Қайта ашылуы

27 Наурыз 2013, 10:44

  1984 жылы аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Елеу Көшербаевтың басшылығымен Ғани Мұратбаевтың революциялық- мемориалдық музейінің қайта ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Салтанатқа қатысушылар: КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Тәкей Есетов, облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасы Ыдырыс Қалиев, Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Абылай Айдосов, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серік Әбдірахманов, Ғани Мұратбаевтың зайыбы Бақытжан Құрманбаева, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Болат Оразов, облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Т. Тоқмырзаев, ақын Фариза Оңғарсынова, партия, комсомол ардагері Әбжәми Байшуақов, облыстық «Ленин жолы», «Путь Ленина» газеттерінің редакторлары Қалқабай Әбенов пен В.Н. Васеленко, халық ақыны Байназар Өтепов, аудандық партия комитетінің бюро мүшелері, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік, Бүкілодақтық және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтарының лауреаттары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары, комсомол ардагерлері музейде болып, қолтаңба қалдырды. 1986 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен ауданға келгенде Ғани музейінде болып, қолтаңба қалдырды. 1987 жылы жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Өтебай Қанахин музейге келіп, Ғани рухына тағзым етті. 1988 жылы жазушылар Бақытжан Момышұлы мен Зейнеп Ахметова, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген заңгері Іскендір Қожабаев музейде болды. 1989 жылы «Правда» газетінің тілшісі А. Петрушев, халық ақыны Манап Көкенов музей экспозициясымен танысты. 1990 жылы мемлекет қайраткері Әбубәкір Тыныбаев, медицина ғылымдарының докторы Жанкентхан Абылаев музейге келді. 1991-1992 жылдары Ғанидың 90 жылдығы қарсаңында музей ғимаратына қосымша құрылыс салынып, реэкспозиция жүргізілді. Шағын бу қазандығы орнатылып, жылу жүйесі жаңартылды. 1992 жылы ауданда Ғани Мұратбаевтың 90 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Салтантқа қатысушы құрметті қонақтар: партия ардагері, бұрынғы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Тәкей Есетов. Қазақстан Жастар Одағы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Есенжол Әлияров, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бибіжан Жәукебаева, комсомол ардагері, Ғанидың замандасы Б. Хасенова, комсомол ардагерлері, ғалым Ғаббас Жұматов, Абылай Айдосов, журналист-жазушы Шайхыслам Серікбаев, халық депутаттары облыстық Кеңесінің төрағасы Қорғанбек Қайруллаев, Сырдария ауданының әкімі Оңалбек Сәпиев, Арал ауданының әкімі Биғали Қаюпов, белгілі өнер шеберлері: Зейнеп Қойшыбаева, Құман Тастанбеков, Сардарбек Қожағұлов, Кеңес Дүйсекеев, Марат Омаров, Бексұлтан Байкенжеев, Әлмырза Ноғайбаев, журналист Бауыржан Омаров, ақын Мәди Қайыңбаев музейдің жаңартылған экспозициясымен танысып, қолтаңба қалдырды. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты  

 

1984 жылы аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Елеу Көшербаевтың басшылығымен Ғани Мұратбаевтың революциялық- мемориалдық музейінің қайта ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Салтанатқа қатысушылар: КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Тәкей Есетов, облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасы Ыдырыс Қалиев, Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Абылай Айдосов, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серік Әбдірахманов, Ғани Мұратбаевтың зайыбы Бақытжан Құрманбаева, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Болат Оразов, облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Т. Тоқмырзаев, ақын Фариза Оңғарсынова, партия, комсомол ардагері Әбжәми Байшуақов, облыстық «Ленин жолы», «Путь Ленина» газеттерінің редакторлары Қалқабай Әбенов пен В.Н. Васеленко, халық ақыны Байназар Өтепов, аудандық партия комитетінің бюро мүшелері, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік, Бүкілодақтық және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтарының лауреаттары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары, комсомол ардагерлері музейде болып, қолтаңба қалдырды.

1986 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен ауданға келгенде Ғани музейінде болып, қолтаңба қалдырды.
1987 жылы жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Өтебай Қанахин музейге келіп, Ғани рухына тағзым етті.

1988 жылы жазушылар Бақытжан Момышұлы мен Зейнеп Ахметова, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген заңгері Іскендір Қожабаев музейде болды.
1989 жылы «Правда» газетінің тілшісі А. Петрушев, халық ақыны Манап Көкенов музей экспозициясымен танысты.

1990 жылы мемлекет қайраткері Әбубәкір Тыныбаев, медицина ғылымдарының докторы Жанкентхан Абылаев музейге келді.

1991-1992 жылдары Ғанидың 90 жылдығы қарсаңында музей ғимаратына қосымша құрылыс салынып, реэкспозиция жүргізілді. Шағын бу қазандығы орнатылып, жылу жүйесі жаңартылды.
1992 жылы ауданда Ғани Мұратбаевтың 90 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Салтантқа қатысушы құрметті қонақтар: партия ардагері, бұрынғы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Тәкей Есетов. Қазақстан Жастар Одағы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Есенжол Әлияров, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бибіжан Жәукебаева, комсомол ардагері, Ғанидың замандасы Б. Хасенова, комсомол ардагерлері, ғалым Ғаббас Жұматов, Абылай Айдосов, журналист-жазушы Шайхыслам Серікбаев, халық депутаттары облыстық Кеңесінің төрағасы Қорғанбек Қайруллаев, Сырдария ауданының әкімі Оңалбек Сәпиев, Арал ауданының әкімі Биғали Қаюпов, белгілі өнер шеберлері: Зейнеп Қойшыбаева, Құман Тастанбеков, Сардарбек Қожағұлов, Кеңес Дүйсекеев, Марат Омаров, Бексұлтан Байкенжеев, Әлмырза Ноғайбаев, журналист Бауыржан Омаров, ақын Мәди Қайыңбаев музейдің жаңартылған экспозициясымен танысып, қолтаңба қалдырды.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты

 

Бөлісу: