Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайы

27 Наурыз 2013, 09:31

  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев аулында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі 1978 жылдан 1982 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер советінің № 150-р қаулысымен 30.04.1982 жылғы жарлығы мен, Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі болып ашылып, 1982 жылдан бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. 2008 жылы ауылдың шаруашылық төрағаларының және ақсақалдарының келісімімен және қолдауларымен ауыл орталығындағы бұрынғы екі қабатты шаруашылық кеңсесі музей есебіне қайтарымсыз беріліп, музей экспозициясы осы ғимаратқа көшіріліп, қазіргі заман талабына сай реэкспозиция жұмыстары жүргізілді. Музейде 6,5 штат бар. Бүгінгі күнге музей қорында 9472 дана экспонат бар оның 5911 данасы негізгі қорды құраса, 3561 данасы қосымша қорды құрайды. Музей 3 залдан тұрады: І – залда Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Орта Азия мен Қазақстанда күріш өсіру диқаншылығы біздің жыл санауымыздан бұрын ІІІ – І ғасырларда дамығанын. ХІХ ғасырдың аяғында Сыр бойында тұрақты күріш өсіру Шиеліде басталып, кейіннен Шіркейлі Қуандария бойында тарағанын, күріш жерін дайындау, суғару, орып жинаудан бастап, қапқа түскенге дейінгі еңбегі қанша қиын болса, бай – феодалдарға алым – салық төлеу одан да қиын болғанын көрсетеді. ІІ – залда Ы.Жахаевтың қоғам қайраткері, халқының қалаулысы болғандығы және шет елдерге сапары, өмірінің соңына дейнгі еңбек жолдары, 1964 жылғы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде жахаевшылар қозғалысының басталу кезеңдері экспозицияланған. ІІІ – залда Ы.Жахаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары мен, аудан елді мекендерінің аудан көлемінен шыққан еңбек майталмандарының еңбек жетістіктері, Жахаевшы жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған. Музей қызметкерлерінің күшімен музей қоры жылда толықтырылып тұрады. Музейде ауданнан шыққан қолөнер шеберлерінің заттары, ауданның өнер иелерінің заттары және салт - дәстүрге байланысты ертеде ата – бабаларымыздың пайдаланған тұрмыстық заттары қойылған. 2009 жылдан бері Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры қызметін басқарып келе жатқан  Ыханова Құттықыз Шайыққызы Мәдениет саласының дамуына үлес қосқаны үшін бірнеше рет облыстық, аудандық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты  

 

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев аулында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі 1978 жылдан 1982 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер советінің № 150-р қаулысымен 30.04.1982 жылғы жарлығы мен, Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі болып ашылып, 1982 жылдан бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. 2008 жылы ауылдың шаруашылық төрағаларының және ақсақалдарының келісімімен және қолдауларымен ауыл орталығындағы бұрынғы екі қабатты шаруашылық кеңсесі музей есебіне қайтарымсыз беріліп, музей экспозициясы осы ғимаратқа көшіріліп, қазіргі заман талабына сай реэкспозиция жұмыстары жүргізілді. Музейде 6,5 штат бар. Бүгінгі күнге музей қорында 9472 дана экспонат бар оның 5911 данасы негізгі қорды құраса, 3561 данасы қосымша қорды құрайды.

Музей 3 залдан тұрады:

І – залда Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Орта Азия мен Қазақстанда күріш өсіру диқаншылығы біздің жыл санауымыздан бұрын ІІІ – І ғасырларда дамығанын. ХІХ ғасырдың аяғында Сыр бойында тұрақты күріш өсіру Шиеліде басталып, кейіннен Шіркейлі Қуандария бойында тарағанын, күріш жерін дайындау, суғару, орып жинаудан бастап, қапқа түскенге дейінгі еңбегі қанша қиын болса, бай – феодалдарға алым – салық төлеу одан да қиын болғанын көрсетеді.

ІІ – залда Ы.Жахаевтың қоғам қайраткері, халқының

қалаулысы болғандығы және шет елдерге сапары, өмірінің соңына дейнгі еңбек жолдары, 1964 жылғы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде жахаевшылар қозғалысының басталу кезеңдері экспозицияланған.

ІІІ – залда Ы.Жахаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары мен, аудан елді мекендерінің аудан көлемінен шыққан еңбек майталмандарының еңбек жетістіктері, Жахаевшы жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған.

Музей қызметкерлерінің күшімен музей қоры жылда толықтырылып тұрады. Музейде ауданнан шыққан қолөнер шеберлерінің заттары, ауданның өнер иелерінің заттары және салт - дәстүрге байланысты ертеде ата – бабаларымыздың пайдаланған тұрмыстық заттары қойылған.

2009 жылдан бері Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры қызметін басқарып келе жатқан  Ыханова Құттықыз Шайыққызы

Мәдениет саласының дамуына үлес қосқаны үшін бірнеше рет облыстық, аудандық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты

 

Бөлісу: