Қалалық поселке мәртебесін алуы

27 Наурыз 2013, 10:28

  Қызылорда облыстық жұмысшы депутаттар Кеңесінің  22 қараша 1966 жылғы  №21/443 қаулысына сәйкес Тереңөзек ауданы қайта құрылды. Оның орталығы осы қаулы бойынша Тереңөзек селосы болды. Тереңөзек ауданының құрамына Сырдария ауданынан Тереңөзек, Шіркейлі, Құндызды, Қызыл ту, Қызыл өзек, Бесөзек ауылдық Кеңестері берілсе, Жалағаш ауданынан Далакөл ауылдық Кеңесі берілді. Сонда 1966 жылы Тереңөзек ауданында 7 ауылдық Кеңес болған. 1976 жылы 18 сәуірде Қызылорда облыстық атқару комитетінің №180-шешімімен Тереңөзек селосына  қалалық поселке мәртебесі берілді. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін ауылдық Кеңестердің орнына ауылдық округтер құру жұмыстары жүргізілді. 1993 жылғы 29 желтоқсандағы Қызылорда облысы әкімиятының  №414 қаулысы бойынша Тереңөзек ауданында төмендегідей ауылдық округтер құрылды: 1.Бесөзек ауылдық округі – Нағи Ілиясов елді мекенін қамтиды; 2.Далакөл ауылдық округі – Ильич елді мекенін қамтиды; 3.Іңкәрдария ауылдық округі – Іңкәрдария ауылдық округін қамтиды; 4.Қызылдихан ауылдық округі – Қызылдихан, Аманкелді бөлімшесі елді мекендерін қамтиды; 5.Қызылөзек ауылдық округі – Қараөзек селосы, Қызылорда бақша тәжірибе шаруашылығы, Қараөзек бекеті, №10 теміржол аялдамасы елді мекендерін қамтиды; 6. Қызыл ту ауылдық округі – Қызыл ту селосы, 8, 9 – теміржол аялдамалары елді мекендерін қамтиды; 7.С.Сейфуллин ауылдық округі – С.Сейфуллин елді мекенін қамтиды; 8.Шаған ауылдық округі – Шаған елді мекенін қамтиды; 9.Шіркейлі ауылдық округі-Шіркейлі елді мекенін қамтиды. Бүгінде 80 жылдығын атап өткелі отырған ауданның тарихында Сырдария ауданы 1928 жылдан бастап 1997 жылға дейін Тереңөзек ауданы деп аталды. Қазақстан Республикасы Президентінің  10 қыркүйек 1997 жылғы №3627 Жарлығымен Тереңөзек ауданы Сырдария ауданы болып қайта аталды, оның орталығы Тереңөзек қыстағы болды.4 Бұрынғы Сырдария ауданы таратылып – Тереңөзек ауданына Аманкелді  ауылы және Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округтеріне қарасты елді мекендер берілді. Бүгінде аты аталған ауылдар мен елді-мекендер Сырдария ауданын құрап отыр. Барлық ауылдың өзіне тән тарихы, өткені мен бүгіні бар. Келешегі, болашағы тағы да бар. Ауданнан шыққан аты елге белгілі, республикаға танымал тұлғалар мен соғыста ерлік көрсеткен ардагерлері мен батырлары да жеткілікті. Олардың аттары аудан тарихында мәңгі өшпес мұра болып қалды. Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

 

Қызылорда облыстық жұмысшы депутаттар Кеңесінің  22 қараша 1966 жылғы  №21/443 қаулысына сәйкес Тереңөзек ауданы қайта құрылды. Оның орталығы осы қаулы бойынша Тереңөзек селосы болды. Тереңөзек ауданының құрамына Сырдария ауданынан Тереңөзек, Шіркейлі, Құндызды, Қызыл ту, Қызыл өзек, Бесөзек ауылдық Кеңестері берілсе, Жалағаш ауданынан Далакөл ауылдық Кеңесі берілді. Сонда 1966 жылы Тереңөзек ауданында 7 ауылдық Кеңес болған.

1976 жылы 18 сәуірде Қызылорда облыстық атқару комитетінің №180-шешімімен Тереңөзек селосына  қалалық поселке мәртебесі берілді.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін ауылдық Кеңестердің орнына ауылдық округтер құру жұмыстары жүргізілді.

1993 жылғы 29 желтоқсандағы Қызылорда облысы әкімиятының  №414 қаулысы бойынша Тереңөзек ауданында төмендегідей ауылдық округтер құрылды:

1.Бесөзек ауылдық округі – Нағи Ілиясов елді мекенін қамтиды;

2.Далакөл ауылдық округі – Ильич елді мекенін қамтиды;

3.Іңкәрдария ауылдық округі – Іңкәрдария ауылдық округін қамтиды;

4.Қызылдихан ауылдық округі – Қызылдихан, Аманкелді бөлімшесі елді мекендерін қамтиды;

5.Қызылөзек ауылдық округі – Қараөзек селосы, Қызылорда бақша тәжірибе шаруашылығы, Қараөзек бекеті, №10 теміржол аялдамасы елді мекендерін қамтиды;

6. Қызыл ту ауылдық округі – Қызыл ту селосы, 8, 9 – теміржол аялдамалары елді мекендерін қамтиды;

7.С.Сейфуллин ауылдық округі – С.Сейфуллин елді мекенін қамтиды;

8.Шаған ауылдық округі – Шаған елді мекенін қамтиды;

9.Шіркейлі ауылдық округі-Шіркейлі елді мекенін қамтиды.

Бүгінде 80 жылдығын атап өткелі отырған ауданның тарихында Сырдария ауданы 1928 жылдан бастап 1997 жылға дейін Тереңөзек ауданы деп аталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің  10 қыркүйек 1997 жылғы №3627 Жарлығымен Тереңөзек ауданы Сырдария ауданы болып қайта аталды, оның орталығы Тереңөзек қыстағы болды.4 Бұрынғы Сырдария ауданы таратылып – Тереңөзек ауданына Аманкелді  ауылы және Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округтеріне қарасты елді мекендер берілді.

Бүгінде аты аталған ауылдар мен елді-мекендер Сырдария ауданын құрап отыр. Барлық ауылдың өзіне тән тарихы, өткені мен бүгіні бар. Келешегі, болашағы тағы да бар. Ауданнан шыққан аты елге белгілі, республикаға танымал тұлғалар мен соғыста ерлік көрсеткен ардагерлері мен батырлары да жеткілікті. Олардың аттары аудан тарихында мәңгі өшпес мұра болып қалды.

Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

Бөлісу: