Азаматтарды Әскери-үйретілген резерв бағдарламасы бойынша ақылы негізде оқыту басталды

24 Наурыз 2013, 09:52

Қорғаныс министрлігі азаматтарды ақылы негізде әскери-үйретілген резервке дайындауды бастады, - деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дайындық Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектеп» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары филиалдарының базасында өткізіледі. «Аталған дайындық түрі дәстүрлі мерзімді қызметке өзіндік балама болмақ. Азаматтарды оқуға іріктеуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Екі кезең бойынша: наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айлары бойынша оқыту белгіленді», делінген хабарламада. 2013 жылы ақылы негізде барлығы 3000 азаматты оқыту жоспарланған. Бір ай оқыған мерзім ішінде азаматтар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырады. Ол үшін Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің полигондары мен тирлерінде жаттығудан өтіп, қару-жарақ, әскери техника және әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысатын болады. "Әскери үйретілген резервті төлеп оқыту-үйрету бағдарламасы бойынша 210 мың теңге қаржы белгіленген. Әскери істі үйреніп, Отан қорғауға әзір болуды қалайтын әскерге шақырылушылар аз емес, олар сонымен бірге атыс қаруынан атуды оқып үйренуге, оны қолдануды меңгеруге де ынталы», - деп атап көрсетіледі хабарламада. Қазақпарат

Қорғаныс министрлігі азаматтарды ақылы негізде әскери-үйретілген резервке дайындауды бастады, - деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дайындық Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектеп» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары филиалдарының базасында өткізіледі.
«Аталған дайындық түрі дәстүрлі мерзімді қызметке өзіндік балама болмақ. Азаматтарды оқуға іріктеуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Екі кезең бойынша: наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айлары бойынша оқыту белгіленді», делінген хабарламада.
2013 жылы ақылы негізде барлығы 3000 азаматты оқыту жоспарланған. Бір ай оқыған мерзім ішінде азаматтар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырады. Ол үшін Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің полигондары мен тирлерінде жаттығудан өтіп, қару-жарақ, әскери техника және әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысатын болады.
"Әскери үйретілген резервті төлеп оқыту-үйрету бағдарламасы бойынша 210 мың теңге қаржы белгіленген. Әскери істі үйреніп, Отан қорғауға әзір болуды қалайтын әскерге шақырылушылар аз емес, олар сонымен бірге атыс қаруынан атуды оқып үйренуге, оны қолдануды меңгеруге де ынталы», - деп атап көрсетіледі хабарламада.

Қазақпарат

Бөлісу: