Қазақстандық Александра Сатарова әлемнің үздік 15 моделі тізіміне енді

2 Сәуір 2013, 13:23

Алматылық модель Александра Сатарова TOP Model of the World-2013 байқауының топ-15 тізіміне енді, сонымен қатар «Еуропаның II вице-мисс ханшайымы» титулын жеңіп алды,деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сүйеніп.  Халықаралық жарыста әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 50 ару бақтарын сынады. TOP Model of the World-2013 байқауының шеңберінде әлемнің ең үздік 15 моделі анықталды. 17 жасар алматылық бойжеткен осы тізімге ілікті. Қазақстандық тағы бір модель Диана Абдрахманова бұл топқа кіре алмады. TOP Model of the World сән-индустриясының ең беделді де ауқымды байқауы болып саналады. Байқауда жеңіп шығу сұлу қыздарға әлемдік көрсетілімдерге, атақты брендтермен бірлесе жұмыс істеуге, фотосессияларға қатысуға жарқын жол ашады.  BAQ.KZ

Алматылық модель Александра Сатарова TOP Model of the World-2013 байқауының топ-15 тізіміне енді, сонымен қатар «Еуропаның II вице-мисс ханшайымы» титулын жеңіп алды,деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сүйеніп. 

Халықаралық жарыста әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 50 ару бақтарын сынады. TOP Model of the World-2013 байқауының шеңберінде әлемнің ең үздік 15 моделі анықталды. 17 жасар алматылық бойжеткен осы тізімге ілікті. Қазақстандық тағы бір модель Диана Абдрахманова бұл топқа кіре алмады.

TOP Model of the World сән-индустриясының ең беделді де ауқымды байқауы болып саналады. Байқауда жеңіп шығу сұлу қыздарға әлемдік көрсетілімдерге, атақты брендтермен бірлесе жұмыс істеуге, фотосессияларға қатысуға жарқын жол ашады. 

BAQ.KZ

Бөлісу: