Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайы

27 Наурыз 2013, 09:09

  Жалағаш ауданы тарихи мұраларға бай аудан. Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени мұраларды зерттеп, оларды өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда аудандық тарихи-өлкетану мұражайының алатын орны ерекше. Соңғы мәлімет бойынша аудан халқының саны – 37157 адам. Аудан әкімі Қ.Баймахановтың 1999 жылғы 10-шы қарашадағы № 144-ші шешімімен аудандық тарихи- өлкетану музейі халыққа қызмет ете бастады. Мұражай 1957 жылы салынған бұрынғы кинотеатр үйінде орналасқан. Мұражайдың директоры – Мирамкүл Тоқсанбайқызы Биманова 1957 жылы дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы институтының филология факультетін, 1991 жылы Алматы басқару және саясаттану мектебін бітірген. Мұражайда аудан тарихы мен мәдениетінен, өнерінен сыр шертетін 2 зал мен көркемсурет галереясы жұмыс істейді. Экспозицияға қойылған экспонаттар хронологиялық ретпен орналастырылған. Мұражайда аудан көлемінің 70 - 67 млн. жылдан бергі геологиялық тарихынан бастап (археозой эрасынан мезозой дәуірінің бор кезеңінен ) бүгінгі күнге дейінгі тарихы қамтылған. Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың әрқайсысына мұражайда бір-бір стенд арналған. 1917 жылғы Қазан төңкерісі өңірдің әлеуметтік-қоғамдық, саяси өміріне үлкен өзгерістер әкелді. 1930 жылдың көктеміндегі күштеп колхоздастыру мен голощекиндік тәртіпке қарсы Қарақұмдағы шаруалар көтерілісі, 1937-1938 ж.ж. саяси репрессия құрбандары мұрағат құжаттары, суреттер арқылы көрсетілген. Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы 17-ші қазандағы Жарлығымен Жалағаш ауданы құрылды. Аудандық партия комитетінің І-ші хатшысы болып С. И. Кистанов тағайындалды. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына Жалағаш ауданынан 3 мыңға жуық азамат аттанып, олардың үштен екісі майдан даласынан оралмады. Осы зұлмат соғысқа арналған стендте құнды суреттер мен материалдар тұр. Соғыстан кейінгі 50-80 жылдар аралығында ауданда егін және мал шаруашылығы айтарлықтай дамыды. Мұражайда 2001 жылдың қараша айында аудандық көркемсурет галереясы ашылды. Мұражайдың көрме залдарында түрлі тақырыптарға көрмелер, т.б. түрлі мәдени іс- шаралар ұйымдастырылып тұрады. Казіргі таңда мұражай қорында барлығы 4177 дана экспонат жинақталған, оның 2386-ы негізгі қорға, 1791-і көмекші қорға тіркелген. Қызметкерлер саны – 10 адам, оның ішінде: әкімшілік-басқару персоналы – 1, ғылыми қызметкерлер - 2, қор сақтаушы – 1, есепші – 1, экскурсовод – 1, техникалық персоналдар – 4. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігі

 

Жалағаш ауданы тарихи мұраларға бай аудан. Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени мұраларды зерттеп, оларды өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда аудандық тарихи-өлкетану мұражайының алатын орны ерекше. Соңғы мәлімет бойынша аудан халқының саны – 37157 адам. Аудан әкімі Қ.Баймахановтың 1999 жылғы 10-шы қарашадағы № 144-ші шешімімен аудандық тарихи- өлкетану музейі халыққа қызмет ете бастады. Мұражай 1957 жылы салынған бұрынғы кинотеатр үйінде орналасқан. Мұражайдың директоры – Мирамкүл Тоқсанбайқызы Биманова 1957 жылы дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы институтының филология факультетін, 1991 жылы Алматы басқару және саясаттану мектебін бітірген. Мұражайда аудан тарихы мен мәдениетінен, өнерінен сыр шертетін 2 зал мен көркемсурет галереясы жұмыс істейді.

Экспозицияға қойылған экспонаттар хронологиялық ретпен орналастырылған. Мұражайда аудан көлемінің 70 - 67 млн. жылдан бергі геологиялық тарихынан бастап (археозой эрасынан мезозой дәуірінің бор кезеңінен ) бүгінгі күнге дейінгі тарихы қамтылған. Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың әрқайсысына мұражайда бір-бір стенд арналған. 1917 жылғы Қазан төңкерісі өңірдің әлеуметтік-қоғамдық, саяси өміріне үлкен өзгерістер әкелді. 1930 жылдың көктеміндегі күштеп колхоздастыру мен голощекиндік тәртіпке қарсы Қарақұмдағы шаруалар көтерілісі, 1937-1938 ж.ж. саяси репрессия құрбандары мұрағат құжаттары, суреттер арқылы көрсетілген. Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы 17-ші қазандағы Жарлығымен Жалағаш ауданы құрылды. Аудандық партия комитетінің І-ші хатшысы болып С. И. Кистанов тағайындалды. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына Жалағаш ауданынан 3 мыңға жуық азамат аттанып, олардың үштен екісі майдан даласынан оралмады. Осы зұлмат соғысқа арналған стендте құнды суреттер мен материалдар тұр. Соғыстан кейінгі 50-80 жылдар аралығында ауданда егін және мал шаруашылығы айтарлықтай дамыды.

Мұражайда 2001 жылдың қараша айында аудандық көркемсурет галереясы ашылды. Мұражайдың көрме залдарында түрлі тақырыптарға көрмелер, т.б. түрлі мәдени іс- шаралар ұйымдастырылып тұрады. Казіргі таңда мұражай қорында барлығы 4177 дана экспонат жинақталған, оның 2386-ы негізгі қорға, 1791-і көмекші қорға тіркелген. Қызметкерлер саны – 10 адам, оның ішінде: әкімшілік-басқару персоналы – 1, ғылыми қызметкерлер - 2, қор сақтаушы – 1, есепші – 1, экскурсовод – 1, техникалық персоналдар – 4.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігі

Бөлісу: