Көне жәдігер саналатын сусындарды ішіп тауысқан

27 Наурыз 2013, 11:23

Пайғамбар жасына таяған америкалық тарихи жәдігер санала­тын вискилерді ішіп қойғаны үшін айыпталып отыр. Пенсильвания штатының тұрғыны 102,4 мың доллар шығын келтірген.  Джон Сондерс есімді азамат Скоттдэйл қаласында­ғы бір үйдің күзетшісі болып жұмыс істеген. Қожайын әйел 1912 жылы шығарылған Old Farm Pure Rye алко­гольды ішімдіктерін зәулім үйдің бір қуысына жасырып жинапты. Жуырда ол көне виски бөтелкелерінің 52-сінің ішіліп босап қалғанын байқап, полицияға шағым­данады. Бөтелке ауызындағы ДНК іздері мен Сон­дерстен алынған сынамаға талдау жасаған поли­цей­лер алкогольды сусындарды күзетшінің ішіп тауыс­қа­нын растады. «Енді Сондерс сотталатын болады» деп ха­барл­айды Lenta.ru. Күзетші өзінің ауыр қылмыс жаса­ғанын әлі сезіне қойған жоқ. Ал Bonhams сарапшыларының айтуынша, ағайынды Аб­рахам және Кристиан Оверхолттар өмірге әкелген Old Farm вискилері баға жетпес жәдігер саналады. Ішімдіктер ХIX ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейін шы­ғып тұрды.  Алаш айнасы  

Пайғамбар жасына таяған америкалық тарихи жәдігер санала­тын вискилерді ішіп қойғаны үшін айыпталып отыр. Пенсильвания штатының тұрғыны 102,4 мың доллар шығын келтірген. 

Джон Сондерс есімді азамат Скоттдэйл қаласында­ғы бір үйдің күзетшісі болып жұмыс істеген. Қожайын әйел 1912 жылы шығарылған Old Farm Pure Rye алко­гольды ішімдіктерін зәулім үйдің бір қуысына жасырып жинапты. Жуырда ол көне виски бөтелкелерінің 52-сінің ішіліп босап қалғанын байқап, полицияға шағым­данады. Бөтелке ауызындағы ДНК іздері мен Сон­дерстен алынған сынамаға талдау жасаған поли­цей­лер алкогольды сусындарды күзетшінің ішіп тауыс­қа­нын растады. «Енді Сондерс сотталатын болады» деп ха­барл­айды Lenta.ru. Күзетші өзінің ауыр қылмыс жаса­ғанын әлі сезіне қойған жоқ. Ал Bonhams сарапшыларының айтуынша, ағайынды Аб­рахам және Кристиан Оверхолттар өмірге әкелген Old Farm вискилері баға жетпес жәдігер саналады. Ішімдіктер ХIX ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейін шы­ғып тұрды. 

Алаш айнасы

 

Бөлісу: