Облыс туралы жалпы мәліметтер

26 Наурыз 2013, 06:24

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961-92 жылы Целионград облысы болып аталды. Жерінің аумағы 121,7 мың км2. Тұрғыны 738 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2010 жыл). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 7 қала, 8 кент, 183 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталығы – Астана қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында, дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі – абсолюттік биіктігі 300–400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері – Сандықтау, Домбыралы т.б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар (100–500 м) тізбегінен тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақта-тастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивтік (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивтік жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Каңтардың орташа температурасы – 16–18ºС, шілдеде 19–21ºС. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130–140 күн, солтүстігінде 150–155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20–22 см. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Ірі өзендері: Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері: Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар т.б. Ірі тұзды көлдері: Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вячеславка (Есілде), Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі 180,6 млн. м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толыстыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70–74 млн. м3 Ертіс суы беріледі. Облыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған. Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б., өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көк терек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақ кіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), құйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б.; бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлелекеттік қорықтары бар. Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ақмола облысында Қарағанды мен Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін Батыс Сібір мен Қазақстан энергия жүйесі бойынша ірі 2 ЖЭС жұмыс істейді. Қара металлургия, тау-кен, химия, микробиол. өнеркәсібі, машина жасау мен металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, ағаш дайындау мен өңдеу, тамақ, жеңіл, фарфор-фаянс, керамика өнеркәсіптері дамыған. Ірі өнеркәсіп орындары: Астана, Степногор, Атбасар, Макин, Ақкөл қалаларында, Шортанды, Аршалы кенттерінде орналасқан. Облыстың жалпы ішкі өнімі 2010 жылы 577,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өнеркәсіптік өнім көлемі 179,9 млрд. теңгені, ауыл шаруашылығы өнімдері 108,9 млрд. теңгені құрады. Аумақтың жалпы ішкі өнімінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 33%-ды құраса, өнеркәсіп өнімдері 19%-ды құрады. Облыстағы жалпы ішкі өнім 2006 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 577,2 млрд. теңгеге жетті. Машина, құрал-жабдықтар жасаудан облыстың республикадағы үлесі 20%-дан астам. Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы саны 3621-ден (2006 ж.) 4535-ке дейін ұлғайды. Сондай-ақ құрылыс ұйымдары да өсіп, 187-ден 305-ке дейін жетті. 2006–2010 ж. аралығында жұмысшылар мен қызметкерлердің жылдық орташа жалақысы 2 есеге өсіп, 54,6 мың теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 9484 мың га, оның 5053 мың га-сы егістік, 3545 мың га-сы шабындық, 723,6 мың га-сы жайылым (2009 ж). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Ақмола облысында 321 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 648 жалпы білім беретін мектеп, 41 техникум және кәсіптік-техникалық оқу орны, 6 жоғары оқу орны, 50 аурухана, 174 емхана, 6 ғылыми-зерттеу мекемесі (Қазақстан астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Топырақ зерттеу институтының бөлімшесі, т.б.), қазақ, орыс драма театры, филармония, 6 мұражай бар. Облыс аумағындағы теміржолдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды –Астана – Павлодар, Тоқтыболат – Егіндікөл, Ерейментау – Айсары теміржолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар автомобиль жолдары өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс.

1939 жылы құрылған. 1961-92 жылы Целионград облысы болып аталды. Жерінің аумағы 121,7 мың км2. Тұрғыны 738 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2010 жыл). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 7 қала, 8 кент, 183 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталығы – Астана қаласы.

Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында, дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі – абсолюттік биіктігі 300–400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері – Сандықтау, Домбыралы т.б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр.

Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар (100–500 м) тізбегінен тұрады.

Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақта-тастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивтік (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивтік жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Каңтардың орташа температурасы – 16–18ºС, шілдеде 19–21ºС. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130–140 күн, солтүстігінде 150–155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20–22 см. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 400 мм, оңтүстігінде 250 мм.

Ірі өзендері: Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы.

Ірі тұщы көлдері: Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар т.б.

Ірі тұзды көлдері: Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вячеславка (Есілде), Сілеті бөгені бар.

Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі 180,6 млн. м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толыстыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70–74 млн. м3 Ертіс суы беріледі.

Облыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған. Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б., өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көк терек, түрлі бұталар өседі.

Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақ кіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), құйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б.; бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке мекендейді.

Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау,

Атбасар мемлелекеттік қорықтары бар.

Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ақмола облысында Қарағанды мен Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін Батыс Сібір мен Қазақстан энергия жүйесі бойынша ірі 2 ЖЭС жұмыс істейді. Қара металлургия, тау-кен, химия, микробиол. өнеркәсібі, машина жасау мен металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, ағаш дайындау мен өңдеу, тамақ, жеңіл, фарфор-фаянс, керамика өнеркәсіптері дамыған. Ірі өнеркәсіп орындары: Астана, Степногор, Атбасар, Макин, Ақкөл қалаларында, Шортанды, Аршалы кенттерінде орналасқан.

Облыстың жалпы ішкі өнімі 2010 жылы 577,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өнеркәсіптік өнім көлемі 179,9 млрд. теңгені, ауыл шаруашылығы өнімдері 108,9 млрд. теңгені құрады. Аумақтың жалпы ішкі өнімінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 33%-ды құраса, өнеркәсіп өнімдері 19%-ды құрады. Облыстағы жалпы ішкі өнім 2006 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 577,2 млрд. теңгеге жетті. Машина, құрал-жабдықтар жасаудан облыстың республикадағы үлесі 20%-дан астам. Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы саны 3621-ден (2006 ж.) 4535-ке дейін ұлғайды. Сондай-ақ құрылыс ұйымдары да өсіп, 187-ден 305-ке дейін жетті. 2006–2010 ж. аралығында жұмысшылар мен қызметкерлердің жылдық орташа жалақысы 2 есеге өсіп, 54,6 мың теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 9484 мың га, оның 5053 мың га-сы егістік, 3545 мың га-сы шабындық, 723,6 мың га-сы жайылым (2009 ж). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр.

Ақмола облысында 321 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 648 жалпы білім беретін мектеп, 41 техникум және кәсіптік-техникалық оқу орны, 6 жоғары оқу орны, 50 аурухана, 174 емхана, 6 ғылыми-зерттеу мекемесі (Қазақстан астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Топырақ зерттеу институтының бөлімшесі, т.б.), қазақ, орыс драма театры, филармония, 6 мұражай бар.

Облыс аумағындағы теміржолдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды –Астана – Павлодар, Тоқтыболат – Егіндікөл, Ерейментау – Айсары теміржолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар автомобиль жолдары өтеді.

Бөлісу: