Моңғол кезеңінен кейінгі

3 Сәуір 2013, 22:58

Моңғол кезеңінен кейінгі Солтүстік Қазақстанның негізгі этникалық тарихы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуымен, жүздердің тайпаларының анықталуымен, көне этникалық ортаның XVII-XVI ғасырлардың екінші жартысында мемлекетке бірігуі оның шоғырлану үдерісінің аяқталуын жылдамдатты. Қазақ хандығының нығыз этникалық негізі – қалыптасқан қазақ ұлты болды. Моңғол басқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті Қыпшақтың, Түркістанның эәне Жетісудің түгелге дерлік рулары мен тайпалары бір мемлекетке біріктірілді. 15-ғасырдың екінші жартысынан бастап халық болып қалыптасу көршілердің арасында және сол уақыттағы оқиғаларды бейнелеген жазбаша дерек көздерінде «қазақтар» тауымен белгілі. Жәнібек пен Керей, Қасым, Есім мен Тәуекел, Тәуке мен Абылай хандардың қызметі мемлекеттің нығаюына мүмкіндік берді. Осы бір ізгі істе олар әйгілі Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің, Бұқар, Қожаберген жыраулардың, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Баян, Олжабай, Бөгенбай, Райымбек батырлардың көиегіне сүйенді. Жүздер тұрғындарының негізгі шаруашылық көзі сонау ерте дәуірлерде Еуразия далаларында қалыптасқан өзіндік шаруашылықтың мәдени түрі – малшылық болды. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуының қазақ халқының шоғырлануында, дамуының ұзақ жолдарында, әсіресе, XV-XVII ғасырларда, ұлттық тұтастығын сақтауына зор маңызы болды. Қазақтың аса көрнекті ғалымы, Солтүстік Қазақстанның тумасы Шоқан Уәлиханов 18 ғасырдың басын қазақ халқының өміріндегі сұрапыл уақыт, ал 1723 жылды ұлы қасірет жылы деп атады. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі адамдардың, малдың қырылуына, қыстаулардың жермен-жексен болуына, тұрғындардың Теріскей мен Батысқа босып кетуіне әкеп соқтырды. Аса күрделі сыртқы саяси жағдайға тап болған қазақ хандары Ресейдің құрамына кіріп, оның көмегіне сүйенуді қиындықтан құтылудың жолы деп білді. Осы саяси қадамдардың арқасында Ресей Жоңғария мен Қазақстанның қарым-қатынастарына араласты. Ресвейге қосылғаннан кейін көп ұзамай-ақ Орынбор экспедициясының бастығы И.Неплюев жоңғарлармен келіссөз жүргізген кезде Ресей жағы орыс-қазақ мүдделерін қорғай отырып, қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын реттеуге қатыспайтынын мәлімдеді. XVIII ғасырдың 40-жылдарының басында жоңғарлар Қазақстанға төрт рет басып кірді. Осы шайқастардың бірінде Абылай сұлтан тұтқынға алынды, бірақ алдағы уақытта Абылай сұлтанмен қарым-қатынасқа мүдделі болған орыс елшілігі оны және оның серіктерін, атап айтқанда Құдайберді батырды тұтқыннан босатып алды. 1742 жылғы 20 мамырда Сенат дұшпандар шабуыл жасай қалған жағдайда қазақ халқын және бекіністерін қорғау шаралары туралы жарлық шығарды.

Моңғол кезеңінен кейінгі Солтүстік Қазақстанның негізгі этникалық тарихы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуымен, жүздердің тайпаларының анықталуымен, көне этникалық ортаның XVII-XVI ғасырлардың екінші жартысында мемлекетке бірігуі оның шоғырлану үдерісінің аяқталуын жылдамдатты. Қазақ хандығының нығыз этникалық негізі – қалыптасқан қазақ ұлты болды. Моңғол басқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті Қыпшақтың, Түркістанның эәне Жетісудің түгелге дерлік рулары мен тайпалары бір мемлекетке біріктірілді. 15-ғасырдың екінші жартысынан бастап халық болып қалыптасу көршілердің арасында және сол уақыттағы оқиғаларды бейнелеген жазбаша дерек көздерінде «қазақтар» тауымен белгілі. Жәнібек пен Керей, Қасым, Есім мен Тәуекел, Тәуке мен Абылай хандардың қызметі мемлекеттің нығаюына мүмкіндік берді. Осы бір ізгі істе олар әйгілі Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің, Бұқар, Қожаберген жыраулардың, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Баян, Олжабай, Бөгенбай, Райымбек батырлардың көиегіне сүйенді.

Жүздер тұрғындарының негізгі шаруашылық көзі сонау ерте дәуірлерде Еуразия далаларында қалыптасқан өзіндік шаруашылықтың мәдени түрі – малшылық болды.

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуының қазақ халқының шоғырлануында, дамуының ұзақ жолдарында, әсіресе, XV-XVII ғасырларда, ұлттық тұтастығын сақтауына зор маңызы болды.

Қазақтың аса көрнекті ғалымы, Солтүстік Қазақстанның тумасы Шоқан Уәлиханов 18 ғасырдың басын қазақ халқының өміріндегі сұрапыл уақыт, ал 1723 жылды ұлы қасірет жылы деп атады. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі адамдардың, малдың қырылуына, қыстаулардың жермен-жексен болуына, тұрғындардың Теріскей мен Батысқа босып кетуіне әкеп соқтырды. Аса күрделі сыртқы саяси жағдайға тап болған қазақ хандары Ресейдің құрамына кіріп, оның көмегіне сүйенуді қиындықтан құтылудың жолы деп білді.

Осы саяси қадамдардың арқасында Ресей Жоңғария мен Қазақстанның қарым-қатынастарына араласты.

Ресвейге қосылғаннан кейін көп ұзамай-ақ Орынбор экспедициясының бастығы И.Неплюев жоңғарлармен келіссөз жүргізген кезде Ресей жағы орыс-қазақ мүдделерін қорғай отырып, қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын реттеуге қатыспайтынын мәлімдеді. XVIII ғасырдың 40-жылдарының басында жоңғарлар Қазақстанға төрт рет басып кірді. Осы шайқастардың бірінде Абылай сұлтан тұтқынға алынды, бірақ алдағы уақытта Абылай сұлтанмен қарым-қатынасқа мүдделі болған орыс елшілігі оны және оның серіктерін, атап айтқанда Құдайберді батырды тұтқыннан босатып алды. 1742 жылғы 20 мамырда Сенат дұшпандар шабуыл жасай қалған жағдайда қазақ халқын және бекіністерін қорғау шаралары туралы жарлық шығарды.

Бөлісу: