Қазақ тілін латиницаға көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия алдағы күзде құрылады

29 Наурыз 2013, 06:12

Қазақ  тілін латиницаға көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия 2013 жылғы қыркүйекте құрылады, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» жеткізді. «Үкіметтің бізге берген жауабы бойынша, мемлекеттік үлкен комиссия осы жылдың 1 қыркүйегінде құрылады. Соның құрамына ғалымдар, депутаттар болады деп көрсетілген. Ал әзірге ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. Олар әлі мәселенің ауыр жағын қарап, мемлекеттік комиссияға өзекті сұрақтарды ұсынып отырады. Былайша айтқанда, жұмысшы топ жұмыс істеп жатыр», – деді келесі кезекте Алдан Смайыл. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латиницаға 2025 жылға қарай көшіруді тапсырған болатын. Егемен Қазақстан.

Қазақ  тілін латиницаға көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия 2013 жылғы қыркүйекте құрылады, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» жеткізді.
«Үкіметтің бізге берген жауабы бойынша, мемлекеттік үлкен комиссия осы жылдың 1 қыркүйегінде құрылады. Соның құрамына ғалымдар, депутаттар болады деп көрсетілген. Ал әзірге ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. Олар әлі мәселенің ауыр жағын қарап, мемлекеттік комиссияға өзекті сұрақтарды ұсынып отырады. Былайша айтқанда, жұмысшы топ жұмыс істеп жатыр», – деді келесі кезекте Алдан Смайыл.
Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латиницаға 2025 жылға қарай көшіруді тапсырған болатын.

Егемен Қазақстан.

Бөлісу: