Аудан тарихы

28 Наурыз 2013, 10:38

  Жаңақорған ауданы – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының оңтүстік шығысында орналасқан аудан. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Ауданның территориясы – 16,6 мың шаршы шақырым, бұл облыстың жалпы жер көлемінің 6,8 пайызын құрайды. Аудан орталығы - Жаңақорған кенті,  Қызылорда қаласынан 178 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда 2 кент және 24 ауылдық округ бар, 17 ұлттың өкілдері тұрады. Аудан бойынша жалпы халық саны 71023, оның ішінде  48523 немесе 68,3 пайызы ауылдық округтерде тұрады. Ауданның жері Қаратау бөктерінен басталатын төбешікті жазық. Жаңақорған ауданында әйгілі емдік-шипалық қоры «Теріскен» көлінің табиғи қара балшығы мен минералды суы  сүйек буын және нерв жүйелері ауруларын, сондай-ақ ішкі ағзалар ауруларын емдейтін емдік қасиеті жоғары, құрамы жөнінен Железноводскінің Смерновский суымен сәйкес минералды су болып табылатын Жаңақорған санаториясы бар. Ерте заманда Сыр өңірінің бүкіл қазақ елінің басты қалалары болған Сығанақ, Өзгент, Баршынкент шаһарлары және Айқожа әулие, Қорасан ата кесенелері осы ауданның жерінде. Климаты – континенттік: қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Ауданның негізгі шаруашылық саласы - егін және мал шаруашылығы. Сонымен бірге, Шалқия кен орнында қорғасын, мырыш және әртүрлі фракцияда қиыршық тастар өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл елде өткен ғасырларда жүрек жұтқан батырлар, оқымысты Исамеддин Сығанаки, кейінде күйші Әлшекей Бектібайұлы, ақын Құлан Алдабергенұлы, әнші-жыршы Құтбай Дүрбайұлы өмір сүрсе, қоғам қайраткерлері С.Сапарбеков, Н.Төреқұлов, Б.Аралбаевтар туып-өскен. Бұл кешегі өткен Халық ақыны Манап Көкеновтың, академик-ғалымдар А.Ильялетдинов, Ә.Бақтыбаев, Халық қаһарманы М.Әлиевтің, ғалымдар С.Сартаев пен А.Ержановтардың және ақын-жазушылар Ж.Қыдыров пен мемлекеттік сыйлықтың иегері Д.Досжан, С.Мұхтарұлы, Т.Нұрмағанбетовтың, тәуелсіз республика Елтаңбасының авторы Ж.Мәлібековтың, мемлекеттік сыйлықтың иегері, әйгілі дирижер, Қазақстанның халық әртісі Т.Әбдірашовтың елі. Бұл өңірде ғасырлар бұрын әйгілі Сығанақ, Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент сияқты тарихи көне қалалар мен қамалдар болса, Көккесене, Қорасан Ата, Қарасопы, Қылышты ата сағаналары, Ақтас, Сунақата, Алты ата (қоңырат) мешіті – медресе секілді тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Кезінде Сырдария губерниясының Түркістан уезіне қарасты Жаңақорған болыстағы 17 қаңтар 1928 жылы ауданға айналып, 1966 жылға дейін көрші Шиелі ауданымен 2 рет бірігіп, 2 рет бөлінген (1931-1962). Дереккөзі: Жаңақорған ауданы әкімдігінің аппараты

 

Жаңақорған ауданы – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының оңтүстік шығысында орналасқан аудан. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Ауданның территориясы – 16,6 мың шаршы шақырым, бұл облыстың жалпы жер көлемінің 6,8 пайызын құрайды.

Аудан орталығы - Жаңақорған кенті,  Қызылорда қаласынан 178 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда 2 кент және 24 ауылдық округ бар, 17 ұлттың өкілдері тұрады. Аудан бойынша жалпы халық саны 71023, оның ішінде  48523 немесе 68,3 пайызы ауылдық округтерде тұрады.

Ауданның жері Қаратау бөктерінен басталатын төбешікті жазық.

Жаңақорған ауданында әйгілі емдік-шипалық қоры «Теріскен» көлінің табиғи қара балшығы мен минералды суы  сүйек буын және нерв жүйелері ауруларын, сондай-ақ ішкі ағзалар ауруларын емдейтін емдік қасиеті жоғары, құрамы жөнінен Железноводскінің Смерновский суымен сәйкес минералды су болып табылатын Жаңақорған санаториясы бар.

Ерте заманда Сыр өңірінің бүкіл қазақ елінің басты қалалары болған Сығанақ, Өзгент, Баршынкент шаһарлары және Айқожа әулие, Қорасан ата кесенелері осы ауданның жерінде.

Климаты – континенттік: қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ.

Ауданның негізгі шаруашылық саласы - егін және мал шаруашылығы. Сонымен бірге, Шалқия кен орнында қорғасын, мырыш және әртүрлі фракцияда қиыршық тастар өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді.

Бұл елде өткен ғасырларда жүрек жұтқан батырлар, оқымысты Исамеддин Сығанаки, кейінде күйші Әлшекей Бектібайұлы, ақын Құлан Алдабергенұлы, әнші-жыршы Құтбай Дүрбайұлы өмір сүрсе, қоғам қайраткерлері С.Сапарбеков, Н.Төреқұлов, Б.Аралбаевтар туып-өскен. Бұл кешегі өткен Халық ақыны Манап Көкеновтың, академик-ғалымдар А.Ильялетдинов, Ә.Бақтыбаев, Халық қаһарманы М.Әлиевтің, ғалымдар С.Сартаев пен А.Ержановтардың және ақын-жазушылар Ж.Қыдыров пен мемлекеттік сыйлықтың иегері Д.Досжан, С.Мұхтарұлы, Т.Нұрмағанбетовтың, тәуелсіз республика Елтаңбасының авторы Ж.Мәлібековтың, мемлекеттік сыйлықтың иегері, әйгілі дирижер, Қазақстанның халық әртісі Т.Әбдірашовтың елі. Бұл өңірде ғасырлар бұрын әйгілі Сығанақ, Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент сияқты тарихи көне қалалар мен қамалдар болса, Көккесене, Қорасан Ата, Қарасопы, Қылышты ата сағаналары, Ақтас, Сунақата, Алты ата (қоңырат) мешіті – медресе секілді тарихи-мәдени ескерткіштер бар.

Кезінде Сырдария губерниясының Түркістан уезіне қарасты Жаңақорған болыстағы 17 қаңтар 1928 жылы ауданға айналып, 1966 жылға дейін көрші Шиелі ауданымен 2 рет бірігіп, 2 рет бөлінген (1931-1962).

Дереккөзі: Жаңақорған ауданы әкімдігінің аппараты

Бөлісу: