Құрылу кезеңі

1 Сәуір 2013, 09:51

  «Шахтер» 1958 жылы Бүкілодақтық аренада тұңғыш рет өнер көрсеткен кезде оның құрамындағы алғашқы қарлығаштар қақпашы Геннадий Денисов, команда капитаны Андрей Гумиров, сондай-ақ, Вениамин Чуваков, Павел Казаков, Виталий Дьяков, Аскольд Рогачев, Виктор Селиванов және басқа да көптеген футболшылар болды. Бұлардың бәрі көптеген қарағандылықтардың кумиріне айналды: жұрт оларды көшеде танитын, сол кездегі он мың адам ғана сиятын стадионның жасыл алаңындағы оларға құдайындай табынушы еді. Футболшылардың алаң үстіндегі іс-қимылын әрбір ойыннан кейін жанкүйерлер ұзақ уақыт талқылайтын. Алғашқы маусымда біздің футболшылардың үлесінде жеңіс соншалықты көп болған жоқ, дегенмен «Пахтакор» (Ташкент), «Локомотив» (Челябинск), «Звезда» (Пермь), «Колхозчи» (Ашхабад) сынды белгілі командалармен болған ойындарда олар кеншілерге тән қайсар мінез таныта білді. Есте қалған сол жылы «кеншілер» Қарағандыда алғашқы халықаралық кездесу өткізіп, Қытай Халық Республикасының футболшыларымен 1:1 есебімен тең түскен. Қарағандылық футболшыларға алғашқы табыс 1961 жылы келді: «Шахтер» «Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Владимир Котляровтың жетекшілігімен «Б» класындағы аймақтық турнирде 16 команданың ішінде мәреге екінші болып жетті; ал келесі маусымда «А» класында ойнау құқығына ие болды. Одессада Гомельдің «Локомотивімен» болған өтпелі матчта соғылған жалғыз «алтын» голдың авторы болып 18 жастағы Виктор Абгольц атанды. Сол кезде қараша айының қара суығында кешке қарай жүздеген жанкүйерлер Қарағанды әуежайына ұшақпен жеткен «Шахтерді» қарсы алды. Траптың түбінде үрлемелі оркестр ойнап тұрды, құшақтар гүлге толып, құттықтаулар қарша жауды. Жанкүйер қауымның жүрегі сүйікті командасына деген мақтанышқа толы болатын. Сол маусымда команданың арқа сүйер ойыншылары Гелий Шершевский, Владислав Горбов, Владимир Десятчиков, Николай Сергеев, Вениамин Чуваков, Геннадий Костюченко және т.б. болды. Ал «Шахтердің" «А» класындағы өнері жанкүйерге қаншама қуанышты да қайталанбас минуттар сыйлады десеңізші?! Деңгейі жоғары турнирдегі алғашқы жылдың өзінде «кеншілер» мынандай белгілі клубтарды тізе бүктірді: «Шинник» (Ярославль) — 3:0, «Черноморец» (Одесса)- 2:1, «Даугава» (Рига) — 2:1, «Жальгирис» (Вильнюс) — 3:1; ал кубок сынында Ленинградтың «Зенитін» 3:0 есебімен жеңіп, келесі матчта ғана қақпасын Лев Яшин қорғаған мәскеулік «Динамодан» 1:2 болып ұтылып қалды. Дереккөзі: «Шахтер» футбол клубы

 

«Шахтер» 1958 жылы Бүкілодақтық аренада тұңғыш рет өнер көрсеткен кезде оның құрамындағы алғашқы қарлығаштар қақпашы Геннадий Денисов, команда капитаны Андрей Гумиров, сондай-ақ, Вениамин Чуваков, Павел Казаков, Виталий Дьяков, Аскольд Рогачев, Виктор Селиванов және басқа да көптеген футболшылар болды. Бұлардың бәрі көптеген қарағандылықтардың кумиріне айналды: жұрт оларды көшеде танитын, сол кездегі он мың адам ғана сиятын стадионның жасыл алаңындағы оларға құдайындай табынушы еді. Футболшылардың алаң үстіндегі іс-қимылын әрбір ойыннан кейін жанкүйерлер ұзақ уақыт талқылайтын.

Алғашқы маусымда біздің футболшылардың үлесінде жеңіс соншалықты көп болған жоқ, дегенмен «Пахтакор» (Ташкент), «Локомотив» (Челябинск), «Звезда» (Пермь), «Колхозчи» (Ашхабад) сынды белгілі командалармен болған ойындарда олар кеншілерге тән қайсар мінез таныта білді. Есте қалған сол жылы «кеншілер» Қарағандыда алғашқы халықаралық кездесу өткізіп, Қытай Халық Республикасының футболшыларымен 1:1 есебімен тең түскен.

Қарағандылық футболшыларға алғашқы табыс 1961 жылы келді: «Шахтер» «Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Владимир Котляровтың жетекшілігімен «Б» класындағы аймақтық турнирде 16 команданың ішінде мәреге екінші болып жетті; ал келесі маусымда «А» класында ойнау құқығына ие болды. Одессада Гомельдің «Локомотивімен» болған өтпелі матчта соғылған жалғыз «алтын» голдың авторы болып 18 жастағы Виктор Абгольц атанды. Сол кезде қараша айының қара суығында кешке қарай жүздеген жанкүйерлер Қарағанды әуежайына ұшақпен жеткен «Шахтерді» қарсы алды. Траптың түбінде үрлемелі оркестр ойнап тұрды, құшақтар гүлге толып, құттықтаулар қарша жауды. Жанкүйер қауымның жүрегі сүйікті командасына деген мақтанышқа толы болатын. Сол маусымда команданың арқа сүйер ойыншылары Гелий Шершевский, Владислав Горбов, Владимир Десятчиков, Николай Сергеев, Вениамин Чуваков, Геннадий Костюченко және т.б. болды.

Ал «Шахтердің" «А» класындағы өнері жанкүйерге қаншама қуанышты да қайталанбас минуттар сыйлады десеңізші?! Деңгейі жоғары турнирдегі алғашқы жылдың өзінде «кеншілер» мынандай белгілі клубтарды тізе бүктірді: «Шинник» (Ярославль) — 3:0, «Черноморец» (Одесса)- 2:1, «Даугава» (Рига) — 2:1, «Жальгирис» (Вильнюс) — 3:1; ал кубок сынында Ленинградтың «Зенитін» 3:0 есебімен жеңіп, келесі матчта ғана қақпасын Лев Яшин қорғаған мәскеулік «Динамодан» 1:2 болып ұтылып қалды.

Дереккөзі: «Шахтер» футбол клубы

Бөлісу: