Ғимаратының ауысуы

28 Наурыз 2013, 10:18

1986-1991 жылдары Мерғали Ыбыраев, сондай-ақ, 1991-1996 жылдары Әбдікәрім Елібаев сот төрағасы қызметтерін атқарған екен. Сол секілді аудандық сотта ұзақ мерзім судья болып қызмет істеген Серіккүл Тасыбаева және Абдуллажан Сайдулаевтың еңбектерін айтуға болады. Оның алғашқысы 1985-2002 жылдары Шиелі аудандық сотында қызмет етсе, екіншісі 1992-2002 жылдары өз өмірін осы салаға арнады. 1996-жылдан бастап аудандық сот төрағасы лауазымын бекітілген Тұрмат Баймағанбетов оны 2007-жылға дейін атқарды. Шиелі аудандық сот төрағасы қызметіне 2007-жылы тағайындалған Сағатбек Сүлейменнің кезінде, яғни 2008-жылы аудандық сот жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Қазіргі кезде пайдалануда тұрған екі қабатты зәулім үйдің жалпы көлемі 1361,39 шаршы метр болса, құны да біршама -143 481,7 мың теңгені құрайды. Жаңа сот ғимаратының қазіргі заманауи үлгімен салынып, соңғы үлгідегі технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгендігін, сонымен бірге, жиһаздарының да көз тартар әдемілігі, ыңғайлылығын айтқан жөн болар. 44 қызметтік кабинет, арнайы демалыс бөлмесі және де заңды жүйелеу бөлмелері орналастырылған. Аудандық сотта электрондық құжат айналымы толық жолға қойылуымен оның жеделдігін арттыра түскендігін айтқан дұрыс болар. Осындай жетістіктер аудандық сотта бір терезе тәртібін енгізіп, құжаттар мен істердің орталықтандырылған жүйе бойынша жүргізілуі мүмкіндігін молайтты. Шиелі ауданында төрт жылдан астам уақыт қызмет атқарған Сағатбек Сүлеймен аудандық сот төрағасы ретінде мемлекеттік заңдылықтарын сақтаумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Жұртшылықпен тіл табыса білетіндігі арқасында үлкен беделге ие болды. Оның бастамашылығымен қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай атындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық қазақша күрес турнирі ұйымдастырылып, жылда өткізілетін дәрежеге жетті. Сондай-ақ, осы өңірдің тумасы, Ел Тәуелсіздігі жолында жаннын пида еткен Мұстафа Шокайдың қазақ даласындағы алғашқы заңгер екендігін де зерделеп, оның құжаттарын жинастырудағы да еңбегі зор. Аудандық сот ғимаратынан мұражай ашып, онда осы өлкеге қатысты біркатар деректерді де жинақтағандығын, оның ішінде сот билігіне белсене араласқан азаматтар жөнінде де көптеген құнды материалдардың табылатындығы оның бағасын асыра түседі. Онан кейін 2011-2012 жыл аралығында аудандық сот төрағалығын Ғайса Алмахан есімді азамат атқарды. Сот беделі- мемлекет беделі. Бұл қағида әрбір сот қызметкерінің қаперінде болуға тиіс. Өйткені, адам тағдырына үкім айту үшін, оны орындаушы жан-жақты сауатты әрі үлгілі болуы тиіс. Міне, осы мақсатта аудандық сот мекемелер мен мектептермен тығыз байланыс орнатып, құқықтық тақырыптарды оқып үйрену сабақтарын жүргізуді әдетке айналдырған. Бұл оның өз жұмысының ашықтығын көрсетудегі де іс-қимылы.       Дереккөзі: Шиелі аудандық соты

1986-1991 жылдары Мерғали Ыбыраев, сондай-ақ, 1991-1996 жылдары Әбдікәрім Елібаев сот төрағасы қызметтерін атқарған екен. Сол секілді аудандық сотта ұзақ мерзім судья болып қызмет істеген Серіккүл Тасыбаева және Абдуллажан Сайдулаевтың еңбектерін айтуға болады. Оның алғашқысы 1985-2002 жылдары Шиелі аудандық сотында қызмет етсе, екіншісі 1992-2002 жылдары өз өмірін осы салаға арнады. 1996-жылдан бастап аудандық сот төрағасы лауазымын бекітілген Тұрмат Баймағанбетов оны 2007-жылға дейін атқарды.

Шиелі аудандық сот төрағасы қызметіне 2007-жылы тағайындалған Сағатбек Сүлейменнің кезінде, яғни 2008-жылы аудандық сот жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Қазіргі кезде пайдалануда тұрған екі қабатты зәулім үйдің жалпы көлемі 1361,39 шаршы метр болса, құны да біршама -143 481,7 мың теңгені құрайды.

Жаңа сот ғимаратының қазіргі заманауи үлгімен салынып, соңғы үлгідегі технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгендігін, сонымен бірге, жиһаздарының да көз тартар әдемілігі, ыңғайлылығын айтқан жөн болар. 44 қызметтік кабинет, арнайы демалыс бөлмесі және де заңды жүйелеу бөлмелері орналастырылған. Аудандық сотта электрондық құжат айналымы толық жолға қойылуымен оның жеделдігін арттыра түскендігін айтқан дұрыс болар. Осындай жетістіктер аудандық сотта бір терезе тәртібін енгізіп, құжаттар мен істердің орталықтандырылған жүйе бойынша жүргізілуі мүмкіндігін молайтты.

Шиелі ауданында төрт жылдан астам уақыт қызмет атқарған Сағатбек Сүлеймен аудандық сот төрағасы ретінде мемлекеттік заңдылықтарын сақтаумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Жұртшылықпен тіл табыса білетіндігі арқасында үлкен беделге ие болды. Оның бастамашылығымен қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай атындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық қазақша күрес турнирі ұйымдастырылып, жылда өткізілетін дәрежеге жетті. Сондай-ақ, осы өңірдің тумасы, Ел Тәуелсіздігі жолында жаннын пида еткен Мұстафа Шокайдың қазақ даласындағы алғашқы заңгер екендігін де зерделеп, оның құжаттарын жинастырудағы да еңбегі зор. Аудандық сот ғимаратынан мұражай ашып, онда осы өлкеге қатысты біркатар деректерді де жинақтағандығын, оның ішінде сот билігіне белсене араласқан азаматтар жөнінде де көптеген құнды материалдардың табылатындығы оның бағасын асыра түседі.

Онан кейін 2011-2012 жыл аралығында аудандық сот төрағалығын Ғайса Алмахан есімді азамат атқарды.

Сот беделі- мемлекет беделі. Бұл қағида әрбір сот қызметкерінің қаперінде болуға тиіс. Өйткені, адам тағдырына үкім айту үшін, оны орындаушы жан-жақты сауатты әрі үлгілі болуы тиіс. Міне, осы мақсатта аудандық сот мекемелер мен мектептермен тығыз байланыс орнатып, құқықтық тақырыптарды оқып үйрену сабақтарын жүргізуді әдетке айналдырған. Бұл оның өз жұмысының ашықтығын көрсетудегі де іс-қимылы.    

 

Дереккөзі: Шиелі аудандық соты

Бөлісу: