27 Наурыз 2013, 10:46
2004 жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес «Археология- Этнография» залы ашылды. «Музей – халық қазынасы» және «Ескерткіштер – ел мұрасы» атты буклет-кітапша шығарылды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан қайтарылғанына 15 жыл толуына орай «Ерлік те, елдік те – жастықта» атты буклет-кітапша шығарылып, ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Осы жылы Ғанидың туған күні құрметіне аудан мекемелері арасында Ғанидың жүлдесі үшін кіші футболдан дәстүрлі жарыс ұйымдастыру басталды. Сыр сүлейі Қарасақал Ерімбеттің 160 жылдығына байланысты іс-шаралар өткізілді. ҚР-ның тұңғыш Премьер министрі, Парламент мәжілісінің депутаты Қараман Ұзақбаев, Афиина олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артав, ақын Шөмішбай Сариев музейде болып, қолтаңба қалдырды.
2005 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына байланысты «Ұлы Жеңіске – 60 жыл» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылып, ардагерлермен кездесу өткізілді. Қазақстан Републикасының еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев музей экспозициясымен танысып, қолтаңба қалдырды
2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Тамыр терең, тарихы кенен –Қазалы» атты тақырыпта Ғани өмірі мен өлке тарихына байланысты жылжымалы көрме ұйымдастырылып, Қазалы, Арал аудандарында көрсетілді. Музей жанынан халықтық өнерді, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттау мақсатында «Қазына» өнер бірлестігі құрылды. Осы жылдан бастап Ғанидың туған күні құрметіне «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты тақырыпта жас ақындар мүшәйрасын өткізу дәстүрге айналды. Мемлекет қайраткері Жалаңтөс Баһадүр мен Сыр сүлейі Ерімбет Көлдейбекұлының құрметіне ескерткіштер тұрғызылып, ас берілуіне байланысты ауданға келген құрметті қонақтар музейде болып, қолтаңба қалдырды. Олардың арасында белгілі жазушы Молдахмет Қаназ бен Қараша Қараманов, өнер қайраткері Қайырбай Зәкіров пен ауған соғысының батыры Бақытбек Смағұл бар.
2007 жылы Ғани Мұратбаевтың 105 жылдығы құрметіне экспозициялық зал ашылып, рухани-тағылымдық іс-шара өткізілді. Қылқалам, қолөнер шеберлерінің және әншілер байқауы ұйымдастырылды. Музей қызметкерлерінің құрастыруымен тұңғыш рет Ғани туралы жазылған жырлар мен әндерден «Мен – Ғанимын» атты жинақ шығарылды. Музей қызметкерлері «Арал өңірін археологиялық зерттеулердегі Оғыз мемлекетінің астанасы – Жанкент қаласының алар орны» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға қатысты.
2008 жылы жерлесіміз, генерал-майор Әлімжан Ерниязов музейде болып, қолтаңба қалдырды. Музейдің 40 жылдығы қарсаңында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға экспозициялық залдар жаңартылып, «Тәуелсіздік залы» ашылды, екі компьютерлік техника және төрт салқындатқыш сатып алынды. Халықаралық Аралды құтқару қоры музейге «Волга» автокөлігін сыйға берді. Музейдің қырық жылдығына байланысты «Ғани тағылымы» атты кітап басып шығару жоспарланды.
Жыл сайын Ғанидың қаза болған күні – 15 сәуірде еске алу рәсімі өткізіледі. Халықаралық ескерткіштерді қорғау және Халықаралық музейлер күні төл мереке ретінде аталып өтіледі.
2008 жылы 4 желтоқсанда ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Арман Тарғынұлы Әбенов музейде болып, Ғани бюстіне гүл шоғын қойып, экспозициямен танысты. Бүгінгі таңда музей қорында 5710 экспонат бар, оның 3886-і негізгі қорда, 1824-ы көмекші қорға қабылданған. 1126 экспонат Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметіне қатысты. Музейде 9 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде директор -1, ғылыми қызметкер -2, қор сақтаушы- 1, зал қараушы- 1, есепші-1, жұмысшы-1, маусымдық от жағушы-1, үй сыпырушы-1.
Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты