Қытайда бұршақ мыңнан астам үйді қиратып, 838 мың адамға зардап тигізді

24 Наурыз 2013, 09:49

Қытайдың орталығы мен оңтүстігінде жауған бұршақ пен дауылды жел мыңнан астам үйді қиратты, тағы 138 мың тұрғын үй зақымданған. Азаматтық әкімшілік министрлігі хабарлағандай, соңғы күндері табиғи апаттан барлығы 838 мың адам зардап шеккен, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Табиғи апат болған аумақта 42 қала мен Чунцин муниципалдық білім беру уезі және Цзянси, Хубэй, Хунань, Гуйчжоу провинциялары қалған. Кем дегенде 150 мың адам жедел жәрдемге мұқтаж болып отыр.  Хунань провинциясының билігі бейсенбіден жұмаға қараған түні үш жергілікті тұрғын апаттан көз жұмғаны туралы ақпаратты растады. Бұдан бұрын сәрсенбі күні Гуандун провинциясында көлемі теннис добындай бұршақтан тоғыз адам көз жұмған еді. Зардап шеккен аудандарға келген экономикалық шығын 590 млн юанды (95 млн АҚШ доллары) құрайды. BNews.kz

Қытайдың орталығы мен оңтүстігінде жауған бұршақ пен дауылды жел мыңнан астам үйді қиратты, тағы 138 мың тұрғын үй зақымданған. Азаматтық әкімшілік министрлігі хабарлағандай, соңғы күндері табиғи апаттан барлығы 838 мың адам зардап шеккен, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Табиғи апат болған аумақта 42 қала мен Чунцин муниципалдық білім беру уезі және Цзянси, Хубэй, Хунань, Гуйчжоу провинциялары қалған. Кем дегенде 150 мың адам жедел жәрдемге мұқтаж болып отыр. 

Хунань провинциясының билігі бейсенбіден жұмаға қараған түні үш жергілікті тұрғын апаттан көз жұмғаны туралы ақпаратты растады. Бұдан бұрын сәрсенбі күні Гуандун провинциясында көлемі теннис добындай бұршақтан тоғыз адам көз жұмған еді. Зардап шеккен аудандарға келген экономикалық шығын 590 млн юанды (95 млн АҚШ доллары) құрайды.


BNews.kz

Бөлісу: