Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайы

27 Наурыз 2013, 09:02

  Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1988 жылдың 25 маусым күні ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда мұражайда 8 мыңға тарта жәдігерлер бар, олардың екі жарым мыңы көрме залдарына орналасқан. Мұражай негізінен 6 көрме залдарынан тұрады. Этнография және археология залына тартылған теңіз ұлтанынан табылған ертедегі жәндіктердің қаңқалары, тасқа айналған денелері, бұрынғы ата- бабаларымыздың ұстап- тұтынған мүліктері. Киім-кешектері аналарымыз бен қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, ұлттық әуендік аспаптар, елге белгілі Жетес бидің шәйнегі, тұтынған сандығы, атақты тігінші Жармағанбеттің «Зингер» тігін машинасы, сауда-саттық, Орынбор- Ташкент теміржолының салынуы жәйлі деректер, жәдігерлер мен «Өмір» бөгетінен табылған Алты Алаштың мыс қазаны қойылған. Өлке тарихы залында балық кәсіпшілігіне байланысты балықшылардың ау-құралдары, балықтың түрлері, Арал теңізінің зерттелуіне байланысты материалдар, Арал теңізінің тартылуы, табиғат, Қамбаш көлі, Барсакелмес аралы, Қарақұм көріністері, Лениннің Арал балықшыларына жазған хаты, осыған орай «Түркірыбтың» аралдықтарға жіберген станогінің макеті, 16 Социалистік Еңбек Ерлерінің материалдары бар. Музейде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы-сына қатысқандардың фотосуреттері мен құжаттары, қойылған. Сондай-ақ, ауданда Кеңес өкіметінің орнауы, ұжымдастыру, тұз өнеркәсібі, мал шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуы, Арал бекінісі көріністері орын алған. Әдебиет пен өнерге арналған залда заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Нұрпейісов, ақын-жазушы З.Шүкіров, әйгілі шайыр Нұртуған Кенжеғұл-ұлының көрмелерімен қатар ауданда әдебиет пен өнерді дамытуда есімі елге белгілі ақын-жазушылардың, термеші- жыраулардың және басқа да өнер адамдарының суреттері мен мәліметтері, шығармалары орналасқан. Сонымен бірге бұл залда қолөнер шеберлері, зергер-мүсінші, тоқымашылар-дың қол туындылары бар. Ескерткіштер тарихы мен имандылық, ина-баттылық және спорт көрмелері де осы залға орналасқан. Төртінші зал, негізінен әртүрлі тақырыпты қамтиды. Мұнда, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы, Арал теңізінің, «Көкарал» бөгетінің проблемалары және басқа да күнделікті тақырыптағы стенділерді қамтиды. Ауданның тарихы залына орналасқан стенділер Аралдың 100 жылдығы тарихына саяхат жасалады. Көзі қарақты көрермендер бұл залдан көптеген жәдігерлер мен деректер табуына болады. Көрме залында жергілікті кәсіпқой суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған. Сонымен қатар, Украинаның көрнекті суретшісі Потапенконың «Көкарал» полотносы да осы жерде орын алған. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігіі

 

Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1988 жылдың 25 маусым күні ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда мұражайда 8 мыңға тарта жәдігерлер бар, олардың екі жарым мыңы көрме залдарына орналасқан. Мұражай негізінен 6 көрме залдарынан тұрады. Этнография және археология залына тартылған теңіз ұлтанынан табылған ертедегі жәндіктердің қаңқалары, тасқа айналған денелері, бұрынғы ата- бабаларымыздың ұстап- тұтынған мүліктері. Киім-кешектері аналарымыз бен қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, ұлттық әуендік аспаптар, елге белгілі Жетес бидің шәйнегі, тұтынған сандығы, атақты тігінші Жармағанбеттің «Зингер» тігін машинасы, сауда-саттық, Орынбор- Ташкент теміржолының салынуы жәйлі деректер, жәдігерлер мен «Өмір» бөгетінен табылған Алты Алаштың мыс қазаны қойылған.

Өлке тарихы залында балық кәсіпшілігіне байланысты балықшылардың ау-құралдары, балықтың түрлері, Арал теңізінің зерттелуіне байланысты материалдар, Арал теңізінің тартылуы, табиғат, Қамбаш көлі, Барсакелмес аралы, Қарақұм көріністері, Лениннің Арал балықшыларына жазған хаты, осыған орай «Түркірыбтың» аралдықтарға жіберген станогінің макеті, 16 Социалистік Еңбек Ерлерінің материалдары бар. Музейде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы-сына қатысқандардың фотосуреттері мен құжаттары, қойылған. Сондай-ақ, ауданда Кеңес өкіметінің орнауы, ұжымдастыру, тұз өнеркәсібі, мал шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуы, Арал бекінісі көріністері орын алған. Әдебиет пен өнерге арналған залда заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Нұрпейісов, ақын-жазушы З.Шүкіров, әйгілі шайыр Нұртуған Кенжеғұл-ұлының көрмелерімен қатар ауданда әдебиет пен өнерді дамытуда есімі елге белгілі ақын-жазушылардың, термеші- жыраулардың және басқа да өнер адамдарының суреттері мен мәліметтері, шығармалары орналасқан.

Сонымен бірге бұл залда қолөнер шеберлері, зергер-мүсінші, тоқымашылар-дың қол туындылары бар. Ескерткіштер тарихы мен имандылық, ина-баттылық және спорт көрмелері де осы залға орналасқан. Төртінші зал, негізінен әртүрлі тақырыпты қамтиды. Мұнда, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы, Арал теңізінің, «Көкарал» бөгетінің проблемалары және басқа да күнделікті тақырыптағы стенділерді қамтиды. Ауданның тарихы залына орналасқан стенділер Аралдың 100 жылдығы тарихына саяхат жасалады. Көзі қарақты көрермендер бұл залдан көптеген жәдігерлер мен деректер табуына болады. Көрме залында жергілікті кәсіпқой суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған. Сонымен қатар, Украинаның көрнекті суретшісі Потапенконың «Көкарал» полотносы да осы жерде орын алған.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігіі

Бөлісу: