Депутат

8 Қараша 2012, 12:01

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Депутат (лат. deputatus — жолданған) — жоғары және жергілікті өкілдік билік органдарының мүшесі. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары органы — Парламент палаталарына (Мәжіліс, Сенат), сондай-ақ, жергілікті өкілетті билік органдарына (мәслихаттар) Д. сайлау тәртібі, олардың құқылары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында, арнаулы заңдарда көрсетілген. Мәжіліс мүшелерін жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде, Сенат мүшелерін жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайлайды. Сенаттың сайланатын Д-тарының жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Кезекті сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталуына 2 ай қалғанда өткізіледі. 7 мүшесін республика Президентінің өзі тағайындайды. Сенат мүшесінің өкілеттік мерзімі — 6 жыл, ал Мәжіліс мүшесінің өкілеттік мерзімі — 5 жыл. Парламент Д-ы бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Д-тарды кезектен тыс сайлау Парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезден бастап 2 ай ішінде өткізілуге тиіс. Қазақстанның кемінде 5 жыл азаматы болған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және 5 жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, респ. маңызы бар қаланың және ел астанасының аумағында 3 жылдан аса уақыт тұрақты тұрған азамат Сенаттың, сондай-ақ, жасы 25-ке толған азамат Мәжілістің Д-ы бола алады. Д-тың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясына Парламент мүшесі ретінде тіркелген сәттен басталады. Олар Палаталардың бірлескен отырысында Қазақстан халқына адал қызмет ететіндігін, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайту жолында депутаттық мәртебелі міндетін абыроймен атқаратындығын салтанатты түрде жариялап, ант қабылдайды. Парламент мүшесі әлдебір аманаттық мандатқа тәуелді болмайды. Ол Парламенттің және оның өзі құрамына кіретін органдарының жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте Д-тың жеке өзі ғана дауыс береді әрі отырыстарда қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс иеленеді. Оның өзге өкілді органның мүшелігіне сайлануға, оқытушылық, ғыл. және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызмет түрлерін атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымның басшы органының не байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ережені бұзған жағдайда Д-тың өкілеттігі тоқтатылады. Өкілеттік мерзімі ішінде Д-ты тиісті Палатаның келісімінсіз тұтқынға алуға, күшпен әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімш. жазалау шараларын қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Бұл — депутатқа тиіспеушілік ережесі болып саналады, оның мән-жайы ҚР Конституциясында және Д-тардың статусын айқындайтын арнаулы заңдарда толық баяндалған. Д-тың өкілеттігі ол орнынан түскен, іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, Парламент таратылған жағдайда, сондай-ақ, Конституцияда көзделген өзге де реттерде тоқтатылады. Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енген, республикадан тысқары жерге біржола қоныс аударған кезде Д. мандатынан айырылады. С. Байменше Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Депутат (лат. deputatus — жолданған) — жоғары және жергілікті өкілдік билік органдарының мүшесі. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары органы — Парламент палаталарына (Мәжіліс, Сенат), сондай-ақ, жергілікті өкілетті билік органдарына (мәслихаттар) Д. сайлау тәртібі, олардың құқылары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында, арнаулы заңдарда көрсетілген. Мәжіліс мүшелерін жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде, Сенат мүшелерін жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайлайды. Сенаттың сайланатын Д-тарының жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Кезекті сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталуына 2 ай қалғанда өткізіледі. 7 мүшесін республика Президентінің өзі тағайындайды. Сенат мүшесінің өкілеттік мерзімі — 6 жыл, ал Мәжіліс мүшесінің өкілеттік мерзімі — 5 жыл. Парламент Д-ы бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Д-тарды кезектен тыс сайлау Парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезден бастап 2 ай ішінде өткізілуге тиіс. Қазақстанның кемінде 5 жыл азаматы болған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және 5 жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, респ. маңызы бар қаланың және ел астанасының аумағында 3 жылдан аса уақыт тұрақты тұрған азамат Сенаттың, сондай-ақ, жасы 25-ке толған азамат Мәжілістің Д-ы бола алады. Д-тың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясына Парламент мүшесі ретінде тіркелген сәттен басталады. Олар Палаталардың бірлескен отырысында Қазақстан халқына адал қызмет ететіндігін, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайту жолында депутаттық мәртебелі міндетін абыроймен атқаратындығын салтанатты түрде жариялап, ант қабылдайды. Парламент мүшесі әлдебір аманаттық мандатқа тәуелді болмайды. Ол Парламенттің және оның өзі құрамына кіретін органдарының жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте Д-тың жеке өзі ғана дауыс береді әрі отырыстарда қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс иеленеді. Оның өзге өкілді органның мүшелігіне сайлануға, оқытушылық, ғыл. және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызмет түрлерін атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымның басшы органының не байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ережені бұзған жағдайда Д-тың өкілеттігі тоқтатылады. Өкілеттік мерзімі ішінде Д-ты тиісті Палатаның келісімінсіз тұтқынға алуға, күшпен әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімш. жазалау шараларын қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Бұл — депутатқа тиіспеушілік ережесі болып саналады, оның мән-жайы ҚР Конституциясында және Д-тардың статусын айқындайтын арнаулы заңдарда толық баяндалған. Д-тың өкілеттігі ол орнынан түскен, іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, Парламент таратылған жағдайда, сондай-ақ, Конституцияда көзделген өзге де реттерде тоқтатылады. Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енген, республикадан тысқары жерге біржола қоныс аударған кезде Д. мандатынан айырылады.

С. Байменше

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу: