29 Наурыз 2013, 07:56
29 наурыз күні Астана уақытымен 02:43-те Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық Ғарыш станциясына қарай бортында «Союз ТМА-08М» кемесі бар «Союз-ФГ» ракетасы ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.
02:52-де «Союз ТМА-08М» кемесі станцияның орбитасына келгенде зымыран-тасығыштан бөлінді. ХҒС-на бағыт алған кеме бортында 35/36 экспедициясының экипаждары - топ командирі Павел Виноградов, бортинженер Александр Мисуркин және НАСА-ның өкілі Кристофер Кэсседи бар.
Сапар 168 тәулікке созылады деп жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде Халықаралық Ғарыш станциясында 34/35 экспедициясы жұмыс істеп жатыр. Жаңа 35/36 экспедициясы ХҒС-ға жеткенде экипаж құрамы 6 адамға толығады.
Мамандар ғарышта 504 сеанс және 49 тәжірибе өткізетін болады.
Massaget.kz