Колхоздастыру кезеңі

27 Наурыз 2013, 10:26

  Жоғарыда айтқанымыздай Бүкілодақтық Комунистік Партияның 15 съезінде колхоздастыру шарларымен қатар жаңаша әкімшілік-территориялық басқару жүйесі ендіріле бастады. Революцияға дейінгі губерния, уезд, болыс және ауылдар әкімшілік бөліністерінің орнына 1928 жылдың жазында округтер мен аудандар құрыла бастады.2 1928 жылға дейін Қызылода уезді болса, 1928 жылдан кейін Қызылорда округі болып құрылады. Қызылорда округінде 8 аудан болады: 1)Арал ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 2)Қазалы  ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы,3) Қармақшы ауданы – 17 қаңтар 1928 жыл, 4) Қараөзек ауданы – 17 қаңтар 1928 жыл, 5)Қарсақпай ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 6) Шиелі ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 7) Қызылорда ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 8) Аламесек ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы.1 1928 жылдың 23 маусымында Қараөзек ауданы Тереңөзек ауданы болып қайта аталады.1 (С.Ж: «Сырдария» деген аудан атауы бұл уақыттарда мүлдем болмаған)  Округ, аудан болып құрылу үшін соған сәйкес колхоздастыру, елді мекендерді ірілендіру  жұмыстары жүргізіледі. 1929 жылдың 9 айында Қазақстанда колхоздар саны 2115-тен 4348-ге дейін, ал колхоздарға тартылған шаруа шаруашылықтары 23 мыңнан 66 мыңға дейін өсті.2 1930  жылдың  мамырында Қызылорда округтік екінші конференция өткізілді. ВКП (б) округтік комитетінің бірінші хатшысы А.Розыбакиев есепті баяндама жасады. Оның баяндамасында 1929 жылы колхоздардың нан өнімдері көлемінің небәрі 19,7 проценті берілгені, 1930 жылы нан өнімін 56 проценке ұлғайту міндеті қойылды. Осы конференциядан кейін кулак шарушылықтарын тәркілеу жұмыстары пәрменді жүргізілді. Қазақстанда деревнялар мен ауылдарға ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөнінде барынша қатаң нұсқау алып, өздеріне ерекше құқықтар берілген 812 уәкілдер аттанды.2 Оларды өз кезеңдерінде «шолақ белсенділер»  деп аталғанын ата-әжелерімізден кейбіріміз естіген де болармыз. Осындай «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын»   ұранымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1929 жылы 15 мың адам, 1930 жылы 17 мыңдай адам қамауға алынды. Мұндай жаппай жазалау шаралары  жергілікті жерлерде жағдайды шиеленістіре түсті. Қазақ ауылдары өзінше қарсыласып жатты. Өз мүлкі мен отбасын қорғау мақсатында  өкімет адамдарына қарсылық білдіру, шетелдерге қоныс аудару, тіпті шаруалар көтерілістері бой көрсете бастады. Шаруалар қарсылығын әлсірету мақсатында Қазақстанда Голощекиннің бастамасымен әкімшілік басқарудың  жаңа реформасы жүргізілді. 1930 жылдың маусымында барлық округтер таратылды. Қазақстан территориясында 175 аудан құрылды, оның ішінде Қазалы, Қармақшы, Аламесек, Тереңөзек, Шиелі, Қызылорда аудандары Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

 

Жоғарыда айтқанымыздай Бүкілодақтық Комунистік Партияның 15 съезінде колхоздастыру шарларымен қатар жаңаша әкімшілік-территориялық басқару жүйесі ендіріле бастады. Революцияға дейінгі губерния, уезд, болыс және ауылдар әкімшілік бөліністерінің орнына 1928 жылдың жазында округтер мен аудандар құрыла бастады.2 1928 жылға дейін Қызылода уезді болса, 1928 жылдан кейін Қызылорда округі болып құрылады. Қызылорда округінде 8 аудан болады: 1)Арал ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 2)Қазалы  ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы,3) Қармақшы ауданы – 17 қаңтар 1928 жыл, 4) Қараөзек ауданы – 17 қаңтар 1928 жыл, 5)Қарсақпай ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 6) Шиелі ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 7) Қызылорда ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы, 8) Аламесек ауданы – 17 қаңтар 1928 жылы.1 1928 жылдың 23 маусымында Қараөзек ауданы Тереңөзек ауданы болып қайта аталады.1 (С.Ж: «Сырдария» деген аудан атауы бұл уақыттарда мүлдем болмаған)  Округ, аудан болып құрылу үшін соған сәйкес колхоздастыру, елді мекендерді ірілендіру  жұмыстары жүргізіледі.

1929 жылдың 9 айында Қазақстанда колхоздар саны 2115-тен 4348-ге дейін, ал колхоздарға тартылған шаруа шаруашылықтары 23 мыңнан 66 мыңға дейін өсті.2 1930  жылдың  мамырында Қызылорда округтік екінші конференция өткізілді. ВКП (б) округтік комитетінің бірінші хатшысы А.Розыбакиев есепті баяндама жасады. Оның баяндамасында 1929 жылы колхоздардың нан өнімдері көлемінің небәрі 19,7 проценті берілгені, 1930 жылы нан өнімін 56 проценке ұлғайту міндеті қойылды. Осы конференциядан кейін кулак шарушылықтарын тәркілеу жұмыстары пәрменді жүргізілді. Қазақстанда деревнялар мен ауылдарға ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөнінде барынша қатаң нұсқау алып, өздеріне ерекше құқықтар берілген 812 уәкілдер аттанды.2 Оларды өз кезеңдерінде «шолақ белсенділер»  деп аталғанын ата-әжелерімізден кейбіріміз естіген де болармыз. Осындай «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын»   ұранымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1929 жылы 15 мың адам, 1930 жылы 17 мыңдай адам қамауға алынды. Мұндай жаппай жазалау шаралары  жергілікті жерлерде жағдайды шиеленістіре түсті. Қазақ ауылдары өзінше қарсыласып жатты. Өз мүлкі мен отбасын қорғау мақсатында  өкімет адамдарына қарсылық білдіру, шетелдерге қоныс аудару, тіпті шаруалар көтерілістері бой көрсете бастады.

Шаруалар қарсылығын әлсірету мақсатында Қазақстанда Голощекиннің бастамасымен әкімшілік басқарудың  жаңа реформасы жүргізілді. 1930 жылдың маусымында барлық округтер таратылды. Қазақстан территориясында 175 аудан құрылды, оның ішінде Қазалы, Қармақшы, Аламесек, Тереңөзек, Шиелі, Қызылорда аудандары Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.

Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

Бөлісу: