2 Сәуір 2013, 13:19
Швециядағы жерасты жолдарының бірінен археологтар швед халқының аңызында кездесетін найзағай құдайы Тордың балғасына ұқсас жәдігер тапты. Бұл жайында The Local хабарлайды.Аңызда бұл балға "мьеллнир" деген атпен белгілі. Ғалымдар оны темір жол үшін салынып жатқан тоннельдің ішінен тауып алған.
Жер қазып жатқан инженерлер алдымен шошайып шығып тұрған балғаның 60 сантиметр темір сабын байқапты. Онда норвегиялық руналар мен найзағайдың суреті бейнеленген. Ғалымдар болса құнды жәдігердің салмағы шамамен елу келіге жетеді деп болжап отыр. Ал, нақты салмағы балға жер астынан толық шығарылғаннан кейін белгілі болмақ.
Тор - ежелгі Скандинавиядағы найзағай мен дауылдың құдайы. Ол аңыз бойынша ең жоғарғы құдай Один мен жер құдай-анасы Ёрдтың ұлы. Тор құдайлар мен адамдарды алып құбыжықтардан қорғаған деседі шведтердің аңызында.
BAQ.KZ