Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі биыл Моңғолияның Ұланбатыр қаласында жоғары деңгейде аталып өтті. 5 киіз үй тігілген Сүхбатар алаңына Моңғолияның Президенті Цахиагийн Элбэгдорж келіп, ондағы қандастарымызды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Дүбірлі той кезінде Цахиагийн Элбэгдорж бастаған қонақтар қазақ шеберлерінің қолынан шыққан қоленер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Тігілген киіз үйлерге кіріп, Наурыз көжеден дәм татқан Моңғол Президенті: «Біз Баян-Өлгий аймағының Жерлестер алқасымен ақылдаса отырып, биылғы жылы Наурыз мерекесін ел астанасына жарнамалайық. Республика көлемінде тойланатын мерегкеге айналдырайық деп шештік»,- деді.
Мерекелік іс-шараға орай Баян-Өлгей аймақтық мұражайдан қазақтың ұлттық мәдениетін танытатын жәдігерлер әкелініп, Ұланбатыр халқына таныстырылды. Наурыз тойы Моңғолия Орталық мәдениет сарайындағы өнерпаздардың қатысуымен өткен «Домбыра сазы» концертіне жалғасып, Президент Элбэгдорж да көрермендер қатарында болды.
BAQ.kz