27 Наурыз 2013, 09:13
Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану мұражайы халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған мәдени ошақтардың бірі. Қазақстан мәдениет министрлігінің 1992 жыл 2 мамырдағы №144 қаулысымен режиссер, драматург Әмір Мәжитовтың басшылығымен Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану мұражайы құрылды. Мұражай 4 залдан тұрады. Мұражай қорында 6161 ден астам экспонат сақтаулы, оның 5426 негізгі қорға, 735 көмекші қорға жатады. 736 экспонат экспозицияға қойылған. Бірінші археология этнография залының экспозициясы Қаратаудан табылған таңбалы тастан басталады. Сыр бойындағы бейнелеу тарихы Қаратау сілемдеріндегі жартастар бетіне қашап ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты петроглифтен бастау алады. Ұлы Жібек жолының картасы берілген, Қазақстан үстінен өткен Ұлы Жібек керуен жолының бір тармағы бойында Жаңақорған өңірінің сол кездегі Сауран, Сығанақ, Аққорған, Өзгент қалалары жатты. Бұл керуен жолы сол қалалардың бірі ірі сауда нүктелеріне айналып, тұрмысының артуына, қала мәдениетінің өсуіне едәуір ықпал етті.
Сондай- ақ Сығанақ қаласының ХХ ғасырда Махмұд Қашқари түсірген картасының көшірмесі, сауда қатынасында жүрген теңгелер, ертедегі Сығанақ, Сауран, Өзгент, Ордакент қалаларының орнынан табылған қыш құмыра, көзе, өрнектелгнен қыш сынықтары көрсетілген. Екінші залда аудан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде, Кеңес үкіметінің орнауы көрсетілген. 1856 жылы Баташев зауытынан шыққан самовар, шәйнек, шоқ арқылы қыздырылатын үтік, Ресей патшалығының қағаз ақша, монеттері және Көгеев Тамғабайдың Ресей патшалығының қажылыққа барғанда берген паспортының көшірмесі қойылған. Аудан тұрғыны Асанов Мұстафаның 1938 жылы Созақ экспедициясының құрамында Жаңақорған ауданының шекарасын бөлісу жұмыстарында жол сілтеуші болып жұмыс істегені жөнінде анықтама, 1933-1397 жылдары Жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Емберген Алтынбековтың архивінен алынған суреттер, аудандық партия комитетінің 4 пленумы 1935 жылы алғаш рет ашылған 100 балалық пионер лагері, алғашқы қазақ һарпіндегі жазу машинкасы.
Өткен ғасырдың 20 жылдары қолдан жасалған ашаршылық, халқымыздың тарихында (ақтаңдақ) атанған 1937 жылдың оқиғалараы 50 жыл өткен соң ғана анықтала басталды. Жазықсыз жапа шеккендердің (атылғандар), қуғынға ұшырағандар, партия қайраткерлері С.Қожанов, С.Сапарбеков, дипломат Нәзір Төреқұлов халық комиссары Б.Аралбаев, қарапайым еңбек адамдары да болғаны жөнінде материалдар, елін асаршылықтан қорғаған Ақылбай қарттың бесатар мылтығы, қақпаны экспозициядан орын алған. 1940 жылдың аяғында әйелдердің жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды, құрылыстарды жедел салу кезінде Талмаш апаның канал қазуда пайдаланылған кетпені қойылған. Кеңес Одағының батыры А.Әбуталипов пен А.Романовтардың сурет құжаттары, соғыс ардагерлері Мұстафаев, Бидашев, Аширбеков, Сапарбаев, Накипов, Тәжіғұловтардың орден-медаль, құжаттары, майданнан келген хаттар, тұтынған заттары қойылған.
Түгіскен массивінінің игерілуі, Социалистік Еңбек ерлері мен Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне депутат болған, егіншілік пен мал шаруашылығында жетістіке жеткен еңбеккерлердің сурет, құжат, орден-медальдері орын алған. Үшінші залда мәдениет, әдебиет, білім, денсаулық қызметкерлерінің тұтынған затарынан, орден медальдары экспозицияға қойылған. Төртінші зал: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейігнгі жеткен жетістіктері, Қазақстан Республикасының Рәміздері, төл теңгелеріміз, Конституциямыз, Жаңақорған ауданының ХХ ғасыр адамдары, Жаңақорған ауданының Одақ көлеміне танылған санаторий шипажайы, Шалқия қорғасын-мырыш кеніші жайлы мағлұматтар берілген. Аудандық тарихи-өлкетану музейінде 8 адам жұмыс істейді. Шалапов Набихан директор, Дүйсенбаева Мөлдір, Ибрагимова Калима ғылыми қызметкерлер, Ахатаев Жаңаберген экскурсия жүргізуші, Әбсаттарова Рахима қор сақтаушы, Дәрмен Құралай зал қараушы, Төлегенов Нұрғали есепші, Сыздықова Сәуле еден жуушы. Бір жылда 59 көрме, 68 лекция, 670 экскурсия, 6 кездесу өткізіп 335 құнды экспонат жинақтап өорға өткізеді.
Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігі