Моңғол басқыншылығы

3 Сәуір 2013, 22:55

Моңғол басқыншылығы жергілікті тұрғындардың этникалық құрамына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Ан-Нувейридің деректеріне қарағанда, Ертістің батысынан Балқаш пен Арал теңізіне дейін Қазақстанның Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Орталық аумақтары Жошы ұлысына кірді. Моңғол басқыншыларының ығыстыруымен қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің жеріне ойысты. Наймандар мен керейттер де осында көшті. Бұл этникалық топтардың бейнесін өзгертіп жіберді. Түрлі уақыттарда Солтүстік Қазақстанда наймандар мен керейттерден (керейлерден) өзге татарлар, маңғыттар, жалайырлар, барластар, барындар және басқа да этникалық топтар қоныстанды. Біздің өлкеміз қазақ халқының қалыптасуының зор тарихи үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. 10-12 ғасырлардағы анық байқалған шоғырлану үдерістері бір ғасыр өткеннен кейін ғана, моңғол басқыншылығының теріс зардаптарын жеңу үдерісінің барысында одан әрі алға басуға жағдай тудырды. Біздің дәуірімізге дейінгі VII-IV ғасырларда Сібір мен Солтүстік Қазақстанда сақ-скиф және сармат тайпаларының рулары ғұмыр кешті. Өңірдегі этникалық өзгерістер ерте темір дәуірінде, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда осы жерлерге гүндердің басып кірумен басталып, халықтардың Ұлы көші-қонының түркілік кезеңінде жалғасты. V-VII ғасырларда «қыпшақ» этнонимі пайда болды. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері – Ертістің жоғарғы ағысы мен Алтайдың алғы сілемдері. ІХ-Х ғасырларда олар Орталық Қазақстан мен Батыс Сібірге қоныстанды, ал ХІ ғасырдың соңына таман Ертістің Дунайға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте саяси басымдыққа ие болды. Х ғасырдың ортасында қыпшақтар Солтүстік Қара теңіз жеріне басып кірді, сөйтіп далалықтар деген атаумен тарихқа енді. Қыпшақ қауымдастығы – Қазақстан жерлерінде қоныстанған немесе оның аумағында көшіп-қонған түрлі этникалық тайпалардың ұзақ уақыт бойы бірігу үдерісінің нәтижесі. ХIV-XV ғасырларда тұрғындардың, бұрынғы кездері моңғол ұлыстарына біріккеніндей, жеке мемлекеттер ретінде ұзақ уақыт бойы қалыптасуы Қазақстан аумағында үш жүз болып этникалық шоғырлану арқылы бірнеше топтардың пайда болуына негіз қалады. Қазақтың әрбір жүзінің тайпалары жалпы көші-қон жолдарымен байланыста болды, ортақ этникалық аумақты иеленді. Мәселен, Орта жүз Қазақстанның Орталық Солтүстік және Солтүстік-Шығыс аудандарына қоныстанды: оның құрамында қыпшақтар, арғындар, наймандар, қоңыраттар, керейттер, қарлықтар және басқа рулар болды.

Моңғол басқыншылығы жергілікті тұрғындардың этникалық құрамына айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Ан-Нувейридің деректеріне қарағанда, Ертістің батысынан Балқаш пен Арал теңізіне дейін Қазақстанның Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Орталық аумақтары Жошы ұлысына кірді.

Моңғол басқыншыларының ығыстыруымен қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің жеріне ойысты. Наймандар мен керейттер де осында көшті. Бұл этникалық топтардың бейнесін өзгертіп жіберді. Түрлі уақыттарда Солтүстік Қазақстанда наймандар мен керейттерден (керейлерден) өзге татарлар, маңғыттар, жалайырлар, барластар, барындар және басқа да этникалық топтар қоныстанды.

Біздің өлкеміз қазақ халқының қалыптасуының зор тарихи үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. 10-12 ғасырлардағы анық байқалған шоғырлану үдерістері бір ғасыр өткеннен кейін ғана, моңғол басқыншылығының теріс зардаптарын жеңу үдерісінің барысында одан әрі алға басуға жағдай тудырды.

Біздің дәуірімізге дейінгі VII-IV ғасырларда Сібір мен Солтүстік Қазақстанда сақ-скиф және сармат тайпаларының рулары ғұмыр кешті. Өңірдегі этникалық өзгерістер ерте темір дәуірінде, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда осы жерлерге гүндердің басып кірумен басталып, халықтардың Ұлы көші-қонының түркілік кезеңінде жалғасты. V-VII ғасырларда «қыпшақ» этнонимі пайда болды. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері – Ертістің жоғарғы ағысы мен Алтайдың алғы сілемдері. ІХ-Х ғасырларда олар Орталық Қазақстан мен Батыс Сібірге қоныстанды, ал ХІ ғасырдың соңына таман Ертістің Дунайға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте саяси басымдыққа ие болды. Х ғасырдың ортасында қыпшақтар Солтүстік Қара теңіз жеріне басып кірді, сөйтіп далалықтар деген атаумен тарихқа енді.

Қыпшақ қауымдастығы – Қазақстан жерлерінде қоныстанған немесе оның аумағында көшіп-қонған түрлі этникалық тайпалардың ұзақ уақыт бойы бірігу үдерісінің нәтижесі.

ХIV-XV ғасырларда тұрғындардың, бұрынғы кездері моңғол ұлыстарына біріккеніндей, жеке мемлекеттер ретінде ұзақ уақыт бойы қалыптасуы Қазақстан аумағында үш жүз болып этникалық шоғырлану арқылы бірнеше топтардың пайда болуына негіз қалады. Қазақтың әрбір жүзінің тайпалары жалпы көші-қон жолдарымен байланыста болды, ортақ этникалық аумақты иеленді. Мәселен, Орта жүз Қазақстанның Орталық Солтүстік және Солтүстік-Шығыс аудандарына қоныстанды: оның құрамында қыпшақтар, арғындар, наймандар, қоңыраттар, керейттер, қарлықтар және басқа рулар болды.

Бөлісу: