт, өрік, жүзім әкелінді.

1876 жылы Петропавл бекініс бүкіл Сібір, бұрынғы Новоишим белдеуімен бірге жойылды. Қала өзінің әскери маңызынан айырылды.

XVIII-XIX ғасырларда Петропавлдың халқы баяу өсті. Тек Петропавл арқылы Транссібір теміржолын ашқаннан кейін ғана, 1894 жылы тұрғындар саны Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударушылардың есебінен өсе бастады. Тұрғындардың құрамы қаланың дамуының 3 кезеңіне сәйкес болды. XVIII ғасырда мұнда тек әскери адамдар тұрды. ХІХ ғасырда, жергілікті тұрғындармен сауданы орнықтырған кезде Петропавл үлкен қалаға айналды, онда көпестер мен мещандардан, отставкадағы солдаттардан, шаруалардан шыққан ұсақ саудагерлерден және отырықшы қазақтар мен татарлар басым болды.

ХІХ ғасырдың ортасында Түмен, Ишим және Омбы арқылы Сібірге телеграф тартылғанда оған Петропавлды да қосу ұйғарылды. 1873 жылғы сәуірде Ишимнен Петропавлға дейін 167 шақырым телеграф байланысын тарту басталып, қазан айының соңында аяқталды. 1878 жылы Петропавлдан Көкшетауға, Атбасарға және Ақмолаға телеграф желісі тартылды.

ХХ ғасырдың басында қалада ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, атап айтқанда, темір жол шеберханалары, былғары және консерв зауыттары, май қайнату және басқа да кәсіпорындар пайда болған кезде жалдамалы жұмысшылар қатары айтарлықтай көбейді.

1903 жылы ұзындығы бес шақырымға тарта алғашқы су құбырларының желісі салынды. Ол кейін кеңейтіліп, 1911 жылға дейін ұзындығы 13 шақырымға жетті. Қалада сегіз су құбырының бөткесі және 28 өрт сөндіретін құбыр болды. тәулігіне 40 мың шелек су жұмсалды. 1900 жылы телефон байланысы орнатылды. Екі жыл өткеннен кейін телефон желісінің ұзындығы 32 шақырымға, абоненттер саны 192 адамға жетті. Алғашқы электр жарығы 1908 немесе 1909 жылы (анық уақыты белгісіз) кинотеатрда пайда болды. Шамамен осы уақыттан бастап баспахана жанындағы электр стансасы жұмыс істеді. Қалалық электр стансасы 1912 жылы салынды, алайда электр жарығы қаланың орталығына ғана берілді.

Өзінің геосаяси жағдайына орай Петропавл қаласы, шындығында да, екпінді сауда алмасу және кәсіпкерлік орталығы болды.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Петропавл арқылы жыл сайын 1 миллион сомнан астам тауарлар енгізіліп, одан 900 мың сомнан астам тауарлар шығарылып отырды. Қалаға Тәшкеннен, Бұқарадан, Қоқаннан және Батыс Қытайдан керуен жолдары келіп, түйісіп жатты. Ақмолада тауарларды түйелерден арбаларға артып, ал Петропавлға атпен тасып жеткізілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орта Азиядан мақта, жібек, кілемдер, қағаз маталары, түбіт, өрік, жүзім әкелінді.

Бөлісу: