Көркемсурет көрмесі

8 Қараша 2012, 11:56

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Көркемсурет көрмесі – мәдени шара. К. к. шетелдік, ұлттық бейнелеу, сән және қол өнерінің туындыларын көпшілік назарына ұсынып, өнер саласының даму деңгейі, бағыт-бағдары жайлы мамандардың, өнертанушылар мен шеберлердің пікірлесуіне мүмкіндік береді. Ежелгі Египет, Грекия, Вавилон елдерінде, беріректе Францияда, Англияда көрмелер ұйымдастыру дәстүрі болып, кейін бүкіл Еуропаға тараған. Қазақстанда алғаш 1929 ж. Алматыда “Жетісу суретшілерінің көшпелі көркемсурет көрмесі” өтті. Ал 1931 жылғы “Социалистік құрылыс – суретшілердің бейнелеуі бойынша” деген тақырыппен Алматыда өткен көшпелі көрмеде А.В. Куприн, К.С. Петров-Водкин, В.А. Фаворский, А.А. Дейнеканың жаңа өмірдің жарқын көріністерін бейнелеген еңбектері елдің назарын ерекше аударды. Қазақстан суретшілер одағы 1933 ж. “Қазақстан суретшілері соц. құрылысты нығайту жолында” деген тақырыппен сурет көрмесін ұйымдастырды. Бұған Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылар Ә.Ысмайлов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар қатысты. 1934 жылдан бастап әр түрлі тақырыпта Орт. музей үйінде К. к. өткізіліп тұрды. 1934 ж. Алматыда өткен өнер шеберлері слеті қарсаңында ашылған көрмеге Ә.Қастеев “Мектепке”, “Көгілдір киімді қазақ қызы”, “Түрксіб” атты суреттерімен қатысты. 1935 ж. Орт. музейде ұйымдастырылған “Қазақстанда Совет өкіметінің орнауына 15 жыл” деген көрменің негізінде Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі Ә.Қастеев атынд. Қазақ Мемл. өнер музейі) негізі қаланды. 1939 ж. музей 200 еңбегін Алматы қ-ның жұртшылығына таныстырды. Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, О.Таңсықбаев шығармалары қазақ мәдени өмірінің жаңа мазмұнын, өміршең мәні мен ұлттық бояуын бейнеледі. 2-дүниежүз. соғыс жылдары республикаға келген танымал суретшілер Д.И. Митрохин (1883 – 1973), П.Н. Крылов, т.б. Алматы қ-нда соғыс тақырыбына бірнеше К. к-н өткізуге ат салысты. Л.П. Леонтьевтің “Майданға шығарып салу”, Б.Урманченің “Жеңіспен оралыңдар”, О.Д. Кужеленконың “Алматы соғыс жылдарында”, Р.В. Великанованың “Ескі және жаңа Алматы” туындылары дүниеге келді. 1948 ж. Алматыда КСРО Суретшілер одағы мен КСРО Көркемсурет қорының көшпелі көркемсурет дирекциясы кеңес кескіндемешілері мен суретшілерінің 200 шығармасынан тұратын көшпелі көрмесін өткізді. “Қазақстан суретшілерінің тақырыптық картиналары” деген атпен ұйымдастырылған көрмеге көркемсурет ин-ттарынан білім алған жаңа толқын (Қ.Т. Телжанов, М.С. Кенбаев, С.Ә. Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, А.Ғ. Ғалымбаева, т.б.) қатысып, ұлттық бейнелеу өнерінің болашағын танытты. Мерекелер мен съездер қарсаңында тақырыптық негіздегі К. к-н ұйымдастыру өрістеді. К. к. Е.М. Сидоркин, С.Айтбаев, М.Қисамединов, т.б. суретшілердің туындыларын насихаттады. Алматыда 70-жылдары Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы мен Қазақстан Мәдениет мин. көрме залының ашылуы және Қазақстан мемл. өнер музейі жаңа ғимаратының іске қосылуы – К. к-н ұйымдастыруға кең жол ашты. Осы арнаулы орындарда “Еңбек даңқы”, “Ел мен Жер”, т.б. заман талабына сай К. к-лері өтіп тұрды. Бұл көрмелерде еңбек тақырыбы, замандас бейнелері елеулі орын алды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі соңғы онжылдық ішінде бейнелеу өнер шеберлерінің әр түрлі байқаулары мен К. к-лері өткізілді. Кескіндемеші Ж.Әбдраманның жұмыстары респ. және шетелдік көрмелерге жыл сайын қойылып келеді. 2000 жылдан бастап “Сорос – Казахстан” қорының демеушілігімен ұйымдасқан қазіргі заманғы өнер орталығының көрмесі жыл сайын өткізіледі. К. к. мақсаты – елде сирек көрсетілетін, теор. және практик. зерттеулерді талап ететін бағыт-бағдарларды қолдау. 2000 ж. өткен “Коммуникация: өзара байланыс тәжірибелері” деп аталатын екінші көрмеге қазақстандық және Венгрия, Украина, Болгария, Ресей Федерациясы, т.б. елдер суретшілерінің 17 жұмысы ұсынылды. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Ә.Қастеев атынд. мемл. өнер музейінде “Жігер-2001” көрмесі өткізілді. Экспозицияға Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Тараз қ-ларынан келген 112 жас суретшінің 150 шығармасы қойылды. 2001 ж. музейде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі марқұм Балтабай Табылдиевтің 60 жылдық мерейтойына орай авторлық көрмесі ұйымдастырылды. 2002 ж. Қазақстан суретшілері мен кітап графиктерінің қоғамдық бірлестігі “Біз тағы да сіздермен біргеміз” деген тақырыпта көрме ұйымдастырған, көрмеге кітап безендіру саласындағы 58 суретшінің шығармасы қойылды. 2003 ж. Президенттің мәдениет орталығында бірлестік екінші рет көрме ұйымдастырды. Көрме Астана қ-ның тұрғындарын кітап безендіру саласындағы суретшілердің шығармаларымен таныстыру мақсатын көздеді. Мәскеу және Санкт-Петербург қ-ларында 2002 ж. өткен ТМД елдері бойынша шығарм. одақтардың есеп беру көрмесіне Қазақстан суретшілері живопись және мүсін өнері туындыларын қойды. Осы жылы Атырау қ. өнер мұражайында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі М.Табылдының М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған “Ереуіл атқа ер салмай” атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды. 2003 ж. Алматы кино үйінде А.Дүзелхановтың есеп беру көрмесі өткізілді. Ш. Байкенова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Көркемсурет көрмесі – мәдени шара. К. к. шетелдік, ұлттық бейнелеу, сән және қол өнерінің туындыларын көпшілік назарына ұсынып, өнер саласының даму деңгейі, бағыт-бағдары жайлы мамандардың, өнертанушылар мен шеберлердің пікірлесуіне мүмкіндік береді. Ежелгі Египет, Грекия, Вавилон елдерінде, беріректе Францияда, Англияда көрмелер ұйымдастыру дәстүрі болып, кейін бүкіл Еуропаға тараған. Қазақстанда алғаш 1929 ж. Алматыда “Жетісу суретшілерінің көшпелі көркемсурет көрмесі” өтті. Ал 1931 жылғы “Социалистік құрылыс – суретшілердің бейнелеуі бойынша” деген тақырыппен Алматыда өткен көшпелі көрмеде А.В. Куприн, К.С. Петров-Водкин, В.А. Фаворский, А.А. Дейнеканың жаңа өмірдің жарқын көріністерін бейнелеген еңбектері елдің назарын ерекше аударды. Қазақстан суретшілер одағы 1933 ж. “Қазақстан суретшілері соц. құрылысты нығайту жолында” деген тақырыппен сурет көрмесін ұйымдастырды. Бұған Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылар Ә.Ысмайлов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар қатысты. 1934 жылдан бастап әр түрлі тақырыпта Орт. музей үйінде К. к. өткізіліп тұрды. 1934 ж. Алматыда өткен өнер шеберлері слеті қарсаңында ашылған көрмеге Ә.Қастеев “Мектепке”, “Көгілдір киімді қазақ қызы”, “Түрксіб” атты суреттерімен қатысты. 1935 ж. Орт. музейде ұйымдастырылған “Қазақстанда Совет өкіметінің орнауына 15 жыл” деген көрменің негізінде Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі Ә.Қастеев атынд. Қазақ Мемл. өнер музейі) негізі қаланды. 1939 ж. музей 200 еңбегін Алматы қ-ның жұртшылығына таныстырды. Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, О.Таңсықбаев шығармалары қазақ мәдени өмірінің жаңа мазмұнын, өміршең мәні мен ұлттық бояуын бейнеледі. 2-дүниежүз. соғыс жылдары республикаға келген танымал суретшілер Д.И. Митрохин (1883 – 1973), П.Н. Крылов, т.б. Алматы қ-нда соғыс тақырыбына бірнеше К. к-н өткізуге ат салысты. Л.П. Леонтьевтің “Майданға шығарып салу”, Б.Урманченің “Жеңіспен оралыңдар”, О.Д. Кужеленконың “Алматы соғыс жылдарында”, Р.В. Великанованың “Ескі және жаңа Алматы” туындылары дүниеге келді. 1948 ж. Алматыда КСРО Суретшілер одағы мен КСРО Көркемсурет қорының көшпелі көркемсурет дирекциясы кеңес кескіндемешілері мен суретшілерінің 200 шығармасынан тұратын көшпелі көрмесін өткізді. “Қазақстан суретшілерінің тақырыптық картиналары” деген атпен ұйымдастырылған көрмеге көркемсурет ин-ттарынан білім алған жаңа толқын (Қ.Т. Телжанов, М.С. Кенбаев, С.Ә. Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, А.Ғ. Ғалымбаева, т.б.) қатысып, ұлттық бейнелеу өнерінің болашағын танытты. Мерекелер мен съездер қарсаңында тақырыптық негіздегі К. к-н ұйымдастыру өрістеді. К. к. Е.М. Сидоркин, С.Айтбаев, М.Қисамединов, т.б. суретшілердің туындыларын насихаттады. Алматыда 70-жылдары Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы мен Қазақстан Мәдениет мин. көрме залының ашылуы және Қазақстан мемл. өнер музейі жаңа ғимаратының іске қосылуы – К. к-н ұйымдастыруға кең жол ашты. Осы арнаулы орындарда “Еңбек даңқы”, “Ел мен Жер”, т.б. заман талабына сай К. к-лері өтіп тұрды. Бұл көрмелерде еңбек тақырыбы, замандас бейнелері елеулі орын алды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі соңғы онжылдық ішінде бейнелеу өнер шеберлерінің әр түрлі байқаулары мен К. к-лері өткізілді. Кескіндемеші Ж.Әбдраманның жұмыстары респ. және шетелдік көрмелерге жыл сайын қойылып келеді. 2000 жылдан бастап “Сорос – Казахстан” қорының демеушілігімен ұйымдасқан қазіргі заманғы өнер орталығының көрмесі жыл сайын өткізіледі. К. к. мақсаты – елде сирек көрсетілетін, теор. және практик. зерттеулерді талап ететін бағыт-бағдарларды қолдау. 2000 ж. өткен “Коммуникация: өзара байланыс тәжірибелері” деп аталатын екінші көрмеге қазақстандық және Венгрия, Украина, Болгария, Ресей Федерациясы, т.б. елдер суретшілерінің 17 жұмысы ұсынылды. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Ә.Қастеев атынд. мемл. өнер музейінде “Жігер-2001” көрмесі өткізілді. Экспозицияға Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Тараз қ-ларынан келген 112 жас суретшінің 150 шығармасы қойылды. 2001 ж. музейде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі марқұм Балтабай Табылдиевтің 60 жылдық мерейтойына орай авторлық көрмесі ұйымдастырылды. 2002 ж. Қазақстан суретшілері мен кітап графиктерінің қоғамдық бірлестігі “Біз тағы да сіздермен біргеміз” деген тақырыпта көрме ұйымдастырған, көрмеге кітап безендіру саласындағы 58 суретшінің шығармасы қойылды.

2003 ж. Президенттің мәдениет орталығында бірлестік екінші рет көрме ұйымдастырды. Көрме Астана қ-ның тұрғындарын кітап безендіру саласындағы суретшілердің шығармаларымен таныстыру мақсатын көздеді. Мәскеу және Санкт-Петербург қ-ларында 2002 ж. өткен ТМД елдері бойынша шығарм. одақтардың есеп беру көрмесіне Қазақстан суретшілері живопись және мүсін өнері туындыларын қойды. Осы жылы Атырау қ. өнер мұражайында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі М.Табылдының М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған “Ереуіл атқа ер салмай” атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды.

2003 ж. Алматы кино үйінде А.Дүзелхановтың есеп беру көрмесі өткізілді.

Ш. Байкенова

 

Бөлісу: