Қалалық N 2 сотының тарихы

28 Наурыз 2013, 11:40

  Қызылорда облыстық атқару комитетінің 1966-жылғы 22- қарашадағы шешіміне орай Сырдария ауданы құрылған. Қызылорда облыстық сотының Әділет |Басқармасының 16- ақпан 1998- жылғы № 265- санды бұйрығымен Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Әнуарбеков Қазақстан Республикасы Президентінің 29- желтоқсан 1997- жылғы 3839 санды жарлығымен Тасбөгет аймақтық сотының аға судьясы қызметіне тағайындалған.    Яғни, Қызылорда облысының Сырдария ауданы тарап, Сырдария аудандық соты Тасбөгет аймақтық соты болып Қызылорда қалалық сотына қараған. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық Әділет Басқармасының № 877- санды 1- маусым 1998- жылғы бұйрығына сай Қызылорда мемлекеттік аумақтық комитетінің 1997- жылдың 21- қазанындағы № 339- санды Қаулысына сәйкес Тасбөгет қыстағындағы бұрынғы аудандық кітапхананың екі қабатты ғимараты Тасбөгет учаскелік сотына берілуіне байланысты 1998- жылдың 29- мамырынан бастап Әділет басқармасының балансына өтікізілген. Қызылорда облыстық сотының № 101- санды 24- қыркүйек 2001- жылғы өкімімен Қызылорда қалалық сотының құрамындағы Тасбөгет сот учаскесінен -Қызылорда қаласының № 2 соты болып қайта ұйымдастырылған сот төрағасының міндетін атқаруға Қызылорда қаласының № 2 сотының судьясы Әнуарбеков Амангелді тағайындалған. Сырдария аудандық сотының алғашқы төрағасы Досымов Айтбай 1922- жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туылған. Ұлы Отан соғысының ардагері, жаяу әскер училищесін бітірген. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, басқада толып жатқан медальдармен марапатталған. 1951- жылы ол Алматы қаласындағы Заң институтын бітірген. Жоғары оқу орнын бітірген соң Қызылорда қалалық сотының судьясы, Жалағаш, Қазалы, Сырдария халық соттарының судьясы болып еңбек еткен. 1966-1976- жылдары Сырдария аудандық сотының төрағасы болды. Досмайлов Әбіласан Досмайұлы 1926- жылы 21- маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданының «Қоғалы көл» ауылында туылған. 1958- жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген. Еңбек жолын 1948- жылы Қызылорда облыстық сотының хатшысы болып бастаған. 1949-1964- жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінде әр түрлі қызметтерде болды. Милиция капитаны. 1964- жылы Қармақшы, 1965- жылдан Жалағаш аудандарының, 1973-1976- жылдары Қызылорда қалалық халық сотының судьясы, 1976-1987- жылдары Сырдария аудандық сотының судьясы. Қажырлы да, адал еңбегі үшін ол «Лениннің 100 жылдығы», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Көп жылдық еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Дереккөзі: Қызылорда қаласының N 2 соты

 

Қызылорда облыстық атқару комитетінің 1966-жылғы 22- қарашадағы шешіміне орай Сырдария ауданы құрылған.

Қызылорда облыстық сотының Әділет |Басқармасының 16- ақпан 1998- жылғы № 265- санды бұйрығымен Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Әнуарбеков Қазақстан Республикасы Президентінің 29- желтоқсан 1997- жылғы 3839 санды жарлығымен Тасбөгет аймақтық сотының аға судьясы қызметіне тағайындалған.    Яғни, Қызылорда облысының Сырдария ауданы тарап, Сырдария аудандық соты Тасбөгет аймақтық соты болып Қызылорда қалалық сотына қараған.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық Әділет Басқармасының № 877- санды 1- маусым 1998- жылғы бұйрығына сай Қызылорда мемлекеттік аумақтық комитетінің 1997- жылдың 21- қазанындағы № 339- санды Қаулысына сәйкес Тасбөгет қыстағындағы бұрынғы аудандық кітапхананың екі қабатты ғимараты Тасбөгет учаскелік сотына берілуіне байланысты 1998- жылдың 29- мамырынан бастап Әділет басқармасының балансына өтікізілген.

Қызылорда облыстық сотының № 101- санды 24- қыркүйек 2001- жылғы өкімімен Қызылорда қалалық сотының құрамындағы Тасбөгет сот учаскесінен -Қызылорда қаласының № 2 соты болып қайта ұйымдастырылған сот төрағасының міндетін атқаруға Қызылорда қаласының № 2 сотының судьясы Әнуарбеков Амангелді тағайындалған.

Сырдария аудандық сотының алғашқы төрағасы Досымов Айтбай 1922- жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туылған. Ұлы Отан соғысының ардагері, жаяу әскер училищесін бітірген. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, басқада толып жатқан медальдармен марапатталған. 1951- жылы ол Алматы қаласындағы Заң институтын бітірген. Жоғары оқу орнын бітірген соң Қызылорда қалалық сотының судьясы, Жалағаш, Қазалы, Сырдария халық соттарының судьясы болып еңбек еткен. 1966-1976- жылдары Сырдария аудандық сотының төрағасы болды.

Досмайлов Әбіласан Досмайұлы 1926- жылы 21- маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданының «Қоғалы көл» ауылында туылған. 1958- жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген. Еңбек жолын 1948- жылы Қызылорда облыстық сотының хатшысы болып бастаған. 1949-1964- жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінде әр түрлі қызметтерде болды. Милиция капитаны. 1964- жылы Қармақшы, 1965- жылдан Жалағаш аудандарының, 1973-1976- жылдары Қызылорда қалалық халық сотының судьясы, 1976-1987- жылдары Сырдария аудандық сотының судьясы. Қажырлы да, адал еңбегі үшін ол «Лениннің 100 жылдығы», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Көп жылдық еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Дереккөзі: Қызылорда қаласының N 2 соты

Бөлісу: