29 Наурыз 2013, 06:03
Польша мен Словакияның Олимпиадалық комитеттері Краковте Олимпиада-2022 ойындарын өткізуге бірлесіп өтініш береді. Бұл туралы Польша Премьер-Министрі Дональд Туск Словакияның Премьер-Министрі Роберт Фицпен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Польша үкіметі басшысының сөзіне қарағанда, қос мемлекет ойындарды Краковте өткізуге келісті, бірақ Олимпиаданың хоккей турнирі Словакияда өтеді. Айта кетер жайт, мұндай жағдай Халықаралық олимпиада комитетінің тәжірибесінде бұрын болмаған.
Поляктар мен словактардың бірден-бір бәсекелестері Норвегия мен Испания және Украина болуы ықтимал.
ҚазАқпарат.