Сымақов пен Лорияның командасы жеңіске жетті (видео)

24 Наурыз 2013, 10:00

Футболдан Түркия чемпионаты бірінші лигасының 27 тур ойындары өтті. Қазақстан футболшылары Самат Сымақов пен Давид Лория ойнайтын «Ризеспор» командасы сырт алаңда көшбасшы »Кайсери Эрджиесспорды» ұтты. Ойындағы бір голды 12 минутта Цумали Биси салды. Оған әдемі пас шығарып берген біздің Сымақов. Ал Лория болса ойын бойы қақпасына гол өткізген жоқ. Осы жеңістің арқасында «Ризеспор» 48 ұпаймен екінші орынға шықты.»Кайсериден» үш ұпайға қалып келеді. Ойыннан кейін журналистерге сұхбат берген Сымақов: - Ойын өте қиын болды. Бірақ Лория екеумізге стадионда ілулі тұрған Қазақстанның туы күш берді. Бүгінгі ойынға біздің отандастарымыз келгені көрініп тұрды, – деді. http://www.alaman.kz

Футболдан Түркия чемпионаты бірінші лигасының 27 тур ойындары өтті. Қазақстан футболшылары Самат Сымақов пен Давид Лория ойнайтын «Ризеспор» командасы сырт алаңда көшбасшы »Кайсери Эрджиесспорды» ұтты.

Ойындағы бір голды 12 минутта Цумали Биси салды. Оған әдемі пас шығарып берген біздің Сымақов. Ал Лория болса ойын бойы қақпасына гол өткізген жоқ. Осы жеңістің арқасында «Ризеспор» 48 ұпаймен екінші орынға шықты.»Кайсериден» үш ұпайға қалып келеді.

Ойыннан кейін журналистерге сұхбат берген Сымақов:

- Ойын өте қиын болды. Бірақ Лория екеумізге стадионда ілулі тұрған Қазақстанның туы күш берді. Бүгінгі ойынға біздің отандастарымыз келгені көрініп тұрды, – деді.

http://www.alaman.kz

Бөлісу: