Семіздер тыныс алғанда метан мен сутегі көп бөлінеді

29 Наурыз 2013, 08:36

Адамның ішек микробтары бөлетін газ оның семіздік ауруының көрсеткіші болуы мүмкін. Сондықтан америкалық дәрігерлер мұны анықтау үшін адамның тыныс алуын тексеруді ұсынады.  Бұл туралы Live Science басылымына сілтеме жасаған Мeddaily.ru порталы хабар­лады. АҚШ-тың Седарс Синай медициналық орталығының дәрігері Рачи Матур бастаған ғылыми топ адам­ның семіздік ауруын Methanobrevibacter smithii микробынан білуге болатынын айтады. Бұл микроағза өзге бактериялар бөлетін сутегімен қоректе­неді. Осы микробтың әрекетінен адам ағза­сы ас калориясын түгел сіңіріп алатын бола­ды, яғни ферментация күшейеді. Ғалымдар 792 адам қатысқан зерттеудің нәтиже­сінде аталған микробтың бар-жоғын адам­ның тыныс алуынан аңғаруға бола­ты­нына көз жеткізді. Дене салмағының ин­дек­сі жоғары, майлы ұлпасы көп адам­дар тыныс алғанда метан мен сутегі кон­центрациясы көп бөлінеді екен.  Алаш айнасы 

Адамның ішек микробтары бөлетін газ оның семіздік ауруының көрсеткіші болуы мүмкін. Сондықтан америкалық дәрігерлер мұны анықтау үшін адамның тыныс алуын тексеруді ұсынады. 

Бұл туралы Live Science басылымына сілтеме жасаған Мeddaily.ru порталы хабар­лады. АҚШ-тың Седарс Синай медициналық орталығының дәрігері Рачи Матур бастаған ғылыми топ адам­ның семіздік ауруын Methanobrevibacter smithii микробынан білуге болатынын айтады. Бұл микроағза өзге бактериялар бөлетін сутегімен қоректе­неді. Осы микробтың әрекетінен адам ағза­сы ас калориясын түгел сіңіріп алатын бола­ды, яғни ферментация күшейеді. Ғалымдар 792 адам қатысқан зерттеудің нәтиже­сінде аталған микробтың бар-жоғын адам­ның тыныс алуынан аңғаруға бола­ты­нына көз жеткізді. Дене салмағының ин­дек­сі жоғары, майлы ұлпасы көп адам­дар тыныс алғанда метан мен сутегі кон­центрациясы көп бөлінеді екен. 


Алаш айнасы 

Бөлісу: