1 Сәуір 2013, 03:59
Бұл мереке нақты қайдан бастау алатындығы туралы мәліметтер жоқ. Күлкі күнінің пайда болуы туралы көп тараған нұсқалардың бірі - бастапқыда 1 сәуір көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелу күні және Пасха уақыты ретінде атап өтілді. Көктемгі жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен, әдемі әзілдермен өтті.
Осындай кең тараған нұсқалардың тағы бірі 1582 жылы Рим Папасы Григориймен енгізілген Григориан күнтізбесіне көшумен байланысты. Мәселе, орта ғасырларда Жаңа жыл 1 қаңтарда емес, наурыз айының соңында атап өтілді. Жаңажылдық апта 25 наурызда басталып, 1 сәуірде аяқталды.
Сонау жылдары жаңажылдық мереке күндері көтеріңкі-көңіл күймен жүру дәстүрге айналды. Бірақ күнтізбенің өзгеруіне қарамастан, кейбір адамдар жыл бастауын ескі нұсқа бойынша атап өтуді жөн көреді. Адамдар бір-бірімен әзілдесіп, «қалжыңды» сыйлықтар сыйлады. Осылайша, «Күлкі күні» пайда болды.
ҚазАқпарат.