27 Наурыз 2013, 12:35
Ватикан өкілі Федерико Ломбарди Католик шіркеуінің жаңа басшысы сарай қабырғалары артына тығылмай, халыққа жақын болғысы келетінін айтып отыр. Айта кету керек, ол жүз жыл ішінде ең алғаш папалар тұратын сарайдан бас тартқан понтифик болып саналады.
Бұған дейін Рим папасы SCV1 нөмірі бар қара лимузиннен бас тартқан болатын. Сондай-ақ, резиденциясындағы тақты қарапайым орындыққа ауыстыруды сұрап, ортақ асханада түстенуді қалайды екен.