Қыс бойы қаладан 4,5 млн текше метр қар шығарылды

27 Наурыз 2013, 12:08

Биылғы қыста елорда көшелеріне қар қалың түсті. Әсіресе, бұл коммуналдық қызмет саласының жұмысшыларына өте ауырлық алып келді. Қала көшелерінен аязды күндері жылдағыдан екі есе көп қар күреп, шығару оларға шынында да оңай болған жоқ. Аstana.kz сайтына «Астана тазалық» мекемесінен хабарлағанындай, кәсіпорын қызметкерлері осы қыста қаладан  4 482 201 қар күреп, шығарыпты. Егер салыстырар болсақ, өткен жылы қыста қаладан 2 млн тонна қар шығарылғанын көреміз. Бұл екі есе аз.  Қыс мезгілінде Астана көшелеріне күн сайын 850-ге тарта қар тазалайтын техникалар шығарылады. Сонымен қатар, қарды қолмен күрейтін 14 бригадада 442 адам жұмыс істейді. МПУУ-1,  «Бошунг - Пони» қар күреу техникалары, автомашиналар, тиеп-түсіру машиналары, тракторлар  тротуарлар мен аялдамаларды, автотұрақтар мен аула ішін тазалауға күні бойы жұмылдырылады.   Механикамен және қолмен жиналған қар КамАЗ машиналарына тиеліп, арнайы қар полигондарына жөнелтіледі. Мұндай полигон Астанада үшеу. Біріншісі – Көктал кентінде, бұрынғы МАИ бекетінің маңында орналасқан; екіншісі - Рождественка ауылы бағытында; үшіншісі - Железнодорожный кенті ауданында. Биылғы қыста елорданың тек Алматы ауданынан полигонға күн сайын 400 КамАЗ қар тасылды. Astana.kz

Биылғы қыста елорда көшелеріне қар қалың түсті. Әсіресе, бұл коммуналдық қызмет саласының жұмысшыларына өте ауырлық алып келді. Қала көшелерінен аязды күндері жылдағыдан екі есе көп қар күреп, шығару оларға шынында да оңай болған жоқ. Аstana.kz сайтына «Астана тазалық» мекемесінен хабарлағанындай, кәсіпорын қызметкерлері осы қыста қаладан  4 482 201 қар күреп, шығарыпты. Егер салыстырар болсақ, өткен жылы қыста қаладан 2 млн тонна қар шығарылғанын көреміз. Бұл екі есе аз. 

Қыс мезгілінде Астана көшелеріне күн сайын 850-ге тарта қар тазалайтын техникалар шығарылады. Сонымен қатар, қарды қолмен күрейтін 14 бригадада 442 адам жұмыс істейді. МПУУ-1,  «Бошунг - Пони» қар күреу техникалары, автомашиналар, тиеп-түсіру машиналары, тракторлар  тротуарлар мен аялдамаларды, автотұрақтар мен аула ішін тазалауға күні бойы жұмылдырылады.  

Механикамен және қолмен жиналған қар КамАЗ машиналарына тиеліп, арнайы қар полигондарына жөнелтіледі. Мұндай полигон Астанада үшеу. Біріншісі – Көктал кентінде, бұрынғы МАИ бекетінің маңында орналасқан; екіншісі - Рождественка ауылы бағытында; үшіншісі - Железнодорожный кенті ауданында.

Биылғы қыста елорданың тек Алматы ауданынан полигонға күн сайын 400 КамАЗ қар тасылды.

Astana.kz

Бөлісу: