Аудармадағы қателік: КХДР Оңтүстік Кореяға соғыс жариялаған жоқ

30 Наурыз 2013, 10:21

Солтүстік Корея билігінің Оңтүстікпен арадағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты мәлімдемесі орыс тіліне дұрыс аударылмаған. РБК-ның Корей Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, шындығында коммунистік мемлекеттің үкіметі Сеулдің әлі орын ала қоймаған араңдатушылығына жауап ретінде әскери іс-қимылдардың басталуы мүмкіндігі туралы ғана ескерткен.    Reuters мәліметтері бойынша, КХДР аумағында әскердің мол шоғырының қозғалысы байқала қоймаған. Оңтүстік Кореяда Пхеньян мәлімдемесін арандатушылық ретінде бағалап отыр. Дегенмен, де сарапшылар коммунистік ел билігінің өктемдігін атап өтуде. Мәлімдеме мәтінінде  «Толық ауқымды», «ядролық соғыс» және «Оңтүстікке жай оғындай соққы» деген сөздер кездеседі. Пхеньянның нақтылай түсуінше, Корей түбегіндегі қарым-қатынастың ушығуына Сеул мен Вашингтонның бірлескен оқу-жаттығуы түрткі болған. Бұған жауап ретінде Ким Чен Ын генералдармен кеңескен соң, зымырандарын АҚШ-тың Гуам, Гавай және Оңтүстік Кореядағы базаларын нысанаға алуды бұйырған. КХДР көшбасшысы: «Орын алған ахуалды ескере отырып америкалық империалистермен есеп айырысатын кез келді», - депті. ҚазАқпарат.

Солтүстік Корея билігінің Оңтүстікпен арадағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты мәлімдемесі орыс тіліне дұрыс аударылмаған. РБК-ның Корей Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, шындығында коммунистік мемлекеттің үкіметі Сеулдің әлі орын ала қоймаған араңдатушылығына жауап ретінде әскери іс-қимылдардың басталуы мүмкіндігі туралы ғана ескерткен.   

Reuters мәліметтері бойынша, КХДР аумағында әскердің мол шоғырының қозғалысы байқала қоймаған. Оңтүстік Кореяда Пхеньян мәлімдемесін арандатушылық ретінде бағалап отыр.

Дегенмен, де сарапшылар коммунистік ел билігінің өктемдігін атап өтуде. Мәлімдеме мәтінінде  «Толық ауқымды», «ядролық соғыс» және «Оңтүстікке жай оғындай соққы» деген сөздер кездеседі.

Пхеньянның нақтылай түсуінше, Корей түбегіндегі қарым-қатынастың ушығуына Сеул мен Вашингтонның бірлескен оқу-жаттығуы түрткі болған. Бұған жауап ретінде Ким Чен Ын генералдармен кеңескен соң, зымырандарын АҚШ-тың Гуам, Гавай және Оңтүстік Кореядағы базаларын нысанаға алуды бұйырған.

КХДР көшбасшысы: «Орын алған ахуалды ескере отырып америкалық империалистермен есеп айырысатын кез келді», - депті.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: