Тарихы

1 Сәуір 2013, 10:31

  Оңтүстік Қазақстан облысының намысын аладоп аламанында қорғап жүрген «Ордабасы» футбол клубының тарихы тым ұзақ емес. Жеткен жетістіктері де саусақпен санарлықтай. Отандық футболдың туын биікте желбіретіп келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы» кәсіби футбол клубы 2003  жылы  құрылды.  Ал, Шымкент  футболының тарихы тереңде жатыр. Кеңес одағы кезінде «Еңбек»  (1960 жыл) командасы болып құрылып, кейіннен «Металлург» ( 1961 -80 жылдары), «Мелиоратор» ( 1981- 92 жылдары), «Жігер» (1992-2000 жылдары), ал, 2000 жылы «Достық» атауымен  жергілікті  жанкүйерлердің жүрегіне жол тапты.    Жерлестеріміз 1998 жылдан бері  жоғары лига командалары арасында  333 ойын өткізді. Оның 108-інде жеңіске жетсе, 80 кездесу  тең аяқталды. Ал, 145 ойында жеңіліс тапты.  Ел кубогы жолындағы жарыстың 2007 жылғы  финалында  Қостанайдың «Тобылынан» ұтылды. Сонымен қатар, 2010 жылы  Қазақстан футбол лигасының  кубогін жеңіп алды.       Енді, шымкенттік  футболшылардың әр жылдары қол жеткізген жетістіктеріне тоқталсақ, 1994 жылы жерлестеріміз  жоғары лига командалары арасында қола медалге қол жеткізді. Ордабасылықтар 2003 жылы 6-шы орынды иеленсе,  2004 жылы  14-ші, ал, 2005 жылы 6-шы, 2006 жылы 13-ші, 2007 жылы 9-шы, 2008 жылы 12-ші, 2009 жылы 7-ші,  сондай-ақ, 2010 жылы 8-ші орынға,  2011-жылы 6-орынға тұрақтады.  Команда сапында өнер көрсеткен  Е.Пехлеваниди, Қ.Ордабаев, Ф.Салимов, Б.Баймұхаметов, М.Кубиев, Б.Байсейтов, А.Талмачев, Қ.Мұсатаев, Т.Ихсанов, Ш.Кенжебаев, Ф.Урдабаев, О.Воскобойников, Қ.Қарақұлов, А.Ваганов, А.Мокин, Ұ.Асанбаев, Т.Нөсербаев, Қ.Әшірбеков, Ф.Ирисметов, А.Нұрғалиев,М.Мухтаров, В.Евстигнеев, А.Нұрғалиев,Д.Тәжімбетов  сынды дара футболшылар  әр жылдары Қазақстанның ұлттық құрама командасының намысын қорғады.  Әр жылдары  команданы  мынадай білікті бапкерлер жаттықтырды:  Ш.Хафизов, Б,Байсейітов, Б,Баймұхамбетов, А.Дыжин, Ш.Кенжебаев, С.Каменский, С.Максимов,В.Масудов, С.Шевченко, А.Ваганов, М.Брагонья, Й.Николич, В.Никитенко, В.Белявский,В.Пасулько. Клуб атауларының тарихы ·         «Томирис» (1998,2000) ·         «Синтез» (1999) ·         «Достық» (2000-2002) ·         «Ордабасы» (2002-о.у) 1998 жылы Жігер мен Томирис клубтарының қосылуымен пайда болды.Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 11 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Дереккөзі: «Ордабасы» футбол клубы  

 

Оңтүстік Қазақстан облысының намысын аладоп аламанында қорғап жүрген «Ордабасы» футбол клубының тарихы тым ұзақ емес. Жеткен жетістіктері де саусақпен санарлықтай.

Отандық футболдың туын биікте желбіретіп келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы» кәсіби футбол клубы 2003  жылы  құрылды.  Ал, Шымкент  футболының тарихы тереңде жатыр.
Кеңес одағы кезінде «Еңбек»  (1960 жыл) командасы болып құрылып, кейіннен «Металлург» ( 1961 -80 жылдары), «Мелиоратор» ( 1981- 92 жылдары), «Жігер» (1992-2000 жылдары), ал, 2000 жылы «Достық» атауымен  жергілікті  жанкүйерлердің жүрегіне жол тапты.   
Жерлестеріміз 1998 жылдан бері  жоғары лига командалары арасында  333 ойын өткізді. Оның 108-інде жеңіске жетсе, 80 кездесу  тең аяқталды. Ал, 145 ойында жеңіліс тапты.  Ел кубогы жолындағы жарыстың 2007 жылғы  финалында  Қостанайдың «Тобылынан» ұтылды. Сонымен қатар, 2010 жылы  Қазақстан футбол лигасының  кубогін жеңіп алды.      
Енді, шымкенттік  футболшылардың әр жылдары қол жеткізген жетістіктеріне тоқталсақ, 1994 жылы жерлестеріміз  жоғары лига командалары арасында қола медалге қол жеткізді. Ордабасылықтар 2003 жылы 6-шы орынды иеленсе,  2004 жылы  14-ші, ал, 2005 жылы 6-шы, 2006 жылы 13-ші, 2007 жылы 9-шы, 2008 жылы 12-ші, 2009 жылы 7-ші,  сондай-ақ, 2010 жылы 8-ші орынға,  2011-жылы 6-орынға тұрақтады. 
Команда сапында өнер көрсеткен  Е.Пехлеваниди, Қ.Ордабаев, Ф.Салимов, Б.Баймұхаметов, М.Кубиев, Б.Байсейтов, А.Талмачев, Қ.Мұсатаев, Т.Ихсанов, Ш.Кенжебаев, Ф.Урдабаев, О.Воскобойников, Қ.Қарақұлов, А.Ваганов, А.Мокин, Ұ.Асанбаев, Т.Нөсербаев, Қ.Әшірбеков, Ф.Ирисметов, А.Нұрғалиев,М.Мухтаров, В.Евстигнеев, А.Нұрғалиев,Д.Тәжімбетов  сынды дара футболшылар  әр жылдары Қазақстанның ұлттық құрама командасының намысын қорғады. 
Әр жылдары  команданы  мынадай білікті бапкерлер жаттықтырды:  Ш.Хафизов, Б,Байсейітов, Б,Баймұхамбетов, А.Дыжин, Ш.Кенжебаев, С.Каменский, С.Максимов,В.Масудов, С.Шевченко, А.Ваганов, М.Брагонья, Й.Николич, В.Никитенко, В.Белявский,В.Пасулько.

Клуб атауларының тарихы

·         «Томирис» (1998,2000)

·         «Синтез» (1999)

·         «Достық» (2000-2002)

·         «Ордабасы» (2002-о.у)

1998 жылы Жігер мен Томирис клубтарының қосылуымен пайда болды.Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 11 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.

Дереккөзі: «Ордабасы» футбол клубы
 

Бөлісу: