«Аялаған Астана» байқауы іріктеу кезеңін бастады

2 Сәуір 2013, 13:28

Орал қаласында 2 сәуір күні «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауының тұсаукесері өтті. Іріктеу кезеңінің алғашқы қаласы сайысқа елуден астам жас әншісін қосты. Сайыстың шартына сәйкес республикамыздың әр облысында іріктеу кезеңдері өтіп, ең үздік әншілер маусым айында өтетін үлкен телевизиялық шоуға қатысатын болады, - деп мәлім етті astana.kz сайтына Астана қаласының Мәдениет басқармасынан. Аталған байқау 8 пен 14 жас аралығында эстрада жанрында өнер көрсетіп жүрген балалар арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы Астана қаласының әкімдігі мен ресейдің атақты «АРС» компаниясы. Бұл компания көрші мемлекетте балаларға арналған "Новая волна" байқауын ұйымдастырып келеді. «Аялаған Астана!» - бұл елордамыздың 15-жылдығына арналған үлкен ауқымды шара. Оның ақтық мәресі 6-шы шілде күні Астана қаласында өтеді. Байқауға қатысатын жас әншілерді Қазақстан эстрадасының жұлдыздары іріктеуде. Олардың ішінде Мәдина Садуақасова, Алтынай Жорабаева, Алмас Кішкенбаев, Мөлдір Әуелбекова, Жұлдыз, Бүркіт және басқалар бар. Ал негізгі қазылар алқасын біз телевизиялық жобада білетін боламыз. Телевизиялық шоуға жалпы саны 12 сайыскер қатысады. Олар жеке орындаушылар немесе топтар болуы мүмкін. Байқаудың көркемдік жетекшісі  атақты ресей продюсері Лина Арифулинаның айтуынша, дуэт немесе үштікке түрлі облыстардың балалары біріктілуі мүмкін. Өйткені, басты мақсат, әр облысты сайыстырып қою емес, республика бойынша жаңа балалар музыкалық топтарын, жеке әншілерін тауып, олардың өнерін қалың жұртшылыққа паш ету.  Astana.kz  

Орал қаласында 2 сәуір күні «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауының тұсаукесері өтті. Іріктеу кезеңінің алғашқы қаласы сайысқа елуден астам жас әншісін қосты. Сайыстың шартына сәйкес республикамыздың әр облысында іріктеу кезеңдері өтіп, ең үздік әншілер маусым айында өтетін үлкен телевизиялық шоуға қатысатын болады, - деп мәлім етті astana.kz сайтына Астана қаласының Мәдениет басқармасынан.

Аталған байқау 8 пен 14 жас аралығында эстрада жанрында өнер көрсетіп жүрген балалар арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы Астана қаласының әкімдігі мен ресейдің атақты «АРС» компаниясы. Бұл компания көрші мемлекетте балаларға арналған "Новая волна" байқауын ұйымдастырып келеді.

«Аялаған Астана!» - бұл елордамыздың 15-жылдығына арналған үлкен ауқымды шара. Оның ақтық мәресі 6-шы шілде күні Астана қаласында өтеді. Байқауға қатысатын жас әншілерді Қазақстан эстрадасының жұлдыздары іріктеуде. Олардың ішінде Мәдина Садуақасова, Алтынай Жорабаева, Алмас Кішкенбаев, Мөлдір Әуелбекова, Жұлдыз, Бүркіт және басқалар бар. Ал негізгі қазылар алқасын біз телевизиялық жобада білетін боламыз. Телевизиялық шоуға жалпы саны 12 сайыскер қатысады. Олар жеке орындаушылар немесе топтар болуы мүмкін. Байқаудың көркемдік жетекшісі  атақты ресей продюсері Лина Арифулинаның айтуынша, дуэт немесе үштікке түрлі облыстардың балалары біріктілуі мүмкін. Өйткені, басты мақсат, әр облысты сайыстырып қою емес, республика бойынша жаңа балалар музыкалық топтарын, жеке әншілерін тауып, олардың өнерін қалың жұртшылыққа паш ету. 

Astana.kz

 

Бөлісу: